ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Қарағайлы кент әкімдігінің 2015 жылы атқарылған жұмыстардың есебі және 2016 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспары

Қарағайлы кент әкімдігінің 2015 жылы атқарылған жұмыстардың есебі және 2016 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспары

 Қарағайлы кентінде 5196 тұрғын, 1070 бірлік аула, 10 бюджеттік мекемелер (бала-бақша, аурухана, 2 орта, 1 негізгі мектеп т.б.), 3 ірі кәсіпорындар, біршама кәсіпкерлік субьектілері  құрайды.
Аймақта «Қазақмыс корпорациясының» Қарағайлы байыту фабрикасы, «Өркен-Кентөбе» ЖШС–гі, «Интеррин» ЖШС–гі және байыту фабрикасына кен таситын 4 мердігер кәсіпорын жұмыс жасайды. Өндіріс орындарында жағдай қалыпты.Жоспарлы түрде жұмыстар жүріп жатыр.
Кент аумағында ресми жұмыссыз ретінде жыл ішінде 14 адам тіркеллсе, жыл соңында 6 адамға дейін азайды.Жұмыссыздықты одан әрі азайту үшін жастар тәжрибесі бойынша 1 жас адам кент әкімдігіне тұрақты жұмысқа шықса, ақылы қоғамдық жұмысқа 16 адам тартылды. Атаулы-әлеуметтік көмек 2 отбасындағы 6 адамға 179,079 мың теңге, балалар жәрдем ақысы 9 отбасындағы 25 балаға 482,024 мың теңге көлемінде көрсетілді.
Жеке кәсіпкерліктің басым көпшілігі саудаға негізделгенмен, кент аумағында 53 сауда дүкені бар, оның ішінде 2015 жылы жаңадан 1 дәмхана (Н.Гофман) ашылды.Кәсіпкерлік саласы біртіндеп, тұрмыстық қызмет көрсетуге бейімделіп келеді. Оның ішінде А.Садыкованың тігін шеберханасын, Ж.Наурызбайдың фотосалонын, Н.Манамбаеваның наубайханасын, А.Қаржауовтың және Т.Хасенованың, Ж.Коныршинның дәмханаларын, Ж.Қонысбаевтың жылы–жайда  өсіретін көкөніс өнімдерін, М.Акимжанованың орталық моншасымен Л.Акимовпен Ж.Конысбаевтардың шағын моншаларын айтуға болады.
Мал шаруашылығы бойынша кент аумағында 2650 бас ірі–қара, 466 жылқы, 2778 қой-ешкі бар.Аймақта «Нұрбол», «Әділ» шаруа қожалықтары жұмыс істейді.Сонымен қатар, жыл соңында «Аслан» шаруа қожалығы тарапынан мал сою пуктінің жұмысы жанданса, 2016 жылы кент аумағында жаңадан мал сою пункті ашылмақ. 
Санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру мақсатында, көктемгі сенбілік жұмыстары басталып, нәтижесінде 450 тоннаға жуық тұрмыстық-қалдықтар шығарылды.Сенбілікке Қарағайлы байыту фабрикасының жастарымен мекеме жұмыскерлері, мектептердің мұғалімдерімен қызметкерлері жұмылдырылып, 21 орам, Машанов көшесі, «Ақ мешіттің» маңайы тазаланып, көше жолдарындағы бардюрлар әктелді. Тазалық жұмыстарына мекеме кәсіпорын, мектеп, аурухана, мәдениет бөлімдерінің, кент әкімдігінің жұмыскерлері белсене қатысты. Сенбілік жұмыстарына Қарағайлы байыту фабрикасы, тасымалдаушы мердігер кәсіпорындар, «Аслан» шаруа қожалығы техникалық демеушілік көрсетті.
Аудандық бюджеттен санитарлық тазалыққа бөлінген 1,0 млн. теңгеге Толеубаев, Ибраев көшелеріндегі, 26 орамдағы 1200 тоннадан артық күл-қоқыстар шығарылды. Көшедегі қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары бойынша аумақтық инспекциямен жеке аңшы И.Репаловтың тарапынан 171 ит ауланғанын айта кеткен жөн.
Өзекті мәселе ауыз су мәселесі. Қыс айларында су қысымының төмендеуі табиғи заңдылық, оның су колонкаларының жұмысына теріс әсерін тигізетіні белгілі.Кент көшелеріндегі су құбырларының тозуы, тұрғындардың ауыз суға уақытылы төлем жасамауы, колонкалардың қайта–қайта істен шығуы, судың ысырапсыз ағуы, сумен қамтудағы үлкен іркілістерге әкелді.Тамыз айының соңында, аудандық бюджеттен бөлінген 2,0 млн. теңгеге 8 бұранда жаңадан қойылып, «Балдырған» бала-бақшасына жекелей су құбыры тартылды.Осының нәтижесінде, ауыз сумен қамту қалыпты деңгейге келтірілді.
«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 4,744 млн. теңге толық игеріліп,  жаңадан 32 электр бағандары, оның ішінде 26 баған Қ.Аманжолов, 6 баған қосымша Ленин көшелеріне қойылды. 
Абаттандыру жұмыстары бойынша әртүрлі өлшемдері 6 баннерлер алынып, жаңадан қойылды.
Жол жөндеу жұмыстары аудандық бюджеттен бөлінген 1,200 млн. теңгеге 15 жол белгісі, 60м2  асфальт төселіп, көлік тоқтайтын арнайы аялдама жасалды.Жұмысты орындаған мердігер «КапланГрупп» ЖШС-гі.2014 жылы көпшілікті алаңдатқан Сатпаев көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кент әкімдігінің назарынан тыс қалған жоқ.Биылғы жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 4,946 млн. теңгеге аталмыш көшенің жолын жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Білім саласында 2 орта, 1 негізгі мектеп, бала-бақша бар.Биылғы жылы аудан бойынша бірыңғай ұлттық тестілеуден №16 орта мектеп 83,9 балл, №17 орта  73,15 балл алды.Нәтиже әлі де болса үлкен ізденісті талап етеді.
Мектеп оқушыларының спортқа, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуі зор мәртебе.Кент аумағында футбол, волейбол, күрес сияқты спорт түрлерінен болашағынан үміт күттірген жасөспірімдер көп. Оларды жаттықтырған кенттегі спорт бөлімінің мамандарымен №16 орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімдерінің еңбектері ерекше.2015 жылы №17 орта мектеп ғимараты құны 50,0 млн. теңге көлемінде күрделі жөндеуден өткізілді.Жөндеу жұмыстарына жылу қазандықтарын жаңадан салу, ғимараттың терезелерін, жылу құбырларын, төбе шатырын айырбастау қамтылды.
Денсаулық сақтау саласында, құрамында 3 жедел-жәрдем көлігі бар станция, шағын дәріхана, зертхана, 3 жоғары білімді дәрігерлермен акушер гинеколог, педиатрия  салаларындағы медбикелерден құралған  5 орындық аурухана тұрақты жұмыс істеп тұр.Медициналық көмек алғашқы дәрігерлік көмек, терапия, тіс емдеу сияқты салалардан көрсетіледі.
Қылмыс пен қоғамдық тәртіп назардан түскен емес.Өткен жыл ішінде полиция бөлімінде 73 оқиға тіркелген.Оның ішінде 44 қылмыс болса, ашылғаны 38. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 1209 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 538 адам жол ережелерін бұзғаны, қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін 211 адам анықталса, бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген 10 ата-ана  әкімшілік жауапқа тартылған.Кент әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия тарапынан жоспарлы жұмыстар атқарылып, полиция өкілдерімен бірлесіп, арнайы рейттік шаралар өткізілді.Жаз мезгілінде жасөспірімдердің бейсауат жүріп, өзен-көлдерге, ормандарға ересек адамдарсыз баруына тиым салу жөнінде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықпен бірлікке ұйытқы болатын мәдени-мерекелік шаралар өз мәнінде өтіп келеді.Әсіресе, «Наурыз», «1-мамыр», «9-мамыр», балалар күні, сияқты әлеуметті, әрі әлеуетті мерекелерді өткізуге «Қазақмыс корпорациясы», «Өркен-Кентөбе» ЖШС-нің кәсіподақ ұйымы, жеке кәсіпкерлер демеушілік көмектерін көрсетті.Мәдени шараларға «Кенші» мәдениет үйі, мекеме, ұйымдардың еңбек ұжымдары ат салысқанын айта кеткен жөн деп санаймын.Қоғамдағы тұрақтылықты қамту үшін дін саласындағы ағартушылықты кеңінен дамыту мақсатында, тұрғындармен мектеп оқушыларына әртүрлі деңгейдегі дін өкілдері тарапынан түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Көптен бері жөндеу жұмыстарына мұқтаж болған кентегі «Ақ» мешіт кәсіпкерлердің қолдауымен күрделі жөндеуден өткізілді.Қолдау көрсеткен С.Нуркеев, Қарағайлы байыту фабрикасының басшылығы, «Аслан» шаруа қожалығын айтып өтуге болады.Жалпы мешіттің жұмысы ондағы ағартушылық, түсіндіру жұмыстарын жүргізу ардагерлер алқасы тарапынан қолға алынып, келешектеде бірлесіп жұмыс атқару жалғаса береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызмет көрсету бағытында 522 өтініштер түсіп, ветеринарлық анықтама 29, ветеринарлық төлқұжат 443, жеке қосалқы шаруашылық жөнінде 50 анықтамалар беріліп, оның барлығы  қанағаттандырылды. Ал жеке және заңды тұлғалардан 51 өтініш түсіп, оның 6 қаңағаттандырылып, қалғанына түсініктемелер берілді.
Ендігі 2015 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары:
1. Кент көше жолдарын жөндеуден өткізу;
2. Санитарлық тазалық жұмыстарын одан әрі жалғастыру;
3. Кент көшелерін абаттандыру.
Жоғарыда айтылған жұмыстар күнделікті бақылауда болып, халқымыздың игілігі үшін үлкен міндет болмақ.

 


Дата размещения: 06 Сәуір 2016 14:20 Дата редактирования: 19 Маусым 2019 23:44
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

21°C облачно, Влажность 37%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 383.69
EUR/KZT 429.08
RUB/KZT 5.97
Хабарландырулар Мұрағат