ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Тегісшілдік ауылдық округінің әкімі Н.Капанның 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

Тегісшілдік ауылдық округінің әкімі Н.Капанның 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Приздентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына
Сәйкес Тегісшілдік ауылдық округінің әкімі Н.Капанның халық алдында есеп беру кездесу жиынында оқылатын баяндамасы

 

Құрметті ауылдастар!

 

Өздеріңізге белгілі Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жария еткен Жолдауы. Ел дамуына серпін беретін бұл стратегиялық маңызды құжат бұрынғылардан ертерек жолданып отыр. Оның себебі бар, Өйткені, ел дамуындағы басым бағыттарды айқындап, сыртқы сын-қатер ахуалдар күрделі болып тұрған кезеңде ырғалып-жырғалуды көтермейтін жедел шешілуі тиіс міндеттерді белгілеу қажет болды. Бұл жолдау сонысымен айрықша маңызды.
Тегісшілдік ауылдық округінің 2015 жылғы негізгі атқарылған жұмыстар Елбасының жолдауымен және осыдан туындайтын облыс, аудан әкімдігінің биылғы  есеп беру негізінде қойылған мәселелер және проблемаларға сәйкес  жүргізілді.
Әкімдік жұмысындағы басты бағыттар: кедейшілік деңгейін азайту; халықты жұмыспен қамту; білім беру, денсаулық және мәдениет ошақтарының қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасау: шағын бизнес субьектілерінің жұмысын кеңейту, жаңадан ашу: бюджет қаржыларының дұрыс орындалуын қадағалау болып табылады.
Тегісшілдік ауылдық округы бойынша 3 елді мекен, 16 қыстақ  бар.
Бұл елді мекендерде 2 орта мектеп, 2 ФАП, 1 мәдениет үйі, 2 пошта , 1 отбасылық амбулатория , 4 каналды телеқондырғы мен Қазақтелеком, Актив және Билайн үя лы телефондарының байланыс жүйесі жұмыс жасайды.  Интернет жүйесі қалыпты жұмыс істеуде. Жарлы ауылында 31 үйге, Тоқтар ауылында 50 үй интернет жүйесіне қосылған.  Ауыл халқының 80 %  үйлеріне,  ОТАУ ТВ орнатылды.
Жалпы округ бойынша халық саны:   – 1125  адамды құрайды.
«Қазақстан 2050» бағдарламасында көрсетілген «Басты міндет кедейшіліктің өсуіне жол бермеу». Округ бойынша  аз қамтылғандар саны  2015 жылы 1 жанұя 3 бала. Малы жоқ отбасы - 12. Жұмысқа орналастыру бойынша 2015 жылы 2 адам әкімдікке, 2 адам №6 орта мектепке, 2 адам мәдениет үйіне жұмысқа қабылданды.

1. Тегісшілдік селолық округінде мемлекеттік қызмет көрсетудің 4 түрін халыққа ұсынуда. 2015 жылы мемлекеттік атқарушы органда жеке және заңды тұлғаларға 10258 сапалы қызмет түрлері көрсетілді, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы 77 дана анықтама беріліп 70 дана қызмет көрсету карточкасы, 237 дана ветеринариялық анықтама беріліп, 78 дана қызмет көрсету карточкасы, 1121 дана жануарларға ветеринариялық паспорт беріліп, 5 дана қызмет көрсету карточкасы толтырылып, 300 бас ірі қара, 5600 бас қой-ешкі, 800 бас жылқы малдары бірдейлендіріліп, вет паспорт пен сырғаның қаражаты 100% ауыл тұрғындарынан жиналып тиісті есеп шотқа аударылды.
2015 жылы «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 1 141 000 теңге игеріліп, 1 балалар алаңы және  Тоқтар ауылы орталығына үнемделген ақшадан ток мөлшерін аз тартатын күн сәулесінен энергия алатын, 3 шам бағанасымен орнатылды.
2.   «Қазақстан 2050» жаңа бағытын ескере отырып ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі  сұранысын барынша өтеу бағытында: жастардың терең білім алып орта мектепті толық аяқтап шығуына, мамандықты дұрыс таңдау оның ішінде ауылшаруашылық мамандықтарын таңдауын үгіт – насихат, тәрбие жұмыстарын жүргізуде, оқушыларға сапалы біліммен  тәрбие беруде,  №6 орта мектеп пен №9 орта мектеп ұжымының атқарып отырған жұмыстары айтарлықтай. №6 орта мектеп оқушысы Марат Заңғар Орал қаласында өткен республикалық «Жас барыс» турниріне 14 облыс, Алматы, Астана қалаларынан 16 команда қатысып, 340 балуанның арасынан «Жас Барыс – 2015» жеңімпазы атанды.
3. Мәдениет және денсаулық саласы ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсетуде. Мәдени шаралар іс-жоспар бойынша өз деңгейінде өтіп тұрады. 2015 жылы кітапханашыларда жақсы жұмыс жасауда,  605 оқырманы бар, кітап қоры 24 мың бірлік.
4. Округтегі елді мекендерде тазалық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп, « Таза бейсенбі» күндері мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындарының көпшілігі қатыстырылып ұйымдастырылуда.
2015 жылы жылдағы үрдіс жалғасын тауып 50 түп ағаш №6 орта мектеп және ескерткіш маңына отырғызылды.
5. Округ бойынша 2 пошта қызметкерлері жұмыс жасап 2015 жылғы басылым бойынша: Қарқаралы -190-190, Орталық Қазақстан -20-20, Индустриальная Караганда- 1-1, Егемен Қазақстан-15-15, Казахстанская правда- 1-1, жоспар артығымен орындалды.
6. Ауылшаруашылық саласы бойынша.
Жалпы селолық округі бойынша ауылшаруашылық жер көлемі – 142357 га. Тіркелген шаруа қожалығы -53, оның ішінде малын тіркетіп жұмыс істеп тұрғаны – 28. 7 шаруа қожалығы малдарын тіркетуге құжаттарын реттеуде. Қалған 18 шаруа қожалықтары жер алып, ешқандай жұмыс жасамауда. Нұр –Аман,   Дирмен шаруа қожалықтары жерлерін тапсыру жөнінде өз өтініштерін берді. Шаруа қожалықтарында істейтін жұмыскер саны - 122 адам. Еңбек келісім шарттары болуы және зейнетақы төлемдері мерзімінде аударып отырулары шаруашылық басшыларына үнемі ескертіліп отырылады.
1 мал сою алаңы Қарынши ш/қ-да  тіркелген.
Мал шаруашылығына субсидия алған шаруашылықтар:
- Алынған асыл тұқымды ірі қара малға – 4 ш/қ – 2310,0 мың теңге.
- Ірі қара малға селекциялық жұмыстарға – 8 ш/қ – 1162,0 мың теңге.
- Қой малына селекциялық жұмыстарға – 1 ш/қ – 2014,5 мың теңге.
- Сатылған мал өнімдеріне – 1 ш/қ – 9256,9 мың теңге;
«Алтын асық» бағдарламасымен  Қапан ш/қ 386 бас қой алды. Техника базасын жаңартуда округ бойынша 6 бірлік техника алынды. Экспортқа мал тапсырудан округ бойынша 29 бас өткізілді. 2015 жылы «Қарқаралы» несиелік серіктестігі арқылы алынған несие – 1 шқ-1600,0 мың теңге.
Мал басы саны 2014-2015  жылмен салыстырғанда:

 

Ірі қара

анал

Қой-ешкі

жылқы

тауық

01.07.2014ж

4247

1687

16333

3056

2670

01.07.2015 ж

4261

1737

14128

3315

2672

 

+14

+50

-2205

+259

+2

     Бірдейлендіру жұмыстары бойынша ірі қара – 1378 бас, оның ішінде – 1378 бас бұзау 100%. Қой – 6938 бас 100%, жылқы – 590 чип, 221 таңба, салынды. Серологиялық зерттеу (қан алу) ірі қара – 100%, оның ішінде – 49 бас оң нәтиже бруцеллез толығымен қайта өңдеу цехтарына сойылып тапсырылды. Қой-ешкі – 100% таза, егу жұмыстары – 100%.
2015 жылы күннің райына қарамастан егін шаруашылығымен айналысатын 4 шаруа қожалықтары 1240 га егістік алқапты орып, орташа түсім 7,2 цн, 897 тн астық жиналды. Тегісшілдік ауылдық округы бойынша 1 шаруа қожалығы егін шаруашылығына 162,5 мың теңге субсидия төленді.
Өткен 2015 жыл халыққа біраз салмағын салып кетті. Көктем ылғалды болғанмен жаздың 3 айы қуаңшылық жағдайда өтті. Жер қурап, өрт көп болды.Соған қарамастан қыс мезгіліне жеткілікті, жем- шөп қоры жасалынды. 2015 жылы 18100 гектар шабындық шабылып, 35160  тонна шөп жиналып, меже 93 % орындалды.
«Қазақстан 2050» бағдарламасының алтыншы міндетінде қаралған фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамытуды» жүзеге асыру бағытында: 2015 жылы Рамадан ш/қ 2 бас әулиекөл бұқасын, Құтмекен ш/қ 2 бас әулиекөл асыл тұқымды   бұқасын, Қапан ш/қ 2 бас қазақтың ақ бас бұқасын алып ірі қара малдарын асылдандыруда.
Жарлы ауылына қарасты «Шебер» ш/қ басшысы Абдрахманов Сакеннің 15 семья бал арасын өсіруде. Ара балы ауыл және аудан тұрғындарына ұсынылып, емдік қасиеті халыққа түсіндірілуде, қазіргі кезде тұрғындардан сұраныс молынан түсуде. Болашақта  Абдрахманов Сакеннің бұл шаруашылықты әрі қарай дамыту жоспарын да.  
Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары Астана, Қарағанды, Саран қалаларында өтетін «Ауыл – Береке» жәрмеңкесіне жылда жақсы дайындықпен қатысып жүр.
Шағын және орта бизнес саласында біршама жұмыстар атқарылды.
2015 жылы 53 ш/қ, 18  жеке кәсіпкер жұмыс жасауда. 2 ш/қ ашылды олар:  «Наркескен» ш/қ басшысы Максутов Ж, «Жанабет» ш/қ Аринов С.
7.  Діни қарым қатынас мәселелерін бір сәтте назардан тыс қалдырмай үнемі бақылауда. Ақсақалдар кеңесімен, мешіт алқа мүшелері біздің елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін дәстүрлі дінінен ауытқымауын қадағалауда жұмыс жүргізуде.  Учаскелік полиция инспекторлары мал ұрлығын, бөтен мүлік ұрлығын алдын-алу мақсатында халықпен кездесіп, профилактикалық әңгіме жүргізіліп отырады.     Олармен қоса жергілікті тұрғындар полициялық қоғамдық көмекшісі ретінде, түнімен жұмыс жасап ат салысуда.
     Жалпы округ бойынша 2015 жыл  Жарлы өзенінің қатты тасуымен ерекшеленді. Осыған қарамастан біраз жұмыстар жүргізілді. Ауыл тұрғындарына келген шығындар толық өтеліп, мал шығындары аудандық басшылардың ұйымдастырумен тұрғындарға, келген мал шығыны орнына, ұсақ және ірі қара малдары таратылып берілді. Тұруға жарамсыз деп танылған 17 үйдің, 4 үйіне ауылдағы бос тұрған үйлерден аудандық қор қаражаты есебінен сатылып берілді, қалған 13 үй құрылыстары 3 мердігер фирмамен жүргізіліп толықтай аяқталды. Ауыл тұрғындары жаңа үйге толықтай кірді.
Келесі жылға Жарлы өзені Тоқтар ауылының оңтүстік жағынан өзен арнасы бұрылып, 3 шақырым су бөгеті (дамбы) күн шығыс жағында орнатылды. Күн батыс жағынан 500 метр өзен арнасы тазаланды. Жарлы өзенінен 3 бірлік 6 метрлік құбыр қазып алынып көпір орнатылды. Сондай-ақ Жарлы ауылында оңтүстік батыс жағынан 2 шақырым су бөгеті (дамбы) жасалынды. Қарынши ауылына баратын  тас жолдың шайылған жерлері толықтай жөнделді. Қарынши ауылының су шайып кеткен көпірі, қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді.
Қысқы уақыттарда көше жолдарын тазалау  аудандық «Тазалық» мекемесінің техникаларымен қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.
2016 жылы істелетін жұмыстар.
1.  2016 жылға Республикалық бюджеттен 1 128 000 т қаражатқа сұраныс берілді. Осы қаражатқа Қаратал көшесі бойына күн сәулесінен энергия алынатын шамдар орнату  жоспарда.
2. Білім беруде «Қазақстан – 2050» жаңа бағытын ескере отырып «Әлемде бәсекеге қабілетті тұлға» дайындауда орта мектепте оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізу.
№6 орта мектеп пен №9 орта мектеп үйінің терезелерімен есіктерін жаңартуға қаражат сұралады.
№9 орта мектептің  екі ғимаратына (мұражай, акт залына) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат қажет.
3. ОДА мамандарын сапалы және қолжетімді медициналық қызметтерін көрсетуін қамтамасыз ету.
4. Ауылдың мәдениет үйіне   музыкалық аппаратура қажеттілігі туындауда.
5.  Тоқтар ауылы орталығынан «Нұрбек» ш/қ басшысы Аужанов Мартбектің мал сою алаңын ашу - 2016 жыл
Жұмыс істемей тұрған шаруа қожалық жерлерін қайтарту. «Қазақстан – 2050» бағдарламасында «Жұмыс берушілер жұмысқа белсене тартып, оларды еңбек ақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажет» деп көрсетілгендей шаруа қожалықтары мен шағын кәсіпкерліктегі жұмыскерлердің еңбекақысын алуын, зейнеткерлік жарнасын әр ай сайын аударылуын еңбек өтілімін үнемі қадағалау.
6.  Тегісшілдік-Көктас ауылы асфальт жолын күрделі жөндеуге қаржы сұрастыру.
7. Ауыл тұрғындарының қаражаты есебінен 300 тн тұрмыстық қалдықтарды тазалау, 50 түп ағаш отырғызу.
8. «Қазақстан 2050» бағдарламасмен «Жергілікті бизнес бастамаларды көтермелеу» мақсатында наубайхана ашу жағын қарастыру.
9. Қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, жастар орталығы, қоғамдық тәртіп, мәдени-көпшілік шараларды өткізуде әкімдіктен, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыру. Қоғамдық тәртіпті бақылау, мал ұрлығын болдырмау, ауыл тұрғындарымен учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп түнгі кезекшіліктер құру.
10. Дін туралы, діни экстремизмді болдырмау мақсатында ауыл әкімшілігі, мектеп ұжымы, мешіт алқасы мүшелерімен бірігіп жұмыс жасау.
   Келешекте  Тегісшілдік  ауылдық округі  әкімдігі  Елбасының  жүргізіп  отырған  саясатын  қолдап,  аудан әкімі  тарапынан  берілген  тапсырмаларды  басшылыққа  ала отырып,  ауылда  нақтылы істерді  қолға  алудың  арқасында  Жолдаудың   мақсаттарымен  міндеттерін  ел болып  бірігіп  жүзеге  асырамыз  деп  сендіремін. 

 

Тегісшілдік а/о әкімі: Н.Капан


Дата размещения: 11 Сәуір 2016 11:37 Дата редактирования: 15 Қыркүйек 2019 23:09
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

19°C малооблачно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 1 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.71
EUR/KZT 429.17
RUB/KZT 6.02
Хабарландырулар Мұрағат