ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Тәттімбет ауылдық округінің әкімі С.Саркеновтың 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Тәттімбет ауылдық округінің әкімі С.Саркеновтың 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін–өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасынан» туын-дайтын міндеттерді жүзеге асыруды осы есептік кезеңде Тәттімбет ауылдық округі әкімдігінде атқарылған жұмыстарға тоқталмақпын. Тәттімбет ауылдық округінің ауыл шаруашылық жер көлемі 143662 га жерді қамтиды. Бүгінгі таңда округтегі екі елді мекен және 20 қыст
ақта статистикалық мәліметтер бойынша 715 адам тұрады, оның 375 – і эк
ономикалық белсенді тұлғалар санатына жатады.2014 жылы- 11 сәби, 2015 жылы- 7сәби дүниеге келді. 1 отбасына атаулы әлеуметтік көмек, 7 отбасына балалар жәрдемақысы төленеді. 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.Жаңа жұмыс орындарына бірінші кезекте аз қамтылған отбасы мүшелері жұмысқа алынды. 2015 жылы 16 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс өмірлік мәселе екендігі белгілі, сондықтан да Үкімет қабылдаған Тұрақтандыру бағдарламасына да айрықшакөңіл бөлінген.
Біздің ауыл халқының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Округтегі мал басы жыл сайын артып келеді, округ бойынша: ірі қара 4091 басқа, қой – ешкі 7995 басқа, жылқы 1418 басқа жетті. Осы малға 32861 тонна жем – шөп дайындалып алынды. Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары Астана, Қарағанды, Саран қалаларында өтетін «Ауыл – Береке» жәрменкесіне жылда жақсы дайындықпен қатысып жүр. Ауыл әкімдігінің шаруа қожалықтарымен  тығыз байланыста жұмыс жасап, жыл аяғында әрқайсысымен келесі жылдың жұмыс жоспарын үкіметтің арнайы бағдарламаларын басшылыққа алып жасағандықтан, біздің шаруа қожалықтары «Казагроқаржыдан», «Қарқаралы» несие серіктестігінен төмен пайызды несиеге қол жеткізіп, субсидия қаржысын уақытында толықтай алды.Ең бастысы олар қазіргі нарық талабына сай, мақсатты жұмыс жасауға бет бұрды. Ауыл шаруашылығын дамыту саласында 20 шаруа қожалығ ы жұмыс жасап отыр. 2015 жылы жаңадан 2 шаруа қожалығы құрылды.  Шаруа қожалықтарының басшылары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы іске асып жатқанын, мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие беру мен субсидиялауға қатысты барлық жағдай жасалып отырғанын жете түсініп өздерінің және шаруа қожалығы мүшелерінің малдарын қосалқы шаруашылықтан қожалыққа ауыстырумен қатар ет өнімінің сапасын арттыру мақсатында қолдағы малды асылдандырумен шұғылдануда «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мал шаруашылығының өнімділігі  мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне» сәйкес аудан әкімінің берген тапсырмаларын орындау мақсатында, 10 шаруа қожалығы ірі қараның селекциялық жұмыстарына 23 млн тенге субсидия алды. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Каз Агро Қаржы» - дан «Әділ», «Ауыл» шаруа қожалығы, «Құлан» бағдарламасы бойынша «Майтан», «Дастан» шаруа қожалықтары төмен пайызды несие алып мал басын көбейтіп, асылдандыру жұмыстарын жалғастыруда.  2015 жылы «Бапалак» шаруа қожалығы (У.Темирханов) 69 бас ірі қара
малын Ақмола облысындағы экспортқа дайындайтын бордақылау мекеме-
сіне тапсырды. Округтегі «Ауыл» - (Слямов), «Әділ» - (Камалиев Б), «Бапалақ» - (Темирханов У), «Бақдәулет» - (Акпанбаева Қ) шаруа қожалықтары 2015 жылы 9 бас асыл тұқымды бұқа алып, асылдандырумен 2015 жылы айналыса бастаса, «Әділ» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасымен 46 бас құнажын сатып алып, ірі қараны 107 басқа, «Ауыл» шаруа қожалығы 30 бас құнажын сатып алып ірі қараны 75 басқа жеткізді. Бүгінгі күні округте 13  шаруа қожалығы ірі қара малын асылдандыру жұмыстарымен айналысуда. 2015 жылы «Бапалак», «Майтан», «Өнер» шаруа қожалықтары ірі қараның аналығы 100 бастан асуына байланысты 2 МТЗ – 82, 1 МТЗ – 92 тракторларын «Казагромаркетинг» арқылы 50%жеңілдікпен алды.  СПК «Нұр -555» кооперативі биылғы жылы 36 бас асыл тұқымды бұқа
әкеліп ауылдың жеке меншік табынына қосты.
No32 орта мектепте 2015 – 2016 оқу жылында 86 оқушы  білім алуда. Оқушыларға 30 мұғалім білім мен тәрбие береді. Биыл 3 жас маман келді, оның екеуі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша. Мектеп мұғалім кадрлармен толық қамтамасыз  етілген, шағын орталықта 33 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектеп алды даярлық тобында 9 бала оқиды. Оқушылардың сапалы білім алуына қажетті 27 компьютер бар. 1 информатика, 16 оқушыға арналған мультимедия және кейінгі үлгімен жабдықталған физика және биология кабинеті жұмыс жасайды. Білім беруде 3 интерактивті тақта пайдаланылады. 1 компьютерге 3,1 оқушыдан келеді. Мектептегі асханада аз қамтылған отбасының 1 баласы тегін тамақтанады.
Ауыл халқының денсаулығы үнемі назарда. Емхана мамандармен толық қамтылған. Лаборатория, 6 кабинет, 5 орынды күндізгі стационар, аптека маңайдағы 4 ауылдық округ халқына қызмет көрсетуде. Жүрек, азқазан ауруларына тегін дәрілер беріледі. Күндізгі емдеу  бөлімінде 245 адам ем қабылдады. Флюрографиялық байқаудан 451 адам өтті. Биылғы жылы 70 тонна көмір түсті, жедел жәрдем автокөлігі жүріп тұр. Емхана ғимаратын жөндеу жұмыстарына деген халықтың сұранысы биылғы жылы өз шешімін табады деген ойдамыз. Халық денсаулығы таза ауыз суға тікелей байланысты. « Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» жобасы бойынша 2010 жылы ауылымызға су құбыры тартылып, жұмыс жасап тұр. Биылғы жылы аудандық бюджеттен бөлінген 2 млн тенгеге Актасты ауылының су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар есебінен мүмкіндіктеріне қарай ауыз суды әр үйге кіргізуді ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. 2015 жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасымен
бөлінген 665 мың теңгеге Казыбек би көшесіне 10 көше шамы оратылды.
Елді елге танытатын халықтың мәдениеті екені белгілі. Ауылдағы мәдениет ошағы - клуб үйі ауылдың көпшілік жиналатын орны, онда халық театрының,
мекемелердің қатысуымен жыл бойы 30 –ға жуық мәдени көпшілік шаралар өткізілді, 30 желтоқсанда «тамаша» ойын сауық бағдарламасы, 31 желтоқсан күні жастарға өткізілген жаңа жыл шыршасы халықтың көңілінен шықты.
2015 жылы ауыл жастарының «Ойнап айтам» КВН командасы Қарағанды
қаласында өткен облыстық «Жайдарман» ойындарында  3 орын иеленіп
«Тәуелсіздік» кубогін жеңіп алды. Шаруа қожалықтары, қыстақ иелері мен жеке кәсіпкерлер ауылда өткізілетін мәдени көпшілік шараларға демеушілік көрсетіп тұрады.
Клуб үйінде орналасқан 22500 дана кітап қоры бар кітапхана жұмыс жасайды. Жыл бойы 250-300 дана жаңа кітап қорымен толықтырылып оқырмандарға насихатталуда. Әкімшілік ғимаратында орналасқан пошта байланыс бөлмшесі жұмыс жасайды. 2016 жылға 400 дана мерзімдік басылымдарға жазылып, жоспарды артығымен орындады. Округте телефон байланысы СДМА станциясы арқылы жұмыс жасайды. Биылғы жылы округтің барлық қыстақтарына телеф он байланысы орнатылды. Мемлекеттік қызмет көрсету.  Азаматтардан түскен өтініштер уақытында қаралады, тиісті жауаптары беріледі.  Жыл ішінде ауылдық округ әкімі аппараты халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуде біршама жұмыстар атқарды.  Халыққа 1036 ветеринариялық анықтама,   1304 ветеринариялық паспорт және 85 қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беріліп, тұрғындар өтініші толық қанағаттандырылды
Округтегі моралдық психологиялық ахуал қалыпты жағдайда. Халық арасында қоғамдық ұйымдар, ардагерлер және әйелдер кеңестері түрлі мере-келерді, басқа да мәдени көпшілік шараларын өткізуде, ағымдағы жұмыстармен жастардың тәрбие мәселесі жөнінде  әкімдікпен бірігіп жұмыс
істеп келеді. 
Ауылымызда қоғамдық тәртіптің сақталысын қадағалайтын учаскелік инспектор күнделікті және мерекелік күндері кезекшілермен қоғамдық тәртіпті  бақылауда ұстайды. Әкімдікпен бірігіп қыстақтар араланып, шаруа қожалықтарының басшыларынан, жекелеме қыстақ иелерінен сырттан келген құжаттары жоқ адамдарды уақытында тіркеуге қою туралы жазбаша түрде қолхат алып орындалысы қадағаланып отырылады. Ауыл жастарымен және мектеп оқушыларымен қылмыс тың алдын-алу жөнінен профилактикалық жиындар өткізіліп тұрады.
Алдағы уақытта шешімін табатын істер:
1. Шілдебай ауылының ауыз су мәселесін шешу үшін «Кіші елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» бағдарламасына енгізілсе.
2.Емхана ғимаратына жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінсе. Келешекте Тәттімбет ауылдық округі әкімдігі Елбасының жүргізіп отырған саясатын қолдап, аудан әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, ауылда нақтылы істерді қолға алудың арқасында. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін ел болып бірігіп жүзеге асырамыз деп сендіремін.

 


Дата размещения: 06 Сәуір 2016 10:24 Дата редактирования: 19 Маусым 2019 17:38
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

21°C облачно, Влажность 37%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 383.69
EUR/KZT 429.08
RUB/KZT 5.97
Хабарландырулар Мұрағат