Погода в Каркаралинске: -4°C
Обратная связь Карта сайта WAP Для слабовидящих
home
Ваше мнение о качестве представленных государственных услуг? Ответить
ГлавнаяО районе Справочная информация о регионе ГУ Отдел внутренней политики Каркаралинского района Информация о текущем состоянии

Информация о текущем состоянии

Ақпараттық-насихат жұмысы – мемлекеттік саясаттың түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында билік органдарының халықпен жұмыс жүргізу формасының бірі.
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндірме топтары (әрі қарай - АТТ) еліміздегі үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға және нығайтуға, халықтың діни сауатын арттыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірме және түсіндіру жұмыстарын іске асыру тәсілінің бірі болып табылады.
АТТ қызметі, сондай-ақ, дін саласындағы мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыруға және  қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Қарқаралы ауданының ақпараттық түсіндірме тобы 11 адамнан құралған Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған аудандық топ 2016 жылдың 6 айында 50-ден астам кездесу өткізіп, жалпы 4080 адам қамтылды.(оның ішінде мекенжайлық кездесулермен облыстық дін басқармасының өкілдерінің қатысуымен өткен кездесулер). Осы кездесулерге елімізде танымал теологтар мен дінтанушылар қатысты.
Бүгінгі күні ауданымызда 22 мешіт қызмет жасауда, барлығы да Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқарамасының тіркеуінен өтіп, жұмыстарын атқаруда.
(Угар, Қаракөл ауылдарында мешіт жоқ.
Тегісшілдік, Мамраев, Бақты, Ынталы, Балқантау Темірші,Қайнарбұлақ ауылдық округтерінде имамдары жоқ)

Ақпараттық-түсіндірме топтарының қызметінде мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін бағамдай отырып, іске асырылып отырған идеологиялық жұмыстың формалары мен әдістерін жетілдіру мен жаңарту маңызды орын алады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қолданбалы мақсатта АТТ жұмысының ең пәрменді формалары мыналар:

  • алдын алу және сақтандыру сипатындағы ақпараттық материалдарды тарату (буклеттер, брошюралар және т.б.);
  • қоғамдық-саяси, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысу;

         Биылғы жылы 120 брошюра және 200 буклет дайындалып, ақпараттық кездесулерде таратылды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2016 жылға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға аудандық бюджеттен 500 000 теңге қаражат бөлінген болатын. Қазіргі уақытта аталмыш әлеуметтік тапсырыстың конкурсы жарияланып оның нәтижесі күтілуде. Ендігі кезекте женімпаз болып анықталатын ұйыммен келісім-шартқа отыру және екінші жартыжылдыққа әзірленген жоспарды жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Дата размещения: 17 Августа 2016 11:02 Дата редактирования: 19 Апреля 2019 17:17

Лента новостей

© 2013 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»