ГлавнаяСайлау Қарағанды облысы сайлау комиссиясының2017 жылғы 28 тамыздағы №16 шешімі

Қарағанды облысы сайлау комиссиясының2017 жылғы 28 тамыздағы №16 шешімі

Қарағанды облысы, Каркаралы, Нұра, Осакаров аудандарының мәслихатынан  шығып қалған депутаттар орнына депутаттар сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Конституциялық заңының 101, 113 баптарына сәйкес, облыстық сайлау комиссиясы төмендегідей шешім қабылдады: 1. 2017 жылдың 29 қазан күні шығып қалған депутаттар орнына депутаттар сайлауы тағайындалсын:
- Қарағанды облысы мәслихатына №12 индустриалдық сайлау округі бойынша, №29 Театралдық сайлау округі, №41 Ақсу-Аюлы сайлау округі бойынша;
- Қарқаралы ауданының мәслихатына №2 Әубәкіров сайлау округі бойынша, №10 Нүркен сайлау округі бойынша;
- Нұра ауданының мәслихатына №1 Киевка сайлау округі бойынша;
- Осакаров аудандық мәслихатына №5 Октябрь сайлау округі бойынша және №6 Звездный сайлау округі бойынша.
2. Қарағанды облысы, Каркаралы, Нұра, Осакаров аудандарының мәслихатынан шығып қалған депутаттар орнына депутаттар сайлауының Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Мәслихаттар депутаттығына үміткерлерді ұсыну 2017 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 29 қыркүйек күні аяқталады.
4. Мәслихаттар депутаттығына үміткерлерді тіркеу 2017 жылдың 9 қыркүйегінде басталып, 3 қазан күні аяқталады.
5. Сәйкес территориалдық сайлау комиссияларына Күнтізбелік жоспары жіберілсін.
6. Қалалық, аймақтық сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Конституциялық заңына және шығып қалған депутаттар орнына депутаттар сайлауының Күнтізбелік жоспарына сәйкес қатаң түрде жүргізілсін.
Е.Аймағамбетов,
облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
Н.Баталова,
облыстық сайлау комиссиясының хатшысы.


Дата размещения: 19 Қазан 2017 17:42 Дата редактирования: 18 Тамыз 2019 09:37
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

24°C малооблачно, Влажность 37%, Давление 716, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.82
EUR/KZT 428.67
RUB/KZT 5.86
Хабарландырулар Мұрағат