Погода в Каркаралинске: -4°C
Обратная связь Карта сайта WAP Для слабовидящих
home
Ваше мнение о качестве представленных государственных услуг? Ответить
ГлавнаяУправление Аппарат акима Распределение обязанностей

Распределение обязанностей

Карқаралы ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының және аудан әкімі аппараты  басшысының арасындағы міндеттерді бөлісу Қарқаралы ауданының әкімі Мақсұтов Қ.М.


Әкімдік қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты. Қарағанды облысы әкімдігімен, басқа да органдармен, үйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста аудан мүддесін үстанады. Қарағанды облысы әкіміне тиісті түлғаларды мемлекеттік наградалармен марапаттау, қүрметті және өзге де атақтар беру туралы ұсыныс енгізеді.  Қала, кент, селолық округ әкімдерінің жұмысын ұйлестіреді. Аудандық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтык бірліктің басқару сызбасын ұсынады. Бюджеттік, шағын және орта бизнесті дамыту, даму бағдарламаларын іске асыруды бақылау, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссияларды басқарады. Өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері бойынша заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Қарқаралы ауданы аумағында орналасқан кен орындарын және мемлекеттік меншіктің басқа да нысандарын жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарымен тең дәрежеде контрактілерге қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жасауға қатысады. Құқық қорғау, күш органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес жөніңдегі бағдарламаларының жұмысын үйлестіруді іске асырады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты камтамасыз етеді. Мына түлғаларды: аудан экімінің орынбасарларын, аудан экімі аппаратының басшысын, қала, кент, селолық округ әкімдерін және аудан әкімі аппаратының кұ-рылымдық бөлімшелерінің басшыларын мен мамандарын, аудандық бюджеттен каржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және одан босатады.
 

Аудан әкімінің өнеркәсіп, құрылыс, қаржы - экономикалық , турғын - үй коммуналдық шаруашылық және көлік мәселелері жөніндегі орынбасары      Садуакасов М.Т.


Аудан әкімі болмаған кезде оның өкілеттіктерін жүзеге асырады.
Экономиканың өнеркәсіп секторын дамыту, кредиторлык қарызды төмендету, инфракұрылым құрылысы, автомобиль жолдарын, елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеу және қалпына келтіру бағдарламаларын жүзеге асыруға жауапты болып табылады.
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты дамытуға бақылау жасауды жүзеге асырады. Аудандағы нақты экономикалық сектордағы кәсіпорындардың, шағын және орта бизнес саласының жұмысын ұйымдастыруды басқарады. Тұрғын үй-коммуналдық салада реформаларды жүргізуді, түрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, құрылыс, жобалау, сәулет, өндіріс, ауыз су мәселесін қадағалайды. Су шаруашылығы мақсатындағы, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым нысандарына құрылыс жэне қайта жаңғырту жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді. Бюджеттің орындалуына, мемлекеттік сатып алуларға бақылау жасауды жүзеге асырады. Бюджет қаржыларын мақсатты, тиімді жэне дер кезінде игеруге жауапкершілік алады. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады. Баға және тариф саясатын қалыптастыруға, заңсыз бәсекелестік пен монополиялық қызмет фактілеріне тыйым салуға қатысады. Ауданның инвестициялық климатын жақсартуға жағдай жасайды. Инвестициялық жобаларды әзірлеп, оларды даму институттары арқылы қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік және аймақтык инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысады, импорт алмастыру және экономикасы құлдыраған аймақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді. Инвестжобаларды келісуге, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салалары бойынша бюджеттік қаржыны мақсатты, тиімді және дер кезінде игеруге жауапкершілік алады.
Аудан әкімі аппаратының қызметін жоспарлау бойынша жұмысты аудан әкімінің орынбасарларымен бірге үйлестіреді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, өнеркәсіп және аймақтык саясатын әзірлеу мен жүзеге асырудың әдістемелік жэне ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады. Мемлекеттік және коммуналдық меншікті басқару мәселелеріне жетекшілік етеді. Бюджеттік ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы және салық тәртібі деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді. Заңды түлғалардың шаруашылық регистрін ретке келтіру жұмысына басшылық жасап, таратылған кәсіпорындарды регистрден алу, экономиканың накты секторының субьектілері арасында салық тәртібін арттыру жұмысын ұйымдастырады.
Жер қойнауын пайдалану жэне қорғау мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді. Инфляцияға қарсы шаралар жөніндегі жұмыс тобының басшысы болып табылады. Жолаушы және жүк тасымалдау, құрылыс мекемелері, теміржол станциясы, отын базасы, газ, жол жөндеу, үлттық табиғат паркі, жоғарғы кернеулі жүйе, телекоммуникация, коммуналдық шаруашылық мекемелерінің, экология комитеті жұмысын ұйымдастыру. Аудан бойынша ішкі істер бөлімінің жұмысына басшылық жасайды. Аудандық қаржы саласындағы мекемелердің жұмысын ұйымдастырады (қаржы бөлімі, салық комитеті, қазынашылық бөлімі, II дэрежедегі банктер). Ауданның елді мекендерін нормативтерге сәйкес қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады. Аймақтағы сұраныстарға сәйкес электр, жылу энергиясымен қамтамасыз етудің тепе теңдігіне жауап береді. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға басшылықты жүзеге асырады, жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи аппаттардың алдын -алу жэне жоюды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың:

1.    экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің

2.    қаржы бөлімінің

3.    кәсіпкерлік бөлімінің

4.    құрылыс бөлімінің

5.    сәулет және қала құрылысы бөлімінің

6.    тұргын   үй   коммуналдық   шаруашылығы,   жолаушылар   көлігі  және автомобиль жолдары бөлімінің

Облыстық мекемелердің аумақтық бөлімшелерінің:

1.    аудан бойынша салық басқармасы

2.    мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аудандық бөлімшесі

3.    қазынашылық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

4.    автомобиль жолдары бөлігінде жол жөндеу мекемелері

5.    мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің

6.    ішкі істер бөлімінің жұмыстарын үйлестіреді.

 

Аудан әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары Әлиұлы С.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жене жүзеге асыруга жауап береді. Аймақтык деңгейде мемлекетік ақпараттық саясатты іске асырады, мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде аймақтык бұқаралық ақпарат қү-ралдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен өнер, жастар саясаты, дене тәрбиесі, туризм және спорт салаларындағы мемлекеттік жэне мемлекеттік емес секторлардың, қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Түрғын халықты жұмыспен қамту жэне әлеуметтік қорғау, көші-қон жэне демографиялык саясат, зейнетақымен қамтамасыз ету меселелерін шешеді. Әлеуметтік әріптестік бойынша аудандық үшжақты комиссияның, аудан әкімі жанындағы әлеуметтік, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялык саясат, кәмелетке толмағандар істері, ономастика, АҚПҚ (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) - ЖҚТБ (жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі) індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі, туберкулез және басқада инфекциялық аурулармен күрес жөніндегі үйлестіру, аудан халқының денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңестері, ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша аудандық штаб, мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі аудандық комиссиялардың, індетке қарсы төтенше комиссияның, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, кылмыстық жазалауды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне колғабыс көрсету жөніндегі комиссиялардың мәселелерін шешеді. Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, құқықтык жаппай оқу, қылмыстык жазалауды атқаратын мекемелердің, діни бірлестіктермен байланыс бөлігіндегі құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыруды үйлестіреді.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ішкі саясат, туризм, дене тәрбиесі және спорт салаларындағы аймақтық бағдарламаларды іске асыруға жауапты болып табылады. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және өнер, әлеуметтік салаларының басым бағыттарын орындау бойынша сәйкес кезеңге арналған инвестжобаларды келісуге, бюджет каржыларын мақсатты, тиімді және уақытында игеру бойынша жауапкершілік алады. «Электронды әкімдік» жұмысын өз құзыреті шегінде ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. ¥лттық тіл мен мэдениетті дамыту және басқа ұлт өкілдерінің әлеуметтік, экономикалық, рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.
Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау жұмыстарын ұйымдастырады.
Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту, тілдердің қолданылуы мен дамытылуы жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға жауапты болып табылады.
Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерінің, уақытында және толық төленуін қамтамасыз етеді.
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың:

1.    білім бөлімі

2.    мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

3.    спорт жэне дене шынықтыру бөлімі

4.    жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

5.    ішкі саясат бөлімі

Облыстық мекемелердің органдардың аумақтық бөлімшелерінің:

1.    аудандық медицина бірлестігі

2.    аудандық мұрағат бөлімшесі

3.    аудандық мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақылар төлеу орталығы

4.    аудандық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау бөлімшесінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

5.    Тарихи өлкетану мүражайы, аудандық «Қазпошта» мекемесінің және мемлекеттік емес ұйымдармен қоғамдық үйымдардың жүмыстарын үйлестіреді.


 

Аудан әкімінің ауылшаруашылығы саласы жөніндегі орынбасары Токмурзин Б.М.



Агроазықтүлік, селолык аумақтарды дамыту, шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға жауапты.
Тиісті кезеңге сәйкес даму басымдықтарына сай инвестжобаларды келісуге, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салалар бойынша бюджеттік қаржыны мақсатты, тиімді және дер кезінде игеруге жауапкершілік алады. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын және олардың іске асырылуын бақылауды есепке ала отырып ауыл шаруашылығын дамытудың аймақтык бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастырады, экономикасы құлдыраған селолык аймақтарды дамыту жөніндегі жүмысты, жер қатынастарын үйлестіреді.
Даму перспективаларына, азық-түлік ресурстарының жинақталуына және ұтымды пайдаланылуына, тамақ, қайта ұқсату өнеркәсібі және сауда кәсіпорындарының жұмысына бақылау жасауды ұйымдастырады.
Жетекшілік жасайтын салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды.
Ауданның мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары өкілдерінің облыстық деңгейдегі әралуан іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді. Атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің аграрлық өндірісті, селодағы тіршілік деңгейін тұрақтандыру және өсіру жөніндегі жұ-мысын, аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қор жұмысын үйлестіреді.
Аграрлык секторда жануарлар мен өсімдіктерді ерекше қауіпті зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Ауылшаруашылық жануараларын бірдейлендіру жұмыстарын үйлестіреді. Екінші деңгейдегі банктерде кредиттер бөлу, жанар-жағар материалдармен, тұқымдармен жеңілдікпен камтамасыз ету жолымен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік колдау тетігін жетілдіреді.
Облыстың АӨК дамыту мәселесі бойынша орталық атқарушы органдармен байланыс жасауды жүзеге асырады.
Жетекшілік жасайтын салаларда облыстың басқа аймақтарымен сауда-экономикалық байланыстарын дамытады. Астықты сақтау бойынша жұмысты лицензиялау Ережесінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылық құрылымдарын ірілендіру, топтастыру жұмыстарына бақылау жасайды. Аудан бойынша жер қатынастары туралы мәселелерді шешеді. Ауылшаруашылық даму бағдарламаларының орындалысына бақылау жасап, ауылшаруашылығын дамыту саласына жаңа ұсыныстар беріп отырады.
Азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аудан бойынша ауылшаруашылық құрылымдарымен астық және азық - түлік қорын жасақтауға жұмыс жасайды. Ауылшаруашылық бөлімі, аумақтық ауылшаруашылық инспекциясының, жер қатынастары бөлімі, фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы, аудандық статистика бөлімі, ауылдық несиелік серіктестік, «Казагромаркетинг» АҚ аудандық бөлімшесі, ауылдық тұтыну кооперативтерінің және аудандағы шаруа қожалықтар жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жасайды.
Аудандағы егін шаруашылығын, техника және жанар-жағар маймен қамтамасыз ету жұмыстарын бақылайды. Селолық округ әкімдерімен бірлесе отырып, егіс көлемін ұлғайтуға, мал басын көбейтуге, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын арттыруға, оны өндіруді және жергілікті жерде ұқсатуды, сатуға ықпал етеді. Бағытталған науқандық жұмыстарды өткізуді үйлестіріп, ұйымдастырып, бақылау -басшылық жұмыстарын жүргізеді. Өндіріске жаңа технология, жаңа техникалар енгізуге жұмыс жасап, оны басқарудың жаңа әдістерін жасайды. Әлеуметтік әріптестік бойынша облыстық ұштарапты комиссияға басшылықты жүзеге асырады.
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың:

1.    ауылшаруашылығы бөлімі

2.    жер қатынастары бөлімі

Облыстық мекемелердің аумақтық бөлімшелері:

1.    аумақтық инспекциясы

2.    фитосанитария және әдістемелік бөлімдерінің жұмыстарын үйлестіреді.

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы Ильдебаев Н.А. 



Аудан әкімі аппаратының, әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады. Аудан әкімі аппаратының жұмысын үйлестіріп, бағыт беріп бақылайды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын уакытында орындауды қамтамасыз етеді. Ауданды басқару сызбасын, аудан әкімі аппаратының штаттық құрылымын, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын дербес бөлімдердің штаттық құрылымын жасақтайды. Сандық құрамның бекітілген лимиттері сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес қызметшілерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Аудан әкімінің аппаратын штат кестесіне сәйкес талап етілетін кәсібі, біліктілігі және мамандығы бар мемлекеттік қызметшілердің қажетті санымен уақытында жасақтауды камтамасыз етеді. Дербес құрамды пайдалану процесін талдайды, оңтайландыру, кәсіби шеберлікті және кадрларды пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, олардың іске асырылуына бақылау жасайды. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жөніндегі жұмысты үйымдастырады.
Кадрлар даярлау, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларын, қала, кент, селолық округ әкімдерін алмастыру жөнінде ұсыныстар енгізу жүйесін әзірлейді және іске асырады.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауына бақылау жүргізеді. Бөлімдердің жұмысымен байланысты құжаттарды дайындауды, іс жүргізудің жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Аудандық мемлекеттік органдарының кадр саясатын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер резервін жасақтау жөніндегі қызметін үйлестіреді. Аудан әкімдігінің, аудан әкімінің актілерін дайындау және олардың орындалуын    үйымдастыру,     мемлекеттік    және     орындаушылық  тәртібін қамтамасыз    ету    бөлігінде    жергілікті    атқарушы    органдардың    қызметін үйлестіреді. Жетекшілік жасайтын органдарда бюджет қаржысын мақсатты, тиімді және уақытында игеруге жауапкершілік алады.
Аудан әкімдігінің қала, кент, селолық округ әкімдерімен жұмысынын өзара әрекетін, аудан әкімдігі мен әкімінің облыс әкімдігімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. «Электронды әкімдікті» құруды өз құзыреті шегінде ұйлестіреді және қамтамасыз етеді. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Әкімдік басшылығының келесі өзара алмасушылығы белгіленеді:

Мақсұтов Қ.М.                         -   Садуакасов М.Т.
Садуакасов М.Т..                    -   Токмурзин Б.М.
Токмурзин Б.М.                        -   Садуакасов М.Т
Әлиұлы С.                                   -   Ильдебаев Н.А.
Ильдебаев Н.А.                            -   Әлиұлы С.

 


Дата размещения: 19 Марта 2014 14:45 Дата редактирования: 19 Апреля 2019 16:56

Лента новостей

© 2013 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»