ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Қоянды селолық округінің әкімі Е.Карипбаевтың 2015 жылы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

Қоянды селолық округінің әкімі Е.Карипбаевтың 2015 жылы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

12000 дана, оқырман 300 адам. 2015 жылы жаңадан алынған кітаптар саны 350 дана. Жаңадан жарық көрген кітаптар, мерзімді басылымдар оқырмандар қолына мезгілінде жеткізіліп отыруы  кітапхананың негізгі міндеті.
Ауыл халқының денсаулығы Елбасы тапсырмаларына сәйкес үнемі біздің бақылауымызда. Қоянды елді мекеніндегі медпункт қызметкерлері арқылы жоспарлы медициналық алдын алу шаралары ойдағыдай жүзеге асырылуда, әсіресе ана мен бала өмірін сақтау, қатерлі ісік, туберкулезбен есепте тұрған науқас жоқ.
 Халықтың денсаулығына бақылауды күшейтіп, медициналық көмекпен толық қамту бағытында 2015 жылдың маусым  айында «Саламатты Қазақстан бағдарламасы аясында ауылымызға заманауи облыстық медициналық орталығынан жабдықталған диагностикалық кешені келген. Облыстық медицина орталығының дәргерлерінің бригадасы жылжымалы кешенде қажетті медициналық тексеріс жұмыстарын жүргізіп, ауыл халқының денсаулығының жақсаруына көп үлестерін қосты.
2015 жылы округ бойынша 8 нәресте дүниеге келіп, Үкімет тарапынан балалардың аналары тегін дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етілді. 1 қаңтарға жүкті әйелдер саны 2 адамды құрайды.
Осы сала бойынша 1 фельдшер, 1 медбике округ халқына уақытпен санаспай қалтқысыз еңбек көрсетіп, ел көңілінен шығып жүр. Жыл сайын округ тұрғындары жоспарлы профилакториялық тексерістен өткізіліп, аурудың алдын алу жұмыстары жоғары жолға қойылған.
Денсаулық мәселесі – ол таза суға байланысты екенін бәріміз жақсы  білеміз. Осы бағытта 2007 жылдан бері «Таза су» бағдарламасы арқылы тартылған 11 су құбыры қалқысыз жұмыс істеп тұр.
Өздеріңізге белгілі ауыл халқының негізгі күн – көріс көзі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы. Бұл бағытта округ бойынша 17 шаруа қожалығы жұмыс жасауда.                       
                        2014 жылы                                        2015 жылы
Ірі қара               1235                                                     1576                      +341
Жылқы               837                                                       1350                      +513
Қой – ешкі          3629                                                    3629                       
Құс                      1554                                                     1564                      + 10

  Бүгінгі таңда мал шарушылығында неғұрлым жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін, біздің басты міндетіміздің бірі қолда бар мал тұқымын асылдандыру болып табылады. Бұл бағытта  шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқалар әкеліп асылдандыру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен бірге «Жайма» шаруа қожалығы 2016 жылға 2000 басқа арналған мал бордақылау алаңы бұрынғы «Шоқай» елді мекенінде салынуы жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталады. Бұл біздің аудан көлеміндегі үлкен жоба, басты жаңалық.
Қолда бар малдарға вет пункт мамандары аурудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстарын заң талаптарына сай жоспарлы түрде жүргізілді. Биылғы жылы өкінішке орай ауылымызда 33 бас ірі – қара бурцеллез ауруына шалдығып, оқшауландырылып бурцеллез ауруы анықталған 12 мал иелерінің қораларына дизифекция жұмыстары жүргізілді. Эпизотияға қарсы іс – шаралар, сібір жарасына, үй құстары жоғары зардапты құс тұмауына, ірі қара мен ұсақ малдар аусыл ауруына, қарасан, жылқы маңқасына қарсы тегіс егілді. Округ бойынша эпизотиялық ахуал тұрақты.
Егін шаруашылығы. Округ бойынша егін себумен «Жайма» шаруа қожалығы айналысуда 2014 жылы 2795 гектарға егін себілсе, былтырғы жылы 2979 гектарға дәнді дақыл себіліп, 184 гектарға көбейді. Оның ішінде 2400 га арпа, 300 га сұлы, 279 га бидай. Сонымен қатар 379 га көп жылдық шөп, 391 га күн бағыс, 80 га жүгері, 464 га бір жылдық шөп яғни суданский гибрид егілді.
Мал азығын дайындау межеге сәйкес орындалды. (14515 тн)
Ауылымызда шағын және орта бизнес саласында біршама жұмыстар атқарылды. Бұл салаға жағдай туғызып, қолдау көрсетуде көрсеткішіміз жаман емес.
Округ бойынша 26 субьекті жұмыс жасайды. Барлық кәсіпкерлік субьектілерінің 17 шаруа қожалықтары, 5 сауда нүктесі, 1 су жүйесімен айналысатын кәсіпкер, 1 асхана, 1 мал сою алаңы, 1 монша. Барлығында 127 адам жұмыс жасайды. Биылғы жылы жаңадан екі шаруа қожалығын ашу жоспарда.
Ауылымыздағы 2015 жылғы басты жаңалығымыз жылдағы қалыптаскан дәстүр бойынша «Ауыл күні» өткізілді. Той қарсаңында «Қазақ хандығының 550 жылдығының»  құрметіне 130 түп алма ағашы отырғызылып, орталық алаңқайға каскад су бұрқағы салынды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 460 мың теңге бөлініп «Инновация Тех» ЖШС арқылы екі жарық бағаны орнатылды.  Ашылу салтанатына Сіздің тапсырмаңыз бойынша аудан әкімінің орынбасары Самат Рымханұлы және ауылымыздан сайланған депутат мәслихат хатшысы Сләмиден Қамашұлы қатысқан болатын. Қазақ атамыз айтқандай «Ауылына қарап азаматын таны» демекші, осы орайда өзімнің және халықтың атынан бас демеуші Нұрлан Айтмұхамедұлына, және шаруа қожалық басшылары, қаладағы басқада кәсіпкер азаматтарға құрылыс кезінде көмек көрсеткен ауыл тұрғындарына ризашылығымды білдіремін. Осындай игілікті бастамалар арқасында Қоянды ауылы ауданымыздағы көш басындағы  округтердін қатарында. Алдағы уақытта  осындай йгі шаралар ауылымыздың азаматтары арқылы  жалғасын табады деген сенімдемін.
Апат айтып келмейді демекші көктем айларында су басқан Тоқтар, Ынталы ауылдарына қайырымдылық акциясы аясында ауыл тұрғындары малдай көмек көрсетіп, Тоқтар ауылындағы құрылыс жұмыстарына қол ұшын созды. Қаймағы бұзылмаған ауыл тұрғындарының басқаның жағдайына бейжай қарамайтындығына алғысым шексіз.  
Ауылымыз электр жарығын үздіксіз пайдаланып отыр. Электр қуаты тікелей байланыс жүйесінің жұмысына да ықпалы бар. Күнделікті қажеттілікке айналған байланыс жүйесіне толық сандық жүйеге қосылды бүгінгі күні Қоянды ауылында 90, Атантай елді мекенінде 7 телефон нүктесі және интернет жұмыс істеп тұр.
Әлеуметтік – саяси ахуалды дұрыс қалыптастыруда ақпараттық баспа сөз құралдарының да атқарар ролі ерекше екені белгілі. Осы орайда пошта байланысына тоқталсам бүгінгі күні пошта меңгерушісі денсаулығына байланысты жұмыстан босап, қазіргі уақытта осы орынға ауыл орталығынан адам   табылмай тұр. Жоспарлы баспасөз құралдарына жазылу межеге сәйкес орындалды.  Мерзімдік баспалар аптасына үш рет жеткізіліп, халыққа дер кезінде пошта таратушы арқылы таратылуда.
Қоғамдағы тұрақтылық өз кезегінде діни тұрақтылыққа байланысты. Діни қарым – қатынас мәселелерін бір сәтте назардан тыс қалдырмай үнемі бақылауда ұстауымыз қажет. Бұл жерде ауылымыздың ұйтқысы болып отырған  ардагерлерімізді айтып өткен жөн.  Жалпы ауыл тұрғындары, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі ауыл әкімдігімен бірлесіп жоспарлы мәнді мағыналы түрде жұмыс жасауда.
Құрметті Халел Мұқатайұлы ендігі кезекте ауылымыздағы проблемалық мәселелерге тоқталсам. Атап айтқанда:

  1. Көктемгі су тасқыны кезінде ауыл басындағы көпір ағын судың мөлшерінен көп болуына байланысты 2 көпір тіреуішінің түбін су шайғандықтан қазіргі уақытта қауіпті жағдайда тұр. Бұл көпір Атантай, Қорық, Егіндібұлақ, Шоқай елді мекендерімен және бір қатар қыстақтармен қатынастыратын күре жолдың бойында тұр. Ауыл халқына жеткізілетін көмір, шөп – жем осы көпір арқылы өтеді. Жол жөндеу мекемесінің мамандары келіп бұл көпірді апатты жағдайда деп, көліктер өтпес үшін ескерту белгілерін қойып жауып тастаған. Алдағы көктемде су былтырғы жылдай көп келетін болса құлау қаупі басым.
  2. Қарқаралы – Қоянды тас жолының бойындағы 2 шақырымдай жерде жоғары кернеулі электр желісінің 3 бағанасы ылғалды жерде орнатылғандықтан қисайып құлағалы тұр. Бұл күрделі мәселені жақын уақытта шешімін таппаса ауыл халқы жарықсыз қалуы мүмкін.

Құрметті Халел Мұқатайұлы осы жоғарыда аталған мәселелерді ескере, алдағы уақытта жол қатынасының қауіпсіз болуына ықпал етуіңізді сұраймын.
Сөзімді қорытындылай келе Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» жолдауындағы бағдарламасын басшылыққа алып, көрсетілген іс – шараларды басты бағытта ұстап, жұмыс жасаймыз.
Міне, ауылымыздың бүгінгі күнге тіршілігі осындай. Ендеше өздеріңіздің қолдауларыңызбен алда тұрған жұмыстарды абыроймен орындауға барлығыңызды шақырамын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіз еліміз жасай берсін, ағайын!


Дата размещения: 11 Сәуір 2016 09:56 Дата редактирования: 19 Маусым 2019 23:52
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

21°C облачно, Влажность 37%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 383.69
EUR/KZT 429.08
RUB/KZT 5.97
Хабарландырулар Мұрағат