ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Балқантау ауылдық округінің әкімі Р.Г.Смағұловтың 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Балқантау ауылдық округінің әкімі Р.Г.Смағұловтың 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Өздеріңізге белгілі, 30-қараша Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан  жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар,даму» атты Қазақстан халқына жолдауын жасады. Алдағы уақытта дағдарыстан аман шығу үшін мемлекеттегі жүріп жатқан жобалар жалғасып, әрбір саладағы реформалар жандана түспек. Ел экономикасын тұралатпай, барлық маңызды бағыттар бойынша тиісті іс-шараларды қарқынды жүргізуге шақырған Елбасы «XXI ғасырда дамудың басты факторы қоғамның барлық салаларындағы үздіксіз
жаңғырту болып табылады», - деп атап көрсетті. Бұл - әрбір қазақстандық үшін, әрбір отбасы үшін, келешекте ұрпақ үшін маңызды құжат. Өйткені, Жолдаудың әрбір жолында – миллиондаған халықтың әл-ауқатына,құрмыс-тіршілігіне байланысты Президентіміздің қамқорлығы мен қолдауы Стратегиялық құжатта Мемлекет басшысы еліміздің әр саласында инфрақұрылымдарды дамыту, сонмен қатар, шикізат өндіру, жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, аймақтардың өзара байланысуы, шағын және орта бизнесті өрістету, жаңа инвестициялар тарту, индустриалдық-инновациялық жобаларды жаңғырту бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыру қажеттігіне тоқталып,нақты орындалу жолдарын ұсынды.Балқантау ауылдық округі әкімдігінің 2015 жылғы негізгі атқарылған жұмыстар Ел басының Қазақстан 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына және осыдан туындайтын
облыс, аудан әкімдігінің есеп беру жиынында негізінде қойылған мәселелер және проблемаларға сәйкес жүргізілді.
Жалпы ауылдық округі әкімдігіне 2015 жылы 12 миллион 661 мың тенге қарастырылған болса, осы қаражат бүгінгі күнге толық игерілді. 2015 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы бөлінген 1 млн. 25 мың теңге Қарабұлақ ауылында су жүйесін жөндеуге жұмсалып, толық игерілді.  Ауыл көшелерін көгалдандыру және санитарлық тазалығын қалыпты ұстау мақсатында 50 түп ағаш отырғызылып күтімге алынса, 4000 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.  Балқантау ауылдық округінде 1108 адам тұрады. Еңбекке жарамды тұрғындардың арасында 457 адамның тұрақты жұмысы бар. Биылғы жылы 14 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 2015 жылы 3 жанұяға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар қатары азайып келеді. 16 отбасы балаларға жәрдем ақы алды. Халықты жұмыспен қамтуда округтегі шаруа қожалықтарының алар орны ерекше.
Ауылдақ округ әкімінің аппараты бойынша 2015 жылы атқарған мемлекеттік қызмет жумыстары атқарылды. Жыл ішінде 1150 дана ветеринарлық паспорт, 11270бас мал бірдейлендірілген. ветеринариялық анықтама 719 дана қосалқы мал шаруашылығы 25 дана берілді. Барлығы 13767 мемлекеттік ызметтер көрсетілді.
Ауылда жұмыс істейтіндердің негізгі бөлігі округтегі 29 шаруа қожалықтарының құрамында. Ауылдық округ бойынша мал басының өсіміне қол жеткізуде. Жалпы халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы төмендеген жоқ. Бүгінгі күні ауылдық округі бойынша ірі қараның басы 3105 басқа, қой-ешкі 19863 басқа, жылқы 1312 басқа жетіп малдың өсуі байқалды. Округтегі барлық меншік түріндегі ауылшаруашылығы малдары мал дәрігерінің ауырудың алдын алу шаралары,бірдейлендіру жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заң талаптарына сәйкес, жоспарлы түрде жүргізіледі. Ауыл тұрғындарымен шаруа қожалықтары жылдың әр мезгілінде, «Ауыл- Береке» жәрмеңкесіне ұйымшылдықпен қатысып, өз өнімдерін қала жұртшылығына саудалайды. Негізінен өнімдерінделдалдарарқылы өткізіп, өздеріне керекті жағдайларын жасайды. Биылғы жылы «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне шаруа қожалықтары және ауыл
тұрғындары 4 рет қатысты. Ауылдық округі бойынша 29 шаруа қожалығы есепте тұр, оның ішінде 9 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналы-
сады. 2015 жылы 9 шаруашылық 4000 га жерге егін сеуіп, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан әр гектарынан орташа есеппен 8,0 цн өнім жинап 3200 тонна өнім алса, мал азығы межеге сәйкес дайындалды. Селолық округте бүгінгі күні 1 орта мектеп, 1 негізгі мектепте 160 бала білім мен тәрбие алуда. Сонымен қатар селолық округте 1 ФАП және 1 дәрігерлік пункт, оларды 3 медбике халыққа қызмет көрсетеді, сол сияқты орта мектепте 1 медбике оқушылардың денсаулығын үнемі назарда ұстайды. ФАП-қа бекітілген жедел жәрдем автокөлігі тұрақты жұмыс істейді, ғимараттар жылу мен, электр энергиясымен, телефонмен қамтамасыз етілген. Қарабұлақ ауылындағы клуб үйі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ауыл ішіндегі мәдени шараларды, мерекелік күндерді атап өту, жастардың демалыс кештері басқадай жұмыстар жоспарлы түрде өткізіліп отырылады. Дегенмен осы уақытқа дейін ауылдық клуб үйінің күзетші штаты шешімін таппай келсе, мәдени шараларды өткізуге музыкалық аспаптардың, дыбыс күшейткіш құралдардың ескіруі олардың жиі істен шығуы көптеген шаралар өткізуге қол байлау болып отырғаны бәрімізге аян. Сондықтан алдағы уақытта осы жағдайларды шешуге аудандық мәдениет бөлімінің тарапынан көңіл аударса деген ой бар. Қарабұлақ ауылында аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің бөлімшесі оқу-тәрбие жұмыстары жоспар аясында жұмыс істеп келеді. Бұл мектепте 3 жаттықтырушы, 8 адам комплекс шаруашылығында жұмыс атқарады, спортмектебінде қазақ күресі, волейбол секцияларында 60 тан аса ауылдың жастармен оқушылары тартылған. Осы мектепте ауылдық, аудандық, дәрежедегі әр-түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Спорт мектебінің шәкірттері аудандық, облыстық түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі нәтижелер көрсетіп келеді. Орталық және Айнабұлақ кітапханалар өздерінің жұмыстарын аудандық кітапханалар торабы қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Жыл ішінде кітапханалар тиісті жаңа кітаптар қорымен толықтырылып отырылады, кітапхана қызметкерлері тарапынан жыл бойы мерекелік даталар мен атаулы күндерге арналған әр түрлі диспуттар, оқырмандар мен пікір алмасу, тематикалық кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президентінің және үкіметінің халыққа Жолдаулары насихатталып отырады.  Округ бойынша 2 дүкен, 4 кәсіпкер халыққа қызмет көрсетеді. Негізгі азық-түлік бағалары үнемі бақылауда болады. Дүкендер мен әкімдік арасында азық-түлік бағаларынтұрақты деңгейде ұстап тұруға меморандум жасалған. Наубайхана,қоғамдық монша халыққа қызмет көрсетеді. Почта байланыс бөлімшесі арқылы ауыл тұрғындарының зейнетақылары, жәрдем ақылары, еңбек ақылары таратылып, әр түрлі төлемдер қабылданып, қызмет көрсету жоғары деңгейде жүргізілуде.  Қарабұлақ ауылы орталығында 137 телефон нүктесі, ал Айнабұлақ бөлімшесінде 45 телефон нүктесі тұрақты жұмыс істеуде. Дегенмен кейінгі кезде телефон жүйесінің жұмысы қанағаттандырмай отыр. Істен шыққан телефон нүктелерін жөндеуге мамандарды Қарқаралы, Егіндібұлақтан шақыртып отырамыз, сол аралықта үзілістер болып қалады. Бүгінгі күнге Қарабұлақ және Айнабұлақ ауылдарының абоненттері интернет жүйесіне қосылу жұмыстары жүргізілуде. Ауылда қоғамдық тәртіпті сақтауда учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Оның қызмет атқаруына жағдай жасалған. Ауылда учаскелік инспекторге көмек көрсету мақсатында ерікті жасақшылар тобы 22 адамнан құрылып, тиісті жұмыстарын атқаруда. Мал ұрлығын болдырмау мақсатында учаскелік инспектормен біріге отырып барлық қыстақтар мен елді мекендерді аралап, мал бағымы туралы ескерту жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жаз айларында ауылдық округте ірі қара және қой малдары бағымдары үнемі ұйымдастырылып отырады. Жеке меншіктің
бойдақ ірі қара малының 3 жерге жайлауда бағымы ұйымдастырылған, алайда бүгінгі күнге дейін жеке меншік жылқы иелері жылқы малын ұйымдасып бағуға бармай отыр. Алдағы уақытта мал иелері әкімдікпен бірлесе отырып, жылқы малын бағуды ұйымдастыруы қажет. «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымында 61 мүше бар. Партия ұйымының жиналыстарында ауылдың әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасының орындалысы талқыланып, ұсыныс пікірлер айтылып отырады. Партия мүшелері ауылда өтетін мәдени көпшілік шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 2015 жылы «Нұр Отан» партия мүшелігіне 4 адам қабылданды. Ауылдағы ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі ауыл әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Ауылдық округі әкімдігіне 2016 жылғы барлығы 13 миллион 536 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылды. Сонымен бірге ауыл әкімдігі Қарабұлақ, Айнабұлақ ауыл тұрғындарымен кездесуде көшелерді жарықтандыруға, Қарабұлақ ауылы көшелеріндегі жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу, жөнінде мәселелер қойылса, бүгінгі күнге Қарабұлақ ауылына 25 жарық нүктесі, Айнабұлақ селосына 10 жарық нүктелерін күн энергиясы арқылы іске асыру
жөнінде смета жасалып, қаражат болған жағдайда бұл мәселе шешімін таппақ.  2016 жылы ауылдық округінің шаруа қожалықтары барлығы 5200га жерге егін себу жоспарлап отыр, мал басын оның ішінде ірі қара малын және қой малын өсіруді межелеп отыр. Ауыл әкімдігінің негізгі бағыттары ауыл ішінде жұмыссыздықты азайту болса, шағын кәсіпкерлік арқылы әртүрлі бағдарламалар арқылы ниет білдірушілерге кредит алып беруге ықпал жасау болып табылады. 2015 жылдың басынан ауылда шешімін таппай, халықтың наразылығын тудырып отырған мәселе ол «Қарағанды-Егіндібұлақ» бағыты бойынша халықты тасымалдайтын автобустың ауыл орталығына соқпауы. Бұл мәселе аудандық маслихатының сессиясында да қаралған болатын, содан кейін 2015 жылдың қазан айынан бастап, қараша айының аяғына дейін автобус ауылға соғып тұрған. Ал 2015 жылдың желтоқсан айынан осы уақытқа дейін автобус ауылға соғуын себепсіз тоқтап қалды. Бұл жөнінде ауыл тұрғындарының атынан және өз атымнан бір- неше рет ТОО «Сапар» директоры Е.М.Муқатовқа қатынас жазған болатынбыз, осы уақытқа дейін бұл мәселе нақты шешімін таппай отыр.
Алдағы уақытта бұл күрделі мәселені шешуге аудан әкімдігі ықпал жасауын сұраймыз. Тағы айта кететін мәселе Қарабұлақ ауылы орталығында мешіт болғанмен, имам жоқ, бұл да шешілмей отырған мәселенің бірі. Осы орайда ауыл жастарының ниет білдірген жағдайда арнайы діни оқу орнына оқуға жіберуге мүмкіндік бар.  2016 жыл ішінде негізгі атқарылатын жұмыстарға тоқталсақ: ол
- жеке меншік малдың тұқымын асылдандыру бағытында жұмыс жасау, ол үшін Айнабұлақ елді мекендерінде «қолдан ұрықтандыру пунктерін ашу».
- шаруа қожалықтарын және жеке кәсіпкерлікті дамыту. Ауылдық округі шаруа қожалықтары арқылы сырттан инвестиция тарту
- ауылдық округіне қарасты әлеуметтік мекемелердің жұмысын үнемі назарда ұстау, бөлінген қаражаттарды толық игерілуін бақылау
- 2016 жылы Қарабұлақ ауылы орталығында «Балқантау» шаруа қожалығында МТМ ғимаратында машина-трактор станциасын ашып, электр, токарлық және аппаратура жөндейтін цехтарды іске қосып, қосымша жұмыс орнын ашып, тиісті инвестиция тартуға жұмыс жасайды
- 2016 жылы «Балқантау» шаруа қожалығы 200 бас қой малын бордақылау алаңын ашуын жоспарлануда
- 2016 жылы «Талды» шаруа қожалығы 500 бас үйрек өсіруді қолға алып, ол үшін «Талды» елді мекенінен шағын құс фирмасын ашуды іске асыратын болады
- 2016 жылы Айнабұлақ бөлімшесінде қымыз өндіретін шағын цех ашуға, инвестиция тартуға нақты жұмыстар атқарылатын болады.
Қорыта келе, ауылдық округінің әкімдігі алдағы уақытта Елбасының осы жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауына сәйкес округ тұрғындарының әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсартуға бар күш-жігерін арнайды демекпін.

 


Дата размещения: 07 Сәуір 2016 16:51 Дата редактирования: 21 Қараша 2019 18:12
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

-17°C ясно, Влажность 44%, Давление 728, ветер 1 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 387.37
EUR/KZT 428.55
RUB/KZT 6.06
Хабарландырулар Мұрағат