ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2016 жылда атқарылған жұмыстар туралы есебі.

Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2016 жылда атқарылған жұмыстар туралы есебі.

Қазақстан Республикасының 2013 жылдағы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» Занының 8 бабының 8 тармақшасын орындау мақсатында, Қарқаралы аудан әкімі аппараты аудандағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2016 жылда атқарылған жұмыстардың жиынтық есебін ұсынады.
Ұсынылған 2016 жылдың жиынтық есебі ашықтық, айқындық қағидаттарын сақтап, Қарқаралы ауданыңдағы жергілікті атқарушы органдардың жоғарғы тұрған мемлекеттік органдарға есеп беру әрекеттерімен және мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін жетілдіру мақсатында жасалған.
Қарқаралы ауданында жеке және занды тұлғаларға жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметінің 73 түрлерін көрсетуде.

  • «Қарқаралы ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі -21 қызмет;
  • «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі -18 қызмет;
  •  Аудан әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі- 9 қызмет;
  • «Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 8 қызмет;
  • «Қарқаралы ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 6 қызмет;
  • «Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 қызмет;
  • «Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 қызмет;
  • «Қарқаралы ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 2 қызмет;
  • «Қарқаралы ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 қызмет;
  •  «Ветеринариялық станция» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын – 2 қызмет

Қарқаралы ауданындағы қала, кент, ауылдық округтарының әкімі аппараттары – 4 қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі есепті ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсетудің 2016 жылдағы статистикалық есеп бойынша жергілікті атқаруші органдар жалпы Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны  -74823.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы 2016 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны- 4811 болды.
Барынша талап етіліп көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ауданның жергілікті атқарушы органдары арқылы Мемлекеттік корпорация "Азаматтарға арналған Үкімет" сияқты қызметтер:  Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру-2703 қызмет; Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу –577 қызмет; Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру - 731 қызмет.
Көрсетілетін 73 мемлекеттік қызметтердің ішінде, аудан бойынша 68 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2016 жылдың 12 айында мемлекеттік органдарда, қағаз түрінде  - 68769 қызмет көрсетілді.
Көрсетілген есептік кезеңде электрондық түрде 1243 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтерді бекітілген стандарттар мен регламенттер бойынша көрсетеді.
Жеке және занды тұлғаларға барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер, олар : Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу - 46121 қызмет; Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру - 1803 қызмет, Ветеринариялық анықтама беру – 12829 қызмет.
Аудандағы жергілікті атқаруші органдар мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының 2013 жылдағы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» Занындағы 6 бабында ұйғарылған негізгі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына негізделеді.
Мемлекеттік мекемелерде көпшілікке қолжетімді орындарында, стенділерде мемлекеттік қызмет көрсету алушыларға арналған ақпараттар, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттар, қызметтерді алушылардың құқықтары орналастырылып, уақытыңда жаңартылып отырады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тізімінде мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттері орналасқан.
Барлық стандарттар және регламенттер мемлекеттік қызметтер қамтылған қолжетімділігімен стендтерде, мемлекеттік мекемелерде және аудан әкімі аппаратының сайтында орналастырылған
Барлығы 2016 жылда мемлекеттік қызметін арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ауданда жергілікті атқарушы органдарына 51 семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар және өзге де іс-шараларды өткізді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдарда аппарат жиындарда, мемлекеттік мекемелердің басшылары мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу, алдын алу бойынша тұрақты негізде түсіндірме жұмыстары өткізіліп отырады.
2016 жылдың жоспарына сай, мемлекеттік қызметшілердін біліктілігін арттыру мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын мемлекеттік қызметтер 2016 жылы қайта даярлау курстарында оқытылған және біліктілігін арттыруға 9 мемлекеттік қызметшілер жолданған.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Қарағанды облысы бойынша мамандарымен кезектен тыс тексеріс кезінде - 3 мерзім бұзу фактісін анықтады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Қарқаралы ауданының ветеринария бөлімі» ММ- де  құжаттардың толық емес жиынтығы анықталды  (4 мемлекеттік қызметтер бойынша).
Бүгінгі күні, бұл кемшіліктер жойылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызмет алушылардан толық құжаттар  алу жұмысы жүргізілуде. «Қарқаралы ауданының ветеринария бөлімі» ММ « Ветеринариялық станция» КМК-нің кеңсесінде келесі кемшіліктер анықталды: ауылдық округтерде ветеринарлық пунктерге арналған кеңселер болмауы, сондықтан жануарлардың ветеринариялық куәлігі тіркелмеген (42810 дана). Бүгінгі күні, барлық ветеринарлық пунктарда кеңселер ашылды  және кемшіліктер жойылды.
«Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көрсетілгендей, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қатаң сақтауға тапсырылды. (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің  бұзылу фактілері анықталды- 4). Мақсаттарға жету үшін жоспар құрылып, құқықтық сабақ өткізілді.
Жоғарыда аталған кемшіліктер үшін «Қарқаралы ауданының ветеринария бөлімі» ММ басшысы К.Ш.Әлиге және «Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ә.Ә.Наушабаевқа  тиісті тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызмет алушылардан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету есебін әзірлеу кезінде пайдаланылатын ақпарат жасалған мемлекеттік қызметтерге сәйкес келеді: объективтілік, салыстыру, барлық көрсеткіштер пайдаланылатын мониторинг тексерулер жүргізіледі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасалынады.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 12-тармағының 11-бабын орындау мақсатыңда және жұмысын үйлестіру үшін аудан әкімінің өкімімен ішкі бақылау жұмыс тобы құрылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қызмет алушылардың сапасына қанағаттану мәселесі бойынша ішкі бақылау нәтижелері мемлекеттік органдарда, аппарат жиындарда қаралады.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарда электрондық қызметтерді жандандыру бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі
Электрондық үкімет бастамаларды насихаттау бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету, электрондық нысанда қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың ортасында электрондық қолтаңба насихаттау жұмысы ауданда тұрақты негізде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуіріндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23- бабының 6- тармағын орындау мақсатында Қарқаралы аудандағы Қарқаралы қаласы, Қарағайлы кенті, және 23 ауылдық округтердің әкімдері 2016 жылы халыққа ұсынған мемлекеттік қызметтер туралы мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен 2017 жылдың қаңтар айында есептерін беріп, талқылаулар өткізді.
Әр деңгейдегі әкімдердің берген есептері, аудан әкімі аппаратының интернет- ресурсында және аудандық «Қарқаралы» газетінде жарияланды.
Есептердегі қорытындылар алдағы уақытта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруда және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіруде пайдаланатын болады.

Аудан әкімі аппаратының
басшысы
Н.А.Ильдебаев


Дата размещения: 17 Сәуір 2017 14:19 Дата редактирования: 21 Қараша 2019 18:14
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

-17°C ясно, Влажность 44%, Давление 728, ветер 1 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 387.37
EUR/KZT 428.55
RUB/KZT 6.06
Хабарландырулар Мұрағат