ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Қарқаралы қаласының әкімі А.Р. Сатыбалдиннің 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Қарқаралы қаласының әкімі А.Р. Сатыбалдиннің 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Қарқаралы қаласы әкімі аппаратының 2015 жылы атқарған жұмыстары Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауынан туындаған мәселелерді, облыс, аудан әкімдері қойған міндеттерді халық мұқтаждарын орындауға бағытталған.
Қарқаралы қаласында бүгінгі күні 8500 ден астам халық тұрып жатыр. Осы халықтың 5106 қоғамның экономикалық белсенді мүшелері. Қаламызда 1518 оқушы, 1410 мектеп жасына дейінгі балалар, 1038 зейнеткер, 373 мүгедек, 815 арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар, 134 асыраушыларынан айырылған адамдар бар.
2015 жыл ішінде қала бойынша аз қамтылғандар есебінде 17 отбасы,  78 адам тіркеуде тұрды. Тұрмыстық деңгейі төмен отбасыларының жағдайы қала әкімі аппаратының күнделікті бақылауындағы жұмыс. Бұл отбасыларына мемлекет тарапынан белгіленген атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жұмысы арнайы учаскелік комиссия арқылы олардың материалдық жағдайын тексеру бойынша, жүзеге асырылды.
2015 жыл ішінде қала басындағы 18 отбасындағы 76 адамға 3 млн.     836 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілді және                     72 отбасындағы 195 балаға 3 млн. 230 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы қала тұрғындарына берілген атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекеттік жәрдемақы көлемі 1 млн. 346 мың теңгеге өскен.
Осындай жоспарлы шаралар жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында да атқарылуда. Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қала бойынша 2015 жыл ішінде жұмыс сұрап 319 адам тіркелсе, оның ішінде 271 адам маусымдық және тұрақты жұмыстармен қамтылды, 250 адам ақылы қоғамдық жұмыспен, 6 адам «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылып, 8 адам кәсіби мамандықтарға (көлік жүргізу) оқытылса, 3 адамға өз ісін ашу үшін материалдық көмек көрсетілді.
Бүгінгі күні 100 ден астам бизнес өкілдері жұмыс жасауда: оның ішінде 80 шақты дүкендер, 3 наубайхана, 3 орталық монша, 8 шаштараз, 5 көлік дөңгелектерін жөндеу және 1 көлік жуу станциялары  халыққа қызмет көрсетеді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жыл ішінде         қала басындағы 14 адамға өз істерін ашуға, істерін кеңейтуге 3 млн. 400 мың теңге көлемінде несиелер берілді. 2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы қосымша 8 адамға өз істерін ашуға, істерін кеңейтуге несиелер берілді.
2014 жылғы қала әкімінің есеп беру кездесуінде халықтан туындаған өтініш-тілектерін ескере келе, 2015 жылы қала әкімі аппараты төмендегідей жұмыстарды атқарды.                       
Қала тұрғындарымен өткізілген есепті кездесулерде қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары бойынша көптеп туындаған ұсыныстарды ескере келе, бюджеттен 4 млн. 940 мың теңге қаражат қаралып, қаланың Т.Әубәкіров көшесінің бас жағына (мешіттен жоғары) – 7 дана, А. Ермеков көшесіне («Жастерек балабақшасы» мекемесінің алды) – 10 дана, Абай көшесінің соңына (Қамбар ауылы) – 7 дана, Ә.Бөкейханов көшесіне (Молдақаш моншасынан қараала көпірге дейін) – 4 дана, Т.Әубәкіров және Ермеков көшесінің қиылысына, орталық саябақ ішіне және «Дархан» дүкенінің жанына көп шамды баған (ромашка) – 3 дана, М.Мамыраев көшесіне («Мәліксай» бұлағы жағына) – 8 дана, Н.Әбдіров көшесінің соңына – 6 дана, Қосыбаев көшесінің соңына – 4 дана, барлығы 49 дана жарық бағаналары мен шамдары орнатылып, кешкі уақытта халыққа қызмет көрсетіп тұр. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын таба береді.
Қала көшелерін жарықтандыру бойынша Т.Әубәкіров, Жанақ ақын, Нұрмаков көшелерінде орнатылған светодиодты шамдар арасынан 34 дана светодиодты жарық шамдары істен шығуына байланысты, жаңадан жарық шамдарын сатып алып орнату жұмыстарына бюджеттен 440 мың теңге қаражат бөлініп, аталған жұмыстар атқарылды.
Қаланы көгалдандыру жұмыстарына оның ішінде, 2500 гүл шоқтарын отырғызуға, күтіміне аудандық бюджеттен 1 млн. 100 мың теңге қаражат бөлінді. Қаланың орталығындағы «Байтерек», «Мәди Бәпиұлы» ескерткішіне, «Құнанбай Қажы» мешітінің алдына, орталық саябақ аллеясына, аудан әкімі ғимаратының алдына, «Қарқара» стелласына гүл шоқтары отырғызылды,  күтімі жүргізілді.
Сонымен қатар, 250 түп пирамидальді терек көшеттері мен 50 түп алма ағашы көшеттері қаланың «Жарас» жанар-жағармай станциясы және қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орын бойындағы жол бойына пирамидальді терек көшеттері, «Сарыарқа ұшқыштары мемориалы мен «Қарқара» стелласы қоршауларының ішіне алма ағаштарының көшеттерін   отырғызып, қоршаулар орнатып, күтімі жүргізілді.
Қарқаралы қаласын абаттандыру жұмыстары бойынша, қала көшелерінің көлік жолдарының бойына 47 дана жол белгілерін (дорожный знак) орнатуға аудандық бюджеттен 517 мың теңге бөлініп, аудандық ішкі істер бөлімімен ақылдаса отырып қала көшелерінің көлік жолдарының белгіленген жерлеріне жол белгілері орнатылды.
Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс тастайтын жәшіктері (контейнерлер) тұрған сегіз орынға (Т.Әубәкіров 18,28,36,55,62А,139,     В.Рей 52, 45) қоршау орнату жұмыстарына аудандық бюджеттен 2 млн. теңге қаражат қаралып,  мердігер ЖК «Қалым Ә.» арқылы қаладағы сегіз орынға қоршау орнату жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімінің халық алдындағы есепті кездесулеріндегі аудан халқының ұсыныс-тілектерін ескере келе, халық көп шоғырланатын қаланың 2 жеріне Тас-базар мен қала әкімі ғимаратының маңына қоғамдық дәретхана орнату жұмыстарына аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, қоғамдық дәретхана орнату жұмыстары атқарылды.
Қала көшелерінің жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (текущий ремонт дорог) жүргізуге аудандық бюджеттен 5 млн. теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталына екі рет хабарландыру берілді. Ұтып алған мердігерлер жұмыстарды атқарудан бас тартуына байланысты, бұл жұмыстар атқарылмады. Екі мердігерге соттың шешімі негізінде тұрақсыздық айыбын төлеу міндеттеліп, мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыздар тізіміне енгізілді.
2014 жылы қала көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерлер атқарған жұмыстарының кепілдік мерзімдері (гарантия) негізінде, қаланың бірнеше көшелеріне ағымдық жұмыстарын (ямочный) жүргізді.
  Қала ішіндегі автокөлік жолдарының күзгі,қысқы күтіміне 4 млн.  400 мың теңге қаражат қаралып, «Тазалық Қарқаралы» ЖШС арқылы қала көшелерін қардан қырып тазартып, қала сыртына қар шығару жұмыстары атқарылды.
Қаланы сәулеттендіру, көркейту жұмыстарына, мереке күндеріне сай, әр түрлі мәтіндегі баннер орнату жұмыстарына аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, 2015 жыл ішінде мерекелерге сай баннерлар жасап, қаланың белгіленген жерлеріне орнату жұмыстары атқарылды.
Қарқаралы қаласы, В.Рей көшесі №52 көпқабатты арендалық тұрғын үйдің қабырғасының сыртқы жабындысы (штукатуркасы), фундаменті  үгітіліп түсіп, орнатылған кейбір суағарларының трубасы түсіп қалуына және Т.Әубәкіров көшесі №62 а мекен-жайында орналасқан көпқабатты арендалық тұрғын үйдің фундаменті үгітіліп түсуіне байланысты, осы жағдайларды ескере келе, арендалық тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 2 млн. 500 мың теңге қаражат бөлініп, мердігер   «Алмас-Мирас» ЖШС арқылы көпқабатты 2 тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2014-2015 жылдар аралығындағы күзгі-қысқы жылу маусымында Т.Әубәкіров көшесі №11 «А», №18 көпқабатты үйлер мен №2 орта мектебіне жылу беріп тұрған №2 орталықтанған жылу қазандығының пештері ескіріп, жылу беру қуаты төмен болуына байланысты, 2015 жылы орталықтанған №2 жылу қазандығына КСВр-1,9 маркалы екі пеш орнатуға бюджеттен 12 млн. 140 мың теңге қаражат бөлініп, мердігер «СК-Альтаир» ЖШС арқылы КСВр-1,9 маркалы екі пеш орнатылды. Бүгінгі күнде, №2 қазандық бір қалыпты жылу беріп тұр.
Қала басындағы №5 орталықтанған жылу қазандығының жылу жүйесінде 2014-2015 жылдар аралығындағы күзгі-қысқы жылу маусымында авариялық жағдайлар орын алған (қазандықтан шығып қайта кіретін жылу жүйесінің құбырлары ескіріп, бірнеше жерден сваркалық жұмыстар жүргізілд). Осы жағдайды ескере келе, 2015 жылы диаметрі 150 мм 380 метр жылу құбырын айырбастауға бюджеттен қаражат бөлініп, ескірген жылу құбырларын айырбастап, бүгінгі күнде қазандық бір қалыпты жылу беріп тұр. Жылу құбырлары айырбасталғалы жылу температурасы көтеріліп, жылу беру сапасы біршама жақсарды. Осындай жұмыстарды биылғы жылы да, әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, «Қарқаралы қаласы әкімі аппараты» арқылы екі мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.  «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер атқарылды.Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бекітілген стандарт бойынша жүзеге асуда. 2015жылды қорытындылай келгенде жалпы 18 дана мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Қаланың бір бөлігіне (Жанибекова көшесінен М.Мамыраев көшесіне дейінгі аймақ) 2 ауыз су скважиналарынан кесте бойынша күніне 2 уақыт ауыз су беріледі. 2014 жылы Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат Паркі жанындағы қалалық ауыз су мұнарасының асты шіріп, тесіліп, жиналған    200 м3 судың 18-20 % далаға ағу себептері болды. Осы мәселені ескере келе,     2015 жылы ауыз су мұнарасы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 185 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнарада жаз айларында жер асты суының көлемі азайған кезде, қалаға қажетті су көлемі азаяды. Осы жағдайға байланысты, қалалық ауыз су мұнарасын ауыстыруға жобалық сметалық құжаттарын жасап және жаңадан ауыз су мұнарасын орнатуға жұмыстар жүргізілуде.
Қалалық ауыз су және лас су (канализация) жүйелеріне қызмет көрсетуге барлығы бюджеттен 7 млн. 200 мың теңге қаражат бөлініп, қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету және жыл бойында орын алатын авариялық жағдайлардың алдын алу және жөндеуге, қалалық лас су жүйесіне қызмет көрсету және жыл бойында орын алатын авариялық жағдайлардың алдын алу және жөндеуге жұмсалды. Ауыз су жүйесінде орын алған 10 авариялық жағдайлар мен 2 дана жер асты насостар сатып алып орнатылды және лас су жүйесінде орын алған 12 авариялық жағдайлар ретке келтіріліп, 2 дана СМ маркалы насостар айырбасталды. Осы жұмыстарды «Ақжол Су Қарқаралы» ЖШС атқарды. Осы авариялық жағдайларды ретке келтіруге байланысты, 2014 жылы тәулігіне 700 м3 ауыз су берілсе, 2015 жылы тәулігіне 900 м3 ауыз су қала халқының қажеттілігіне беріліп отыр.
Қарқаралы қаласы, В.Рей көшесі №52 көпқабатты арендалық тұрғын үйден орталықтанған лас су жүйесіне барып құятын құбырдың бітеліп, істен шығуына байланысты, осы жұмыстарды атқаруға бюджеттен 336 мың теңге қаражат бөлініп, «Ақжол Су Қарқаралы» ЖШС арқылы ретке келтірілді.
Қала басындағы Т.Әубәкіров көшесі, №28 мекен жайындағы бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде (подвал) бірнеше жылдан бері табиғи сулар жиналып, жертөле (подвал) су болып тұрды. Осы жағдай жылдан жылға шешімін таппай, тұрғындар тарапынан наразылықтар болды. 2015 жылы бюджеттен үйдің жанынан қосымша құдықтар қойып, жертөледегі суды соған ағызып, орталықтанған лас су жүйесіне қосу жұмыстары атқарылып, үйдің астындағы су бүгінгі күнде, қосымша қойылған құдық арқылы лас су жүйесіне ағып жатыр.
Қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орынға қызмет көрсетуге бюджеттен 376 мың теңге қаражат бөлініп, жеңімпаз мердігер «Тазалық Қарқаралы» ЖШС жоспарланған жұмыстарды атқарды.
Қала бойынша 2014 жыл ішінде 234 бас, 2015 жыл ішінде 296 бас бос жүрген қаңғыбас иттер ауланып, өртеу жолымен жойылды. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.
Бүгінгі күнде, Қарағанды облыстық маслихатының 2015 жылғы           23 қыркүйектегі ХХХVII сессиясының шешімімен 2016-2020 жылдарға арналған Қарқаралы қаласын дамытудың Кешенді жоспары бекітілген.
Алдағы уақытта бекітілген Кешендік жоспар бойынша жұмыстар атқарылады.
2016 жылдың бірінші жарты жылдығына аудандық бюджеттен 6 млн. 590 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа төмендегідей жұмыстарды атқару жоспарымызда.
Қала ішіндегі автокөлік жолдарының қысқы күтіміне 1 млн. 290 мың теңге (жолдарды қардан қырып тазарту, шығару, құм себу т.б.).
Қаланы ауыз су және лас су (канализация) жүйелеріне қызмет көрсетуге 1 млн. 200 мың теңге (ауыз сумен қамтамасыз ету, орын алған авариялық жағдайларды ретке келтіру).
Қала көшелерін жарықтандыру бойынша жылдық көше жарығының төлем ақысына 3 млн. 500 мың теңге, көшеде орнатылған жарық бағаналары мен жарық шамдарын күтіп ұстауға, қызмет көрсетуге 600 мың теңге қаралды.
Сонымен қатар, қаланың Т.Әубәкіров, Қ.Аманжолов,  Жанақ Ақын, көшелерінің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу (средний ремонт) үшін жобалау сметалық құжаттарын әзірлеп, облыстық бюджеттен қаражат бөлу үшін облыстық жол басқармасына ұсыныс жолданды.
Жыл сайын қалада шағын және орта бизнес те, жақсы дамып келеді. Қаламыздың орталығында орналасқан «Ариана» балалар орталығы мен «Әлім» қонақ үйі, қаланың шеткі жағындағы «Шах» қоғамдық моншасы бүгінгі күнде, қала халқына қызмет көрсетіп тұр. Бұл нысандар жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан несиелер беру және өз қаражаттарына салынды. Осындай жұмыстарды биылғы жылы да, әрі қарай жалғастырамыз.
Орталықтанған №3 жылу қазандығына (№1 орта мектеп жанындағы) қосымша бір КСВр-1,9 маркалы пеш орнату жоспарымызда.
Сонымен қатар қаражатты қажет етпейтін күнделікті жоспарланған жұмыстарды атқарамыз.
Бүгінгі күнге қалада 9 бағыт бойынша мал бағыны ұйымдастырылған. Бірақ та, қаладағы кейбір тұрғындарының малдары бағынға бармай, көшеде бей-берекет жүреді. Осы мәселені ескере келе, көктем айынан бастап көше комитеттерімен бірлесе отырып қала бойынша мал бағынын ұйымдастыру жұмыстары әрі қарай жалғасады.
Биылғы жылы жеке меншік тұрғын үйлердің аула шақбақтарының біразы ауыстырылды. Осы жұмыстарды да, әрі қарай жалғастырамыз.
Қала басынан үй сұраушыларды үймен қамтамасыз ету мақсатында былтырғы жылы құрылысы басталып, биылғы жылы пайдалануға берілетін Т.Әубәкіров көшесі №135 «А», №135 «Б» 2 қабатты 12 пәтерлі  екі тұрғын үйге үй сұраушылар тізім бойынша қоныстанатын болады.
Қаланың перспективалық шығыс мөлтек ауданына 250 балаға арналған бір балабақша құрылысын салуды жоспарлап отырмыз.
Қала басында қылмысты азайту жұмыстарымен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері күнделікті шұғылданып, қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді.
Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №3-7/6338 дәлелді қорытындысы негізінде баға сараптамасының нәтижелері бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жезқазған энергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау қызметінің мөлшері қосылған құн салығысыз (НДС) 14,66 теңгені құрайды (қосылған құн салығымен 16,42 теңге).
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жахандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында мемлекет басшысы қазіргі қалыптасып жатқан жаңа заманның бет-бейнесін, ғылыми тұрғыдан негіздеп, әлемдік дағдарыстың біздің еліміз үшін де, өте салмақты ауыр сынақ болатынын атап көрсетті. Жолдауда атап көрсеткен реформалардың ішінде, жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды дамытуды жүзеге асыру мақсатында, 2016 жылдан бастап жергілікті қажетті мәселелерді шешуге, жүзеге асыруға, жергілікті түсетін салықтан қаржылық қор құру. Оның кірісі, жылдық шығыс жоспары жасалып, жүзеге асыру шараларын және игерілу есебін әкім жанынан құрылатын қоғамдық кеңес қадағалайды. Басқа да, қала бойынша жоспарланған жұмыстарымызды жергілікті салықтан түсетін қаражаттан атқаруды жоспарлап отырмыз.
Қорытындылай келе, Қарқаралы қаласы әкімінің аппараты өзінің жұмысын Елбасымыздың, облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларын басшылыққа ала отырып ұйымдастырады, және келешекте белгіленген жоспарлы жұмыстарды уақытында, сапалы жүргізуге, іскерлікпен жұмыс жасайтын болады.


Дата размещения: 07 Сәуір 2016 11:34 Дата редактирования: 21 Қараша 2019 18:10
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

-17°C ясно, Влажность 44%, Давление 728, ветер 1 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 387.37
EUR/KZT 428.55
RUB/KZT 6.06
Хабарландырулар Мұрағат