ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі Р.Инербаевтың ауыл тұрғындарымен кездесуіндегі есепті баяндамасы

Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі Р.Инербаевтың ауыл тұрғындарымен кездесуіндегі есепті баяндамасы

Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі
 Р.Инербаевтың ауыл тұрғындарымен
кездесуіндегі есепті баяндамасының
тезистері

 

Өткен жылғы қараша айында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда,өсім реформалар,даму» атты Жолдауында Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысынан қалай шығады, қандай экономикалық реформалар жүргізіледі және отандық өндірісті дамыту жөнінде іске асырылыатын шараларды атап көрсетті. Әрі оны орындауда тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар бергенін білеміз.  Бұл Жолдауда басты назар еліміздің экономикасын дамытуға, оның ішінде ауыл экономикасын да көтеруге бағытталды. Сол себепті бұл ауқымды құжатта үкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалатын болды.
Осы орайда ауылдық әкімдік аппараты жұмысының негізгі өзегі селоның әлеуметтік-экономикалық дамуының жақсаруын қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті мәселелерді шешу  болып табылады. Оның ішінде халықтан түсетін салық түрлерінің орындалысы, коммуналдық төлем ақыларды төлеу жайы, мал бағымы, мал басын бірдейлендіру, диагностикалық шаралар мен елді мекендегі санитарлық-тазалық жұмыстарын ұйымдастыру сияқты т.б. мәселелер ауыл тұрғындарымен өткен жиын-кездесулерде, кеңейтілген аппараттық жиындарда, сондай-ақ кейбір маңызды мәселелерді ауылдың беделді де, ел ішінде сөзі өтетін ақсақал қарияларымен  ақылдасып,  шешіп отыру жолға қойылған. Жалпы алғанда жыл озған сайын ауыл тұрғындарының тұрмысының жақсарып келе жатқаны анық. Ауылдағы жұмыссыздық деңгейі де, аз қамтылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар да өткен жылдың басымен салыстырғанда жыл соңына қарай едәуір азайғаны байқалады.
Ауыл әкімі аппаратының басты жұмыстарының бірі округ бойынша  жұмыссыздықты азайту болғандықтан, есепті мерзім аралығында бұл мақсатта біраз жұмыстар атқарылды. Жыл ішінде ауыл басында 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал,  Теректі ауылындағы «Көктасжал» кенішінде 20-ға жуық адам вахталық әдіспен жұмысқа шықты. Сонымен бірге 2 адам «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында көшелерді жарықтандыру жұмысында уақытша еңбек етсе, 3 адам агротехникалық колледж ғимаратының жөндеу жұмыстарына тартылды. Ал, 22 жұмыссыз адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, ауылдың көгалдандыру мен санитарлық тазарту саласында еңбек етті. Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 0,3%-ға төмендеді.
Жыл сайын мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауларында мемлекеттің басқару жүйесін модернизациялау ел дамуының басты бағыты деп үнемі айтып келеді. Сондықтан да, бүгінгі күні баршамыздың басты міндетіміз – еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін оңтайландыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұрғындардың сұраныстарын барынша қанағаттандыру үшін сапалы қызмет жасау.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет көрсету жұмысында біздер 2013 жылдың 15 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңына және де белгілі әр сала бойынша колданысқа еңген заңдарына сәйкес, ауылдық округ әкімі аппараты бойынша 2015 жылы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетуде, жеке қосалқы шаруашылығы туралы - 223, ветеринарлық - 415 анықтамалар  ауылшаруашылығы малдарына - 1450 куәліктері ұсынылды және 3000 бас мал сырғаланды.
Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру басты мәселелердің бірі болып танылуда.  Өткен жылы мемлекеттік қызметер көрсету мерзімдерін сақтамау фактілері және мемлекеттік қызметтерге шағым түсіру фактілері жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерде қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылар арасында «кері байланыс» алу жұмысы жолға қойылған, бұл шара 95 пайызға орындалды.
        Сондай-ақ, ауылдың әлеуметтік саласында, яғни оқу орындары мен мәдени-ағарту қызметкерлелінің жұмыстарында алғабасу-шылық бар. Өткен оқу жылында Ұлттық біріңғай тестілеуде селомыздағы қос мектебіміз абырой биігінен көрінсе, оның ішінде Қажыкен Смайылов атындағы № 43 орта мектеп түлектері өз біліктіліктерімен ерекше көзге түсіп, 2 оқушысы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп шықты. Әрі бұл оқу орыны облыс бойынша үздік он мектептің қатарына еніп отыр. «Айгөлек» бөбекжай бақшасы ұжымы да жас өрендерге саналы тәрбие беру ісінде аудан көлемінде алдынғы қатардан көрінуде.
Ауыл халқына мәдени қызмет көрсетуде мәдени-сауық орталығы да өз деңгейінде жұмыс жасауда. Бұл мәдениет ошағы кейінгі жылдары арнайы оқу орнын бітірген өнерпаз жастармен толыға түсуде. Ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауда «Замандастар» клубы мүшелері үлкен ұлтжандылықпен жұмыс жасауда.
Баспасөзге жазылу науқаныны да ойдағыдай жүргізілді. Ауылтұрғындары барлығы 1200 дана газет-журналдарға жазылып, жоспар 100 % орындалды.
Есепті кезең аралығында 2015 жылға белгіленген іс-шараларымыз жоспарға сәйкес іске асырылды. Селоны дамытуға аудандық бюджеттен бөлінген 9,0 млн. теңгеге жуық қаржы толық игерілді. Селодағы су жүйесіне бөлінген 1,3 млн.теңге қаржыға су құбырларын қалыпты жағдайда ұстап, жүйе бойындағы ақауларды жөндеді және Қазыбек би, Ахметов көшелерін сумен қамтамасыз ететін су желісінің ақау шыққан жрамсыз 500 метр су құбырлары айырбасталды.   Алдағы уақытта ауыл халқының 40 пайызын сумен қамтамасыз ететін участкелік аурухана жанындағы ескіріп, авариялық жағдайда тұрған су жинағыш мұнараны күрделі жөндеуден өткізуіміз қажет. 
Көше жарығына бөлінген 1,3 млн.теңге қаржыға село көшелеріндегі жарық бағаналарының ақаулары мен светильниктері қалпына келтірілді, техникалық құжаттары реттелді және абоненттік төлем ақысы  төленді. Қазіргі күндері селодағы 17 көшенің 9-ы жарықтандырылған. Мұның ішінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша қаралған 2,7 млн.тенге қаржыға халық көп жүретін Балқантау, Байжұманов көшелерінің бойына жаңадан 24 дана жарықтандыру бағаналары орнатылды.
Жалпы село көшелеріндегі жолдарды қалыпты жағдайда ұстап отыруға бюджеттен 2,3 млн.тенге қарастырылған. Мұның ішінде қыс айларында көше жолдарын қардан тазалап отыруға  бөлінген 1,0 млн.теңге қаржы толық игерілді. Биылғы жылыда қардың қалың түкеніне қарамастан көшелерді қардан тазалауға баса көңіл бөлудеміз. Бұл жұмыстарды  «Сәулет» ЖШС тиянақты атқаруда. Сонымен бірге осындай ауыр кезеңдерде техникамен қол үшін беріп отырған «Алтай Полиметаллы», «Тазалық» кәсіпорындары басшылығына алғысымызды білдіреміз. Алайда, жекелеме ауыл тұрғындары үйлерінің маңайын қардан тазалап беріңдер деп орынсыз  талап қояды. Әр мекеме, әр отбасы өз үй маңайын қардан тазалауға міндетті, біз өз тарапымыздан тек жағдайы жоқ жалғыз басты, күш-қуаты кем адамдарға ғана көмек жасай аламыз.
Сонымен бірге 1,3 млн.теңге қаржыға Қазыбек би, Жакешов көшелеріндегі тозған асфальт жолдарға қаржының көлеміне қарай ағымдық жөндеулер жүргізілді. Аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен селодағы Абай көшесіне қиыршық тас төселіп, көтерме жол салынды. Бұл біткен іске көше тұрғындары үлкен ризашылығын білдіруде.
Бюджетте қаралған 100 мың теңге қаржыға көше бойларындағы билборд қондырғыларының тозған баннерлері айырбасталды, мешіт жанындағы  скверге қосыша 50 түп ағаш егілді. Ал, санитарлық-тазалық жұмыстарына бөлінген 1,0 млн.  теңге қаржыға иесіз қалып, бұзылып қираған үйлердің орындары тазаланды және ауылдың сыртындағы полигон териториясы ретке келтірілді. Көктемгі және күзгі санитарлық-тазалық айлықтары кезінде де едәуір жұмыстар жүргізілді. Ауыл тұрғындары өз күштерімен осы тазалық маусымында  үй маңайларынан 600 тонна көлемінде күл-қоқыстарын тазартты. Сонымен бірге табиғи демалыс орындары мен бұлақ бойына да тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, бұл шараларға мекемелермен бірге ауыл жастары ерекше белсенділік танытты.Жалпы село бойынша өткен жылы барлығы 2000 тоннаға  жуық құрлыс қалдықтары мен күл-қоқыстар сыртқа полигонға шығарылды.
Қазіргі кезеңде селодағы 53 жеке меншік  құрылымдарда ,атап айтқанда оның екеуі заңды тұлға, тойхана, дүкендер, наубайхана, дәрі-дәрмек киоскілері , шашатараз, монша,шиномонтаж пункттері және аяқ киім жөндеуші т.б. халыққа әр түрлі қызмет түрлерін көрсетуде 98 адам жұмыс жасайды.
Өткен жылы барлығы село бойынша 1,2 млн. теңге көлемінде салық төлемдері (жер және мүлік салықтары,кәсіпкерлер мен жеке меншік көліктерден алынатын салықтар) жиналып, бюджетке түсті.
Былтырғы жылы селода бір  инвестициялық жоба іске асырылды, яғни кәсіпкер Ө.Қапсаттаров «Казагрофинанс» корпорациясы арқылы ірі көлемде несие алуға қол жеткізіп, бұл қаржыға бұрынғы мал сою пунктін жендеуден өткізіп, іске қосты. Ет өнімдерін өңдейтін жаңа қондырғылар орнатты. Жаңадан 3-4 адамға жұмыс көзі ашылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ауыл азаматы С.Жакешов «Кәсіпкерлік» бағыты бойынша 3,0 млн.теңге несие алып, бұрыңғы бұзылған «Дежурный» дүкенін қайыра жөндеуден өткізіп, 20 адамға шақталған монша ретінде жабдықтап халық игілігіне пайдалануға берді.
Ал, ауыл тұрғыны Г.Бабажанова  2014 жылы жеке кәсібін ашу мақсатында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы 3 млн. тенге несие алып, үйінің жанында көлемі 240 м2 болатын жылыжай (теплица) орнатты. Өткен 2015 жылы жылыжай жұмысын бастап,алғшқы өнімдерін халыққа сатуға шығарды.
Сондай-ақ  кәсіпкер азамат Ж.Әлиев «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы алған 1 млн. тенге  несиеге өзінің үйінің ауласында шиномонтаж пунктін іске қосып, халықтың көңілінен шығуда.
          Жұмыссыз болған ауыл тұрғыны Қ,Құсайынов өз ісін ашу мақсатында аудандық еңбекпен қамту бөлімі арқылы алған 76 мың тенге қаржыға қажетті құрал-жабдықтар сатып алып,қазіргі уақытта аяқ киім жөдеумен шұғылданып отыр.
Ауыл халқына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында соңғы жылдары осы елден шыққан қалада тұратын жерлес кәсіпкер азаматтар туған ауылына қамқорлық көсетуде оң бастамалар көтеруде. Мәселен,сондай кәсіпкер азаматымыздың бірі Е.Елеуов өткен жылғы «Құрбан айтында» қайырымдылық көмегін көрсетіп ауылдағы зейнеткерлер, жағдайы төмен отбасылар мен мүгедек жандарға 5 тонна,яғни 100 қап ұн әкеліп таратып берді. Ал, жаңа жыл қарсаңында бұл азамат ауыл халқына арзандатылған бағамен 16 тонна кебек  сатуға көмек жасады. Алдағы уақыттарда мұндай игілікті шаралар жалғасын таба беретін болады.
Селодағы қиын күрделі мәселенің бірі ол айналымдағы жерді пайдалану мәселесі. Селолық округтің жер көлемі бүгінгі күні заңды негізде 2390 гектар ғана. Ауыл халқының негізгі табыс көзі мен тұрмыс-тіршілігі мал шаруашыығы болғандықтан соңғы  уақыттарда төрт түлік мал басының өсу қарқыны байқалады. Атап айтқанда ауыл тұрғындарының меншігінде 700 ден астам жылқы, 2430 бас ірі қара және 3100-дей қой-ешкі малдары бар .Зоотехникалық нормалық талапқа сәйкес мұншама малды бағып-күтіп өсіруге мал басына шаққанда 30 мың гектардай мал жайылымы мен шабындық жер қажет. Бұл өткір мәселені ауыл тұрғындары соңғы 2-3 жылдан бері қарай ұдайы көтеріп келеді. Алдағы уақытта жер мәселесі оңтайлы шешілер болса ауылдан шаруа қожалығын құруға ниет білдіріп отырған азаматтар бар. 2015 жылға жоспарланған малдәрігерлік емдеу, профилактикалық-диагностикалық шаралар тегіс орындалды, 1000 бас ірі қара, 300 бас жылқыға УИП салынып, бірдейленіп, компьютерлік базаға енгізілді, атрибуттарға тиісті қаражат арнайы есеп шотқа салынды. Ендігі кезеңде қолда бар мал басын асылдандыру мақсатында, қолдан ұрықтандыру пункттің жұмысын одан әрі жандандыруымыз қажет.
Биылғы жылы атқарылуға тиісті жұмыстарға келетін болсақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бөлінген 2714 мың теңге қаржыға село көшлеріндегі ескіріп, тозған асфальт жолдарға ағымдық жөндау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл мәселе ауыл тұрғындарының өкілдері мен мекеме басшыларының қатысуларымен талқыланып, келісіліп шешілді.
Санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу үшін 1,0 млн.теңге қаржыға селоның шеткі аумағындағы иесіз қалып, құлаған үйлердің орындарын тазалау жұмыстарын жүргіземіз .
Ауыл әкімдігінің алдында тұрған  міндеттерінің ең өзектісі болып жергілікті бюджетті толықтыруда салық түсімдерінің орындалысына қатаң бақылау басшылық жасу болып табылады.
Сол сияқты биылғы жылы атқарылатын шаралардың бастысы қысқы маусымды ойдағыдай өткізу болып тұр. Бүгінде мекемелердегі барлық жылыту қазандықтар қалыпты істеп тұр. Көмір қоры жеткілікті.  Дегенменде, алдағы ақпан айы боранды, қарлы болатын сыңайлы, қыс маусымы созылып, көктем кеш шығады деген болжамдар айтылуда.Селоның шет жақтарындағы көшелер мен жекелеме үйлердің маңайын қалың қар басып кетті.Ол жерлердің қарын тазалауға ауыр әлді техникадан көмек болса дейміз. Сондықтан, қолдағы бар қар тазалайтын техника мен жанар-жағар май қоры жеткілікті шешіліп,  дайындық сапында ұстауымыз қажет.
Мұнымен қатар биылғы жылы атқарылуға тиісті  әлеуметтік саяси мәні бар шаралар да жетерлік. Бұл шаралардың ең бастыларының бірі, ол белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Нығмет Нұрмақовқа село басында еңселі ескерткіш орнату жоспарлануда. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойын өз деңгейінде атап өтуіміз керек. Осындай айтулы мерекелердің бәрін де біз өз мәнінде  ауыл халқының қолдауларымен ұйымдастыруға тиіспіз. Түйіндеп айтқанда село әкімінің аппараты селомыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан ары жақсартып, дамытып арттыруда, биылғы жылға белгіленген жоспарлы іс-шарларды толық орындауға барынша күш салып,  іскерлікпен жұмыс жасайды деп сендіреді.

 

Ауылдық округі әкімі:    Р.Инербаев


Дата размещения: 07 Сәуір 2016 16:49 Дата редактирования: 24 Шілде 2019 09:23
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

25°C малооблачно, Влажность 36%, Давление 708, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.06
EUR/KZT 429.19
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат