Погода в Каркаралинске: -4°C
Обратная связь Карта сайта WAP Для слабовидящих
home
Ваше мнение о качестве представленных государственных услуг? Ответить
ГлавнаяС дипломом в село

С дипломом в село

 Өнеге жолында

    Биыл Егінді-бұлақтағы екі орта мектепке жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар көптеп келді. Солардың бірі селодағы №5 орта мектепке ағылшын тілі мұғалімі болып орналасқан Индира Айтқалиқызы Фазылова. Индираның құрбыларына қарағанда бір ерекшелігі оның осынау мәртебелі мамандықты ерте таңдап еңбек жолын бастағаны. Яғни оны тәжірибелі жас маман деу әбден орынды. Анықтап айтсақ, Индираның туып-өскен жері өзіміздің Мәди ауылы екен. Арман қуған жас орта мектепті Қарағанды қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №7 мектеп-интернатында оқып 9-сыныптан кейін Саран гуманитарлық-техникалық колледжіне түседі. Оны ағылшын тілі мамандығы бойынша оқып бітіргеннен соң туған ауылына оралып сондағы орта мектепке өзінің ұстаздық еңбек жолын бастайды. 4 жылдан кейін өзінің білімін жетілдіру мақсатымен облыс орталығына барып сондағы “Лингва” тілдерді жетілдіру университетіне түседі. Мұндағы үш жылдан соң білікті маман ретінде қаладағы Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп гимназиясына орналасып еңбек жолын қайта жалғайды. Бір жылдан аса уақыт өткенде өмірдің талабымен Егіндібұлаққа келеді. 
- Мұнда келгеніме еш өкінбеймін, - дейді Индира бізбен әңгімесінде. Жолдау мен таңдаудың реті бір жерден шыққандығы бар және бала оқытудың қыр-сыры барлық жерде бірдей. Оның үстіне мен таңдаған пән қазіргі кезде балаларға, жалпы баршаға өте қажет деп білемін. Жұмыстың барлық саласына ағылшын тілі кіргізіліп жатыр, алыс-жақынмен хабар алысу, білімді жетілдіру де осы тілмен сабақтас. Сондықтан оны біліп шыққан оқушының болашағы үлкен үміт күттірмек. Ана тілімізді білу, құрметтеу, өзге ұлтқа насихаттау парызымыз. Сөйте тұра шет тілдерін жетік меңгерсек, ол біздің өсу деңгейімізді, білім дәрежемізді бірден байқатады. Сондықтан да мен осы пәнді таңдадым және алдыма келген барлық оқушымды шама жеткенінше оқытып білімді азамат етуге бар күш-жігерімді жұмсаймын деген ойдамын. 
Жас маманның жалынды жігеріне ризашылық білдіре отырып еңбегіне жеміс, өнеге жолына табыс тілеуді өзіміздің міндетіміз деп білдік.

Д.Жүнісбекұлы. 
Егіндібұлақ.

 

 

ЖАС МАМАНДАР АУЫЛДА

Еліміздің кемел келешегін талантты шәкірт, білімді маман, білікті басшысыз елестету мүмкін емес.  Сабырлы қалып, байыпты қадаммен алға қарыштаған жас та болса үлкен белестерден көрініп, толағай табыстарға қол жеткізген республикамыздың экономикасы мен, халқының әлеуметтік жағдайының өрлеуіне де басты себеп, саналы маманның сапалы еңбегінің нәтижесі. Осы орайда, әсіресе халқының басым көпшілігі ауылды жерлерде тұратын тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында,  ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді-мекендердегі жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес біздің ауданда да іргелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, ауылды жерге өз еркімен қызмет жасауға келген әрбір маманға әлеуметтік жағдайын көтеру үшін бастапқыда 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап, 70 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 90720 мың теңге біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 0,01 пайызбен 15 жылға бюджеттік несие беріледі. Жалпы құны ең төменгі есептік көрсеткіштің 630 рет еселенген сома көлемінде, тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау ретінде берілмек, сонымен қатар, ауылдық елді мекендерде орналасқан республикалық бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік сала ұйымдарының қызметкерлеріне 25 пайыздан кем емес көтеріңкі лауазымдық айлық ақы тағайындау қарастырылған. Алайда, осы әлеуметтік қолдауларды пайдаланған әрбір маманның өзінің жауапкершілігі де болуы қажет. Атап айтқанда, қызметке орналасқан маманның сол жерде 5 жылдан кем емес мерзімде еңбек етуі осы жеңілдіктердің басты алғы шарты болып табылады. Осы мемлекеттік қолдау көмегін пайдалану үшін аудан әкімі Н.Омархановтың 2009 жылдың 5 мамырдағы N138-ші қаулысына сәйкес, «Аудан бойынша ауылдық елді-мекендердегі жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөнінде» комиссия құрылған. Осы комиссияның жұмыс органы «Қарқаралы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесі. Осы аталған мекемеге ауылға келген мамандар өтініш, жеке басын куәландыратын құжатының, жаңа жұмыс орынан кадр бөлімі қызметі растаған еңбек кітапшасының, азаматтық тіркеу кітабының, дипломның, салық төлеуші ретінде тіркелген куәліктің, жеке басының әлеуметтік коды жөніндегі куәліктің көшірмелерін тапсыруы қажет. Бүгінгі күні аудан бойынша 84 маманға республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттер 7753,0 мың теңге бөлінсе, оның ішінде 70 маман құжаттарын тапсырып, 58 маманға 5261,8 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді. Әлі де құжаттар қабылдау жалғасуда. Барлық сұрақтар бойынша аудан әкімшілігі ғимаратында орналасқан N13 кабинеттен ақпарат алуға немесе 31257 номеріне хабарласуларыңызға болады.

Республика бойынша өткізіліп жатқан «Дипломмен ауылға» акциясы жас мамандардың әлеуметтік жағдайының көтерілуіндегі алғашқы баспалдағы іспеттес. 
Қарқаралы ауданының экономика және  бюджеттік жоспарлау бөлімі. 

 


Дата размещения: 20 Марта 2014 14:13 Дата редактирования: 19 Октября 2017 11:12

Лента новостей

© 2013 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»