ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Угар ауылдық округі әкімінің м.а. Г.А.Аккулинаның 2015 жылы атқарылған жұмыстарымен алда тұрған міндеттері туралы есебі.

Угар ауылдық округі әкімінің м.а. Г.А.Аккулинаның 2015 жылы атқарылған жұмыстарымен алда тұрған міндеттері туралы есебі.

Қарқаралы  ауданы  Угар  ауылдық  округінің  аумағы  64812 гектар жер . Жайылым жерлер – 52400 гектар, егістік жерлер  3777 гектарды  құрайды. Округте 3 қыстақ  , 1 теміржол № 6 разъезд бар. Округ  бойынша  мал басы  Ірі қара - 1431 бас,қой-ешкі -1674 бас, жылқы -854  бас, құс – 1444-ті құрайды. 14 шаруа қожалығы бар ,оның ішінде 12 шаруа қожалығы  мал шаруашылығымен айналысады. 11 кәсіпкер бар.Халық саны  барлығы  429 адам, оның ішінде  ерлер саны 209, әйелдер саны  220 адам. Аула саны  90 , оның  ішінде  90 отбасы  . 1 орта мектеп бар ,мектеп қабырғасында  62 оқушы, мад.-5 бала, шағын орталықта 19 бала бар. 28 мұғалім дәріс береді. Ауылдық  Фельдшерлік пункте 1 медбике жұмыс атқарады. 1 СDМА (АТС)  орнатылған, ұялы телефон, интернет  жұмысы  тұрақты.
   2015 жылы  көктем  уақытында  табиғат  құбылысы  салдарынан су тасқыны  болып, Матақ ауылының  біраз  үйлері  зардап шегіп, мемлекеттен  жәрдемақы  алып,  бір тұрғын үй жаңадан  салынып  уақытылы  тапсырылды. Матақ  ауылына  кіре-беріс  жолға  Бұхар-жырау ауданының жолдарды жөндеу мекемесі сегіз камаз қиыршық тастар  төгіп берді,ал  тегістеу  қиыршық тастарды жаю жұмыстарын ауыл азаматтары бірігіп өздері  жүргізді. Ауылдың  сыртындағы   аяқталмай қалған  субөгеті  (Дамбы) 2 шақырым жерге дейін  топырақ  үйінділерімен көтерілді.Жұмысты жүргізген Қарқаралы ауданының Дэу -72 мекемесі,жанар-жағар  маймен  аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қамтамассыз етті. Сонымен  қатар 2015 жылы ауылда  үш  азық – түлік дүкені, бір дөңгелек  жөндейтін орын (шиномонтажка)  ашылып  халыққа  қызмет  жасап отыр. Бір ауыл тұрғыны  «Жұмыспен  қамту 2020» бағдарламасы  аясында «Ауыл шаруашылығын  қолдау  қорынан»  2млн.700 мың несие  алып  жиырма бас ірі қара малын сатып  алып,өз шаруашылығын  дамытуға  жұмыс жасап мал  бордақылаумен   айналысуда, сонымен  қатар жылқы  малын  бордақылау орны да  жұмыс  жасап  тұр.   Ауылшаруашылығы  техникасына  келетін  болсақ  2014 жылы екі  шаруа қожалығы   ҚазАгроҚаржы  банкісі арқылы  екі  МТЗ- 82 беларусь  тракторын  алған болатын, 2015 жылы  алған  жаңа  техникаларына  үкіметтен  субсидия  алды. «Ақбұлақ»  шаруа қожалығы  асылтұқымды  бұқа сатып алып, мал басын асылдандыру  жұмыстарын   жандандырып, мал  басына  үкіметтен  субсидия  алды және  экспортқа  ет  тапсырды.
      Ауылдық округ бойынша барлығы 1182 рет халыққа мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 24 рет жеке қосалқы шаруашылығы бар жөнінде және 190 рет ветеринариялық анықтамалар беру арқылы сонымен қатар бірдейлендіру жүргізіліп, ветеринариялық паспорт беру арқылы 767 рет мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай – ақ, оқушыларды үйлерінен сабаққа әкеп, қайтадан үйлеріне ақысыз апарып тастау бойынша 201 рет мемлекеттік қызмет көрсетілді. 
      Салыққа  келетін  болсақ  берілген тапсырмаға  сәйкес  үш кәсіпкер  тіркеліп, халыққа  қызмет  көрсетуде. Жер  және  мүлік  салығы  100 пайызға  орындалды. Барлығы  29185 теңге.
       Матақ  ауылы  бойынша  ауыл шаруашылық  саласын  индустриалды –инновациялық   дамытудың  2015-2018 жылдарға  арналған  даму  бағыты бойынша  ауыл  азаматы  3 млн.теңге  көлемінде  өз қаражатына    шағын  мал  бордақылау  алаңын  ашып  жұмыс  жасауды  жоспарлап  отыр.
      2016  жылы ауқымды  әрі  жауапты  жұмыстарды  орындау  үшін жоспарлап  отырған  көптеген  іс-шаралар бар. Атап айтсақ  салық  көлемін  және  кәсіпкерлер  қатарын  арттыру, жаңадан жұмыс орындарын ашу мақсатында  «Жұмыспен  қамту  2020»  бағдарламасы  арқылы  ауылда  жылыжай және  наубайхана  ашылу  жоспарланып, құжаттар  жинау жұмыстары  жүргізілуде.
       Ауылшаруашылығы саласында жерді мақсатты пайдалану жоспары бойынша «Намыс», «Рымхан»  шаруа  қожалықтары  847 гектар  егін , 150 гектар көп жылдық  шөп себіледі деп жоспарланып отыр. «Ақбұлақ», «Рымхан», «Бірлік» Шаруа  қожалықтары өз шаруашылықтарын  дамыту, өркендету мақсатында  2016 жылы  үш беларусь тракторын, мехлопата, кун, вагон  сатып  алуды  жоспарлап  отыр. «Ақбұлақ»  шаруа қожалығы  асылтұқымды  бұқа сатып  алуды, «Бірлік» шаруа  қожалығы сыбаға  бағдарламасы  бойынша   ірі қара мал  басын  көбейту, асылдандыру  мақсатында   жұмыстар   жасауды көздеп  отыр.

 


Дата размещения: 08 Сәуір 2016 13:01 Дата редактирования: 24 Шілде 2019 09:23
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

25°C малооблачно, Влажность 36%, Давление 708, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.06
EUR/KZT 429.19
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат