ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету «Электрондық Үкімет» порталының мүмкіндіктері

«Электрондық Үкімет» порталының мүмкіндіктері

Е-gov - бұл мемлекеттік қызметтерді онлайн түрінде пайдалануға арналған портал. «Электрондық Үкімет» термині барлық мемлекеттік органдардың басын біріктіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді.
        Елімізде электронды үкімет құру идеясын мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына еңгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында білдірген болатын. Қарапайым халықтың алтын уақытын үнемдеуде  электронды қызмет түрлерінің тиімділігі орасан зор.
        Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады.
Электрондық үкіметтің көмегімен Сіз:
     - мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу т.б.;
     - коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: теміржол немесе әуебилеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т.б.;
     - өтініш беру және лицензия алу;
     - бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т.б.;
     - мемлекеттік органдардың басшыларына блогтары арқылы тікелей хабарласу;
     - мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу;
     - электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімдеу;
     -  кез келген мемлекеттік органнан ҚР заңнамасын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының түсіндірмесі, қайсыбір жағдайда лауазымды тұлғаның әрекеттерінің заңдылығы және т.б сұрақтар бойынша On-line кеңес алу:.
  Бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталында әділет, білім, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері, сонымен қатар Жоғарғы сот пен Салық комитетінің қызметтері көрсетіледі.
Электрондық Үкіметтің call–орталығының телефондары арқылы сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз: 8-800-080-7777, 1414.
Пайдалы сілтемелер:
www.e.gov.kz – «Электрондық үкімет» порталы.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «электрондық үкімет», «электрондық үкімет порталы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

 


        Аудан әкімінің аппараты


 


Дата размещения: 14 Маусым 2017 14:48 Дата редактирования: 19 Маусым 2019 17:36
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

21°C облачно, Влажность 37%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 383.69
EUR/KZT 429.08
RUB/KZT 5.97
Хабарландырулар Мұрағат