Защити свой бизнес от незаконных проверок

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ АРТУДА!

 

Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды тоқтату, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Еліміздің бас прокуратурасы енгізген «Qamqor» бизнесті қорғау мобильді қосымшасы арқылы әрбір кәсіпкер мемлекеттік комиссияның қай кезде келіп тексеретінін қадағалап отыра алады.

Қажетті мәліметтерге қол жеткізу үшін қосымшаны смартфоныңызға көшіріп, орнату қажет (Android үшін Play Market арқылы және Ios үшін AppStore бойынша). Сосын  тіркелу қажет. Содан кейін ғана әрбір кәсіпкер тексеруге бара жатқан  комиссия туралы, құрамындағы адамдардың аты-жөні мен  қызметін біле алады. Сонымен қатар, тексерістің қанша уақытқа созылатыны жайлы мәлімет ала алады.  Егер  мобильді қосымшадағы ақпараттармен  мемлекеттік қызметкердің мәліметтері сәйкес келмеген жағдайда тексеріс заңсыз болып есептеледі. Бұндай жағдайда әрбір азамат  прокуратураға шағымдана алады. 

Бұндай шара заңсыз тексерістің алдын алу мақсатында қолға алынып отыр.

 

 

Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі


Дата cоздания: 16 Апреля 2018 17:51
Дата редактирования: 31 Октября 2018 11:16
Эльдар Серикович Дюсетаев Аким Каркаралинского Района Выступления Официальный сайт Президента РК

Погода1

Каркаралинск, Казахстан

-6°C пасмурно, Влажность 87%, Давление 719, ветер 2 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 383.95
EUR/KZT 429.26
RUB/KZT 6.16
Анонсы Архив