ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету М.Мамыраев ауылдық округінің әкімі К.А.Жантуриннің 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

М.Мамыраев ауылдық округінің әкімі К.А.Жантуриннің 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

Өткен жыл еліміз үшін елеулі жыл болды.Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығын атап өттік. Тарихи 24 жыл ішінде еліміз дамудың бұрын ешкім баспаған тың жолын өтті. «Әуелі экономика, сонан соң-саясат » деген Президенттің ұранымен біртіндеп бүгінгі күнге лайық демократиялық мемлекеттің жаңа моделі жасалды. Ел басшылығы бұл модельді нарықтық қатынастар негізінде жетілдіріп , дамудың «Қазақстан жолы» деп атады. Еліміздің өткен қаржы дағдарысынан аман шығуы, экономикасын кері кетіріп алмай, нығая түсуі осы шаралардың арқасы.
        2015 есепті жыл басқа жылдармен салыстарғанда көп ерекшеліктері жаңалықтары және жауапкершілігімен толы болды.
        Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында кезектен тыс Президент сайла-уы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтті.Ауыл тұрғындары сайлауға бір кісідей ат салысты. Елбасының «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары жарияланды, 2015 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына, Жолдауы ұсынылды. Өз Жолдауында  Президент Үкіметке 16 тапсырма берді, ; жаһандық дағдарыс жағдайында 10 әлеуметтік сенсация, жаңа инвестициялық саясаттың 7 бағыты, отандық қаржылық секторды тұрақтандыру жөнінде 6 ауқымды қадамы, техникалық кадрлар дайындау жүйесін дамыту және Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттыру бойынша 3 қағидатты жаңа қадам туралы хабарлады. Осының барлығы Қазақстан қоғамының болашағының қамын жасауға бағытталған. Аталған шаралардың барлығы азаматтардың өз отанына деген сенімін нығайтады, әлбетте, болашаққа деген сенімділігін ұялатады. Дәл осының барлығы Президент Жолдауының саяси маңыздылығын құрайды.
        Бүгін мен сіздердің назарларыңызға ауыл әкімі ретінде жыл бойы Елбасының,аудан әкімінің, жалпы «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару» заңына сай атқарылған жұмыстар жөнінде және келешекте қандай істер атқаруымыз керектігіне тоқталмақпын.
       Ауыл округінде екі елді мекенмен 29 қыстақ орналасқан. Жер көлемі 136 мың гектар. Халық саны – 1003.
       2015 жылдың тамыз айынан бастап сайлаушылардың тұрғылықты жерін нақтылау және төлқұжаттарын жаңарту жөнінде Мартбек Мамыраев ауылдық округы әкімінің аппараты халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып,  адамдарның жаңа куәлік алуына қолдары жетті.
Мемлекеттік қызмет көрсету
      Мартбек Мамыраев ауылдық округы әкімі аппаратында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-5717. Оның ішінде: «Жеке қосалқы шаруашылығы бар болуы туралы анықтама беру» - 208, ветеринарлық анықтама беру - 215, бірдейлендіру-5290, ауылды жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру - 4 
      Бюджеттен қаржыландырылатын 6 мекеме бар, олар: Ақжол ауылындағы 1 орта және Жананегіздегі 1 бастауыш мектептер, отбасылық амбулатория, клуб үйі, мұражай, кітапхана. Ақылы қызмет көрсететін пошта бөлімшесі, телефон станциясы бар.
     Ауыл шаруашылық саласында 49 шаруа қожалығы жұмыс істейді, оның 10-ы қосымша егін шаруашылығымен шұғылданады.
     Енді, жоғарыда аталған бюджеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер және ауылдағы шаруа қожалықтарымен бірлесіп істеген жұмыстарға тоқталып өтейін.
     Салық төлемдеріне келсек 2015 жылы мүлік салығының нақтылы түскені-42376, жер салығының нақтылы түскені-37804, көлік салығының нақтылы түскені -943996, жеке табыс салығының нақтылы түскені-281495.Барлығы-1305671 теңгені құрап отыр.
     Ең бірінші: өткен жылы ауыл бюджетіне  № 9 разъезд оқушыларын мектепке тасымалдауға – 772,0 мың тг, көшені жарықтандыруға – 205,0 мың тг, су жүйесіне 441,0 мың тенге бөлініп игерілсе, «Өңірлерді дамыту»  бағдарламасы бойынша 977 мың тенге бөлініп, Аубакиров көшесіне 10 жарық шамы орнатылды.
      Ауыл әкімі ретінде менің негізгі жұмыстарымның бірден-бірі ауылдағы оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мәдени мекемелердің қалыпты жұмыс жасауына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын жаңартып отыруына, тұрғындарға тиісті қызметтерін өзі дәрежесінде жүргізуін қадағалап көмектесу болады.                    Осы салаларда ауылда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Атап айтсақ, Әлібек Бүркітбаев атындағы № 12 орта мектеп ауылымыздың емес, ауданымыздың оқу ағарту саласындағы қара шаңырағының бірі. Білім беруді жетілдірудің маңызды элементі оқу процесіне қазіргі заманғы әдістемелермен жаңа технологиялар енгізу педогогикалық құрамның сапасын көтеру болып табылады. Осы бағытта жұмыс атқарып жатқан Акжол елді-мекеніндегі № 12 орта мектеп ұжымының мән-жайына кішкене тоқтала кетсек. Мектепте 133 оқушы болса,      30 мұғалім сабақ береді. Барлығы да өз мамандарының шебері.  Мектепте шағын орталықта -2 топ, 1- мектеп алды даярлық тобы- 14 бала, 11 сынып комплектісі бар. Мектепте жаңа үлгідегі мультимедиялық , лингофон,физика,биология, бір интерактивті тақта, компьютер кабинеттері жұмыс істеп тұр. Мектепте барлық пәндер бойынша мұғалімдер жеткілікті.  Орта мектепті 10 оқушы бітірді. ҰБТ-дан орташа 90,3 % балл жинап, аудандық көрсеткішінен жоғары болды. Жоғары оқу орнына грантпен оқуға түскен оқушы саны - 1. 1-ші желтоқсан-Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президент күніне арналған мәдени мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. №12 Әлібек Бүркітбаев атындағы мектеп алаңында аудан әкімі Халел Мұқатайұлының қатысуымен жиын өтті.Аудан әкімі халықты президент күнімен құттықтай келіп, мектепке оқушыларды тасымалдауға жаңа Уаз автокөлігінің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Соны мерекелік концертпен жалғасты. 
     Ауылдағы клуб, кітапхана, мұражай мекемелері де халыққа тиісті қызметтерін көрсетіп жатыр. Ауылдағы қандай да болмасын мәдени шаралар солардың қатысумен өтіп жүр.
     Кітапхана жұмысы айтарлықтай жетілдірілді. Кітапханада телефон нүктесі бар, компьютермен жабдықталған.
    Ақжол ауылының №16 филиал моделдік кітапханасының жыл соңындағы кітап қоры саны 16734, оның 9621-і қазақ тілінде.  Оқырман саны - 580. Кітап қоры жылдан-жылға жаңа кітаптармен толығуда. Биылғы жылы 500 жаңа кітап алдық, оның 477-сі қазақ тілінде. Жаңа кітаптар құны –638976 теңге. Бүгінгі күні кітапхана 30 мерзімді басылымдар түрін алады, оның ішінде 17 - газет, 13 - журнал. Өткен  2015 жыл үлкен оқиғаларға толы жыл болды. Қазақ хандығына 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен және ҚР Конституциясының 20 жылдығына байланысты кітап көрмелер, кештер, танымдық өнегелі сағаттар өткізілді.«Арқаның ақсақалы» атанған Мұхамет-Әли Толыбаевтың 155 жылдығына арнайы қызы  Гулзипа Толыбаева «Ұмытылмас дала перзенті - Мұхамет-Әли» атты кітап жазып, халық назарына ұсынған. Осыған орай кітапханада «Ұмытылмас тарих беттері» атты тұсау кесер кеші өтті. Жерлестеріміз қоғам қайраткері  Нығмет Нұрмақовтың 120 жылдығына, «Күй атасы» атанған Тәттімбет  Қазанқапұлының 200 жылдығына, «Азаттық аңсап алысқан» Мәди Бәпиұлының 135 жылдығына байланысты кітап көрмелері әзірленіп, өлкетану сағаттары жүргізілді. Кітапханашы Назира Кеңесқызы 2015 жылы Ресейлік мәдениет және өнер академиясының магистратурасын бітіріп, қараша айында аттестациядан үздік өтті.
       Қалибек Қуанышбаев атындағы мұражай бүгінгі күні тиісті қызметін атқаруда. Сыртқы келбетіне іші сай. Қыста жылы, жазда қоңыр салқын, бөлмелері безендірілген, жәдігерлер ретімен орналастырылған. Ауыл емес, ауданға келген қонақтарда келіп естеліктерін жазып кетеді.Бүгінгі күнге 1402 дана жәдігер қоры бар. Мұражай қызметкерлері де жоспарлары бойынша айтулы мейрамдарда көрме, ашық есік күндері ұйымдастырып тұрғындарға қызмет жасауда.
       Ауылымыздың  күнделікті өмірінде байланыс почта  бөлімшесінің орны ерекше. Ауылымыздағы пошта бөлімшесі арқылы зейнетақы, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары беріліп әр түрлі төлемдер қабылданады. Газет-журналдар аптасына үш рет  халыққа таратылады. Баспасөз басылымдарына жазылу жоспары толығымен орындалды. 2016 жылға баспасөзге жазылу қалыпты түрде мезгілінде ұйымшылдықпен өткізілді. Атап айтсақ, Қарқаралы Орталық Қазақстан, Индустриальная Караганда, Егемен Қазақстан, Казахстанская правда т.б. газет-журналдар, жалпы  520  экземпляр қамтылып, аудан бойынша бірінші бітірдік.     
     Телефон байланысы жүйесінің жұмысына келетін болсақ,ауылда 165 телефон нүктесі бар,қосымша 75 сымсыз телефон «Терминал»дейміз, осы жүйеге Жананегіз ауылы да қосылған, бірқалыпты жұмыс істеуде. Бірақ тұрғындардың реніш-наразылығы көп, себебі қатты жел,боран, жауын-шашында сымдар айқасып, үзіліп т.б. себептерден істен шығып қалады. Бірнеше күн аудандық телекоммуникация мекемесінен бригада шақыртумен боламыз. Бір-екі істен шыққан нүкте үшін олар келеқоймайды, міндетті түрде 5-10 нүкте істемеу керек, сонда ғана келеді.Бұрын ауылда телефон станциясының өз монтеры болатын, ондай мамандарды аудан бойынша қысқартып тастаған, сол себептен істемей қалған телефон желісі уақытында жөнделмей пайдаланушылардың ренішін тудырады. Өзі тарапымнан ауданның телекоммуникация басшысынан ауылда тұратын маманды орнына  қайта алуды сұраудамын.
     Адами әлеуеттің деңгейін арттырудың маңызды бағыты – медициналық қызметтерді көрсетудің қол жетімдігін және сапасын арттыру. Ауылдық округте фельдшерлік- акушерлік пункт бар. Медициналық қызметті мед. пункт меңгерушісі, балалар медбикесі және санитар көрсетеді. шұғыл және ауыр науқастарды аудандық орталық ауруханаға жектізу үшін «Жедел жәрдем» машинасы бар. 2015 жылы 1634 адамды  ФАП-та қабылдау жасап, 327 рет үйлерге шақырылды.  2015 жылы 15 нәресте дүниеге келді, 6 адам қайтыс болды.  1003 кісінің 213-і 14 жасқа дейінгі балалар, 31-і жасөспірімдер.
          Сонымен қоса ауылда 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Олардың міндетері мүмкіндіктері шектеулі балаларға қоғаммен етене араласуға, өздерін оқшау сезінбеуге, бойларындағы дарынын ашуға бейімдеу, оқыту болып табылады, сонымен қоса жалғыз басты күтушісі жоқ кісілерге көмек көрсету.
Ол қызметкерлердің жұмыстарын да қадағалап отырамыз.
     18 жасқа дейінгі 57 бала, 23 отбасыға 1 млн 307 мың.тенге мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді. 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
     Ауыл тұрғындарының  қосалқы шаруашылығында бүгінгі күні  1097  бас ірі қара,  3266  бас қой-ешкі,  406  бас жылқы бар.
     Ауылдағы малдарға жететіндей мал азығы дайындалды. Ал жалпы шаруа қожалықтарындағы малмен есептесе  3067  бас ірі қара,  11557  бас қой-ешкі,  1825  бас жылқы бар.
    Жаз уақытында жеке меншіктің малын қырға шығарып бағу ұйымдастырылды. Бұл малдың иесіз жүріп жоғалуынан және теміржолға барып поезд астына түсіп теміржол қозғалысына қауіп төндіруден сақтайды. Бос жүрген мал тоғайдағы  шабындықты таптап тұрғындар арасында келіспеушілік тудырады.
     Ауыл бойынша мал дәрігерлік бағдарламасы шенберінде мал дәрігерлік сауықтыру іс шаралары өткізіліп, мал ауруының алдын-алу мақсатында ірі қара және қой ешкілерден қан алынып екпе жұмыстары жүргізілді.
     Шаруа қожалықтар мен ауыл тұрғындарының малдарын эпизотиялық аурулардан алдын-алу мақсатында , ветеринариялық шараларды мезгілінде атқарып отыру үшін ауылда ветстанциясының  бөлімшесі ұйымдастырылған, жетекшісі Сейсенбаев Ербосын. Барлық жоспарлы ветеринариялық профилактикалық шаралардың орындалысы төмендегідей:
    Мартбек Мамыраев ауылдық округі бойынша ветеринариялық профилактикалық шаралардың  2015 жылғы жоспар бойынша орындалысы.
Жұқпалы індетке, сібір жарасына жоспар бойынша ауыл шаруашылық малдары тегіс егілді. Қарасанға ірі қара малдары 100% егілді. Оң нәтижеге шыққан ірі қара малдары уақытында етке тапсырылды.
     Ауыл  шаруашылығы жануарлары толық бірдейлендіріп, 100% орындалды, компьютерлік базаға ірі қара-1200 бас, қой-ешкі-6500 бас енгізілді. Бруцлезге қарсы 3800 бас ірі қара, 11909 қой-ешкіден қан алынып, 100% орындалды.
    Округ бойынша шағын кәсіпкерлік саласында 66 субьекті тіркеліп,онда 188 адам жұмыс істейді.Бұл экономикалық белсенді халық санының 18,7% құрайды. Шаруа қожалықтарында барлығы 164 адам жұмыс істесе,оның 30-ы маусымдық жұмыспен қамтылған. Ветеринария саласында 4 адам және қоғамдық тамақтандыру орнында 2 адам қызмет жасайды. 9 кәсіпкер саудамен айналысады. Оның ішінде 4 кәсіпкер арнайы азық-түлік және тағы басқа күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды сататын дүкен ашқан.
     Ауыл шаруашылығы бойынша:Мемлекетіміздің ауылшаруашылық саласына тұрақты қолдауының арқасында, ауылымыздың шаруашылықтары мал басын асылдандырумен айналысып, несиелерін алып, шаруашылықтарын дамытып отыр.
    Ауыл шаруашылық саласында 49 шаруа қожалығы құрылып,оның 39-ы мал шаруашылығымен шұғылданса,10-ы малмен қоса егін салумен нақтылай шұғылданады. Ауыл шаруашылық саласында атқарылған жұмыстар да айтарлықтай деуге болады. Мартбек Мамыраев ауылдық округі бойынша Қарқаралы ауданының ауылшаруашылығы саласын индустрилды- инновациалық дамытудың 2015 жылға және 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған даму бағыттарын іске асыру жөніндегі кешендік іс-шаралар жоспарында мал сою алаңы мен мал қорымын салу қарастырылған. Бүгінгі күні мал сою алаңы ашылып, жұмыс істеп тұр.
     Ауылдағы шаруа қожалықтары тиісті шаруаларын атқарып жүр. 2015 жылы біздің егін себетін 8 шаруа қожалығы 6349 га алқапқа.оның ішінде 6049 га бидай,300 га арпа дәнді-дақылдары себілді. Оның ішінде бидайдың орташа түсімі- 7,1 ц/га,арпаның орташа түсімі-6,7ц/га.
    Қарағанды қаласында өткізілген «Ауыл-Береке-2015» ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне ауыл тұрғындары  4,5 тонна мал етін саудалап өткізді. Бұл жәрмеңкелерге Саменова Алтынай, Оразбеков Тлеужан, Жумабеков Серік т.б. азаматтар белсенді қатысты.
     2015 жылы көктемгі егістікке ауылдағы шаруа қожалықтарына қолдау жасау шаралары бойынша үкімет тарапынан арзандатылған дизель отынымен көмек көрсетілді.
     Сонымен қатар  қысқы мал азығын дайындау мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді.Ауылдық округке қарасты шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарын қысқы мал азығымен қамтамасыз етуде 38909 тн шөп дайындауға тапсырма берілсе , нақты 38909 тн шөп шабылып 100 пайызға орындады.
     Қазіргі уақытта үкімет тарапынан шаруашылықтардың іріленуіне, мал басын көбейтуге көп мүмкіндік және көмек жасалуда. Алынған асыл тұқымды ірі қара малға Мартбек Мамыраев ауылдық округінен  11 шаруа қожалық 4 млн 774 мың теңге, ірі қара малға селекциялық жұмыстарға 10 шаруа қожалық 21 млн 398 мың теңге, егін шаруашылығына 3 шаруа қожалық 17 млн 148 мың теңге субсидия алды.
     Ірі қара малдың экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында ауылдық округте «Сыбаға бағдарламасы аясында» шаруа қожалықтар жоспар бойынша -60 бас, нақты алғаны-131бас ірі қара, «Алтын асық бағдарламасы аясында» жоспар бойынша -265 бас, нақты алғаны-447 бас қой-ешкі сатып алды. Экспортқа мал тапсыру тапсырмасы бойынша 42 бас мал еті тапсырылды.       
     Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын – алу бойынша 1 учаскелік полиция қызметкері жұмыс атқаруда. Учаскелік полиция қызметкері Сарсекеев М.К. әкімшілік учаскесі Ақжол, Жаңанегіз, ауылдарын қамтиды. Қызметкердің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін акиматын ғимаратынаң қызметтік кабинеті орналасқан, қызметтік телефоны 33-3-34. Атқарылған жұмыстармен қатар учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтіретін жайлар да бар: қызметтік компьютерлік техникасы, ксерокс және жихаздар қажет.
       Ауылда, барлығымызға белгілі 2007 жылы орталықтандырылған Үкіметтің «Ауыз су» бағдарламасы бойынша су жүйесі іске қосылған. 2012 жылы пилоттық жобамен Жананегізде орнатылды. Ауылда ауыз суы құдықтардан алынады. Барлығы - 15 құдық, оның 13-і ауыз су мен ауылды қамтамасыз етеді, 2-еуі істен шыққан. Биылғы тексеруден өткізілен ауыз судың сапасы нормаға сай болды. Құдықтарға көктем мен күз кездерінде дизенфекция үшін хлоромин салынып тұрады.
        Ауыл көшелерін күл-қоқыстан, мал қиларынан тазарту, жалпы санитарлық тазалық мәселелері жылда ауыл тұрғындарының белсенділігімен атқарылуда. 2015 жылы Қарқаралы қаласының жеке КАМАЗ иесі Сыздықов Ақшеке  ауыл тұрғындарының ақшасына  1215 тонна күл-қоқыс шығарды.Бұл жұмысты биыл да жалғастырамыз. Ауылдан көшіп кеткен кісілердің , қазір иессіз қалған пайдалануға жарамсыз бұзылған әлі 7-8 үй бар.Күллі ауылдың көркін бұзып тұрған сол үйлердің орнын тазалау керек болып тұр. Оған аудан әкімі қаржыдай көмектеспекші, осы мәселе шешілсе жақсы болар еді.
     «Заңына қарай заманы , жағдайына қарай талабы» демекші қазір тұрғындарды мазалайтын мәселе , - біздің ауылда ұялы телефон жүйелері неге орнатылмайды.
       Осы жүйе кісілердің күнделікті жұмысына, тұрмысына тіпті жүріп тұруына да керек болып тұр десек, артық емес деуге болады. Сондықтан осы мәселені жоғарғы жақтан сұрауға, аудан басшылары ықпал етсе деймін.
      Ауылда бірден-бір қолға алып істейтін жұмыс – жастардың бос уақытын салауатты өмір салтына тарту, спорт, көркем өнерпаздар ұйымына кеңінен қатыстыру, ауылдағы мәдени-көпшілік шараларды жастар арқылы ұйымдастыруды, осы жұмысты клуб меңгерушісімен бірлесіп істеуіміз керек. Бұл өте маңызды мәселе, ауылда жастардың тұрақтамауының  себебі де осында.
      Жалпы ауылда спорттың әр-түрлері бойынша жастардың ынтасы жақсы деп айтуға болады, мысалы футболдан Сейтжанов Олжас, Алимбаев Серіктің атындағы дәстүрлі футбол турнирлері жыл сайын өтіп тұрады. Ауданда болатын әр-түрлі жарыстардан ауыл спортшылары қалған емес, дегенмен бұл жұмыста да жүйеге қойылу керек деп ойлаймын. Біздің ауылдың жастары көкпар ойынынан алдарына жан салмайды. Спорттың осы түрін қолдан шығарып алмау керек, жастарды тарту керек.
Жананегізде ат ойындары үшін арнайы ипподром салу қолға алды. Биыл ол алаңда Қарқаралыда алғаш рет үлкен дүбірлі той өтті - өздеріңіз куә болдыңыздар.
      Алда әліде атқаратын істер баршылық. Сонымен қатар топтық ауыз су құбырын жөндеуден өткізу жоспарда тұр. Бірлесе көтерген жүк жеңіл дейді сондықтан алдағы жоспардағы істерді бірлесе атқарамыз деп ойлаймын. Сіздерге отбасыларыңызға амандық дендеріңізге саулық тілеймін. Жаңа жылда жаңа табысқа жете берулеріңізге тілектеспін.

 


Дата размещения: 06 Сәуір 2016 14:12 Дата редактирования: 24 Шілде 2019 15:21
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

25°C малооблачно, Влажность 36%, Давление 708, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.06
EUR/KZT 429.19
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат