ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Қаракөл ауылдық округінің әкімі Б.Абдикаримовтың 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі 15.01.2016 жыл

Қаракөл ауылдық округінің әкімі Б.Абдикаримовтың 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі 15.01.2016 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халыққа есеп беру кездесулерін қолға алып, іс жүзіне асыруда.
Қаракөл ауылдық округі әкімдігінің 2015 жылы жалпы атқарған жұмыстары Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жылма-жыл арнайтын Жолдауына, осыдан туындайтын облыс, аудан әкімінің есеп беру кезеңдерінде қойылған мәселелер мен проблемаларға сәйкес жүргізілуде.
ҚР Президентінің жергілікті жердегі өкілі әрі ауылдық округі әкімі ретіндегі біздің басты міндеттеріміздің бірі – ол бюджет қаржысын тиімді пайдалана отырып, ауыл халқының әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстау, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерді оңтайлы шешу болып табылады.
             Ауылдық округінің    жалпы  жер  көлемі 55306  гектар, оның ішінде 22161 гектар 14  шаруа қожалығында тіркелген. Шаруа қожалықтарына бекітіліп берілген 22161 гектар жердің 330 гектары егістік, 1229 гектары тыңайған жерлер, 156 шабындық, 20072 гектары жайылымдық жерлер.
Ауылдық округ бойынша 9 шаруа қожалығы 3731 гектар жерді ешқандай мақсатқа пайдаланбай отырған болатын. Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2015 жылдың 1 қаңтарына осы 9 шаруа қожалығының алтауы мал алып, шаруашылық кітабына малын тіркеп отыр. Атап айтсақ, «Ақнұр», «Ұлан», «Ауыл», «Ермек», «Ақжол», «Борлыбұлақ» шаруа қожалықтары.
Бүгінгі күні егістікке жарамды 1559 га. жер төмендегі шаруа қожалықтарының есебінде тұр.  Атап айтқанда: «Борлыбұлақ» шаруа қожалығында 437 гектар,  «Ақнұр» шаруа қожалығында 74 гектар, «Ұлан» шаруа қожалығында 480 гектар, «Мусаба» шаруа қожалығында 139 гектар, «Ауыл»шаруа қожалығында 134 гектар, «Ермек» шаруа қожалығында 235 гектар. Жоғары да аты аталған шаруа қожалықтарының арасынан  «Ұлан» шаруа қожалығы басшысы Ибраев Ерғазы егін салумен айналысып отыр. Ал қалғаны егістік жерді тиімді пайдаланбай отыр. Сондықтан шаруа қожалықтары алдағы уақытта осы шаруа қожалықтарынан жерді қайтарып алу жөнінде шара көруге                     2016 жылдан 2018 жылға дейін жоспар жасап отырмыз.
  «Қаламқас» шаруа қожалығы басшысы А.Ибраев шаруа қожалығын жауып, жерін өз еркімен қайтарып берді.
«Қарашоқы» шаруа қожалығының басшысы Б.Ашимов ауылда тұрмағандықтан кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізе алмай отырмыз. Алдағы уақытта іздеп тауып, жерін қайтаруға жұмыс жасайтын боламыз
      Округ  тұрғындарының  жалпы саны бүгінгі  күні  250 адамды  құрайды.  Мұның  ішінде экономикалық  белсенді  санатына  124 адам  жатады.  Жұмыссыздар саны  барлығы  5 адам. Аз  қамтылған  отбасы – 1. Атаулы  әлеуметтік  көмек 1 отбасыға,            3 адамға  төленіп отыр.  Округте 33 зейнеткер, 22 мүгедек адам  және  2 тыл ардагері  бар. Көп балалы  аналар, яғни «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері  10 ана бар.
       Қаракөл  ауылдық округі  бойынша 1 бастауыш мектеп, 1 шағын орталық, 1клуб  үйі, 1 медпункт, 1 почта    байланыс  торабы  жұмыс  жасайды.
    Өткен жылы барлық  мекемелердің  жылу  қазандықтары  қыс айында   ешқандай  кінаратсыз   қалыпты жұмыс  істеп  шықты және алдағы уақытта да қатты бақылауда ұстауымыз қажет.
    
2016 жылдың 1-ші  қаңтарына Қаракөл  ауылдық округі  бойынша  шағын   кәсіпкерлік   саласында  18 суъбекті тіркеліп, оларда 63 адам    жұмыс  істейді. Бұл   экономикалық  белсенді  халық санының 41% құрайды. Барлық  кәсіпкерлік  суъектілерінің   14  шаруа  қожалықтары, 4 кәсіпкер  саудамен   айналысады.      Шаруа  қожалықтарында  барлығы 59 адам жұмыс  істесе, оның 32 маусымдық  жұмыспен қамтылған. Дүкендерде 4  адам жұмыс істейді. 
Сонымен қатар мал басының өсуіне байланысты «Қамбар ата» шаруа қожалығы 4000 гектар, «Ақ жол» шаруа қожалығы 1000 гектар қосымша жер алды. Жаңадан «Сұржал» деген жерден Оспанов Ермағанбет 1500 гектар жер алып, шаруа қожалығын ашып, мал өсірумен айналысайын деп отыр.
Байланыс жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. СДМА-450 стациясының орнатылуына байланысты ауыл тұрғындары тегіс телефон нүктесімен қамтылған. Сонымен қатар ауылда ұялы байланыс жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр, интернет жүйесі қараша айында іске қосылды.
Бүгінгі күні мектепте барлығы 5 бала оқиды, 14 бала мектеп жанындағы шағын орталықта тәрбиеленуде. Мектепте барлығы 2 ұстаз, 6 кіші қамту қызметкерлері жұмыс жасайды.
Денсаулық саласына келсек, селоға  1 жас маман медбике болып  жұмыс атқаруда. Біздің мақсатымыз осы келген жас маманды жатырқамай, бауырға тартып, жұмыс істеуіне қамқорлық жасау.
Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында биылғы жаз айында жылжымалы қондырғы арқылы жоспарға сәйкес 45  адам флюорографиялық тексерістен өтті. Сонымен бірге  56 адам скринингтік тексерістен өтті.
Бүгінгі күні село тұрғындары арасында жұқпалы аурулармен және туберкулезбен ауыратындар жоқ. Алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек уақытымен алынып отыр. 2015 жылы 2 бала дүниеге келді.
Мәдениет саласына келсек, клуб және кітапхана ғимаратының жылу жүйесі толық жаңартылды. Бүгінгі күні бұл ғимараттың іші жылы, қысқы отыны түсірулі. Тек ғимараттың сырты жөндеуді қажет етіп тұр. Өткен жылғы есепті кездесуде ауыл тұрғындары клубқа жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныс білдірген болатын.     
Кітапханадағы кітап қоры 9798 дананы құрайды, оқырман саны 170 адам. Жыл ішінде клуб-кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көптеген мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Ауылдағы барлық мерекелік шараларды өткізуде «Тұлпар», «Ақ жол», «Ермек» шаруа қожалықтарының басшылары Р.Ахметов, Ү.Оспанова, С.Омарбеков, кәсіпкерлер, мекеме басшылары және әкімдік аппаратының қызметкерлері мен жұмыскерлері ұдайы демеушілік жасап, қолдап көмек көрсетіп отырады. Демушілерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Ауылда бір почта бөлімшесі жұмыс жасайды. Осы почта бөлімшесі арқылы атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы,  еңбекақы ауыл  тұрғындарына таратылуда. Сонымен бірге почта бөлімшесінің басшысы Еңсебаева Қарлығаш ауыл тұрғындарының баспасөзге жазылуын 100 пайыз орындады. Осы жерде баспасөзге жазылуға бір кісідей ат салысқан ауыл тұрғындарына рахмет айтамын.
Ауылды электр энергиясымен қамтамасыз ету бір қалыпты жүйеге келтірілген, электр энергиядан ешқандай кедергі жоқ, үзбеліксіз тұрақты пайдаланып отырмыз. Тұрғындар абоненттік төлемдерін уақытылы жергілікті пошта бөлімшесіне барып төлеп тұрады.
Ауылдың негізгі тіршілік көзі – ол егін және мал шаруашылығы. Ауылда барлығы                  14 шаруақожалығы тіркеуде тұр. Біздің өңір егіншіліктегі тәуелді аймаққа жатады. Биылғы жылы селолық округ бойынша 210 га. жерге дәнді дақыл егілді, орташа түсім өте төмен болып, 2,7 цетнерден айналды. Егіннің шықпай қалуына жаз айындағы ыстықтың 45 градусқа дейін көтерілуі қатты әсер етті. Егін себумен төмендегі шаруа қожалықтары: «Тұлпар» басшысы Р.Ахметов, «Ұлан» басшысы Е.Ибраев, «Рахымбай» басшысы Ү.Адилханова айналысып отыр.
Алдағы уақытта аудан әкімінің тапсырмасына байланысты егіс көлемін 500 гектарға дейін ұлғайтып, егістік алқаптарға мал азығына арнап арпа және көпжылдық шөп егуді ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. 
2016 жылдың 01 қаңтарына ірі қара малы 961 басқа,  қой ешкі 2580 басқа, жылқы 425 басқа жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қараның басы 118 пайызға, қой ешкі 100 пайызға, жылқы 141 пайызға орындалып отыр. Мал басының өсуіне «Қамбар ата» шаруа қожалығы 2015 жылы асыл тұқымды ірі қара мен асыл тұқымды жылқыларды «Агробизнес -2020» бағдарламасына сәйкес сатып алып, мал басын ірі қарадан 402 басқа, жылқыдан 286 басқа жеткізу көп көмектесіп отыр.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспардағы 70 бастың орнына 166 бас қой аналығы сатып алынып, 221 пайызға орындалды. Экспортқа мал тапсыру 110 пайызға орындалды. Мал тұқымын асылдандырудың бірден бір жолы, ол қолда бар малды қолдан ұрықтандыру арқылы асылдандыру екенін білеміз. Бұл бағытта біз бүгінгі күні жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі күні 120 бас ірі қара аналығы қолдан ұрықтандырудан өтті. Сонымен қатар «Байқожа» шаруа қожалығы екі, «Қамбар ата» шаруа қожалығы он асыл тұқымды бұқа сатып алып, мал басын асылдандыру бағытында жұмыс жасап отыр.
Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына кейінгі уақытта мемлекет тарапынан ірі көлемде субсидиялар төленіп жатыр.
Ауылдық округ бойынша өткен жылы екі шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара малға 4 миллион 928 мың теңге, ірі қараның селекциялық жұмыстарына 4 миллион                732 мың теңге, 1 шаруа қожалығы егін шаруашылығына 50 мың теңге субсидия алды. Сонымен қатар, бір шаруа қожалығы «Қарқаралы» несиелік серіктестігі арқылы                 4 миллион 860 мың теңге несие алды. Алдағы уақытта шаруа қожалықтары осы бағытта әлі де болса жұмыс жасаулары керек.
Сонымен бірге жеке меншік мал иелері мен шаруа қожалық мал иелерінің малдары үшін жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық шаралар арнайы жоспарға сәйкес уақытында жүргізіліп отыруын, мал басын бірдейлендіру жұмысын үнемі назарда ұстаймыз. Бүгінгі күні селолық округ бойынша бірдейлендіру жұмыстары 100 пайызға орындалып, мәліметтер базасына енгізілді.
Осы уақыт ішінде туберкулез ауруына қарсы 2000 бас, қарасанға қарсы 800 бас, сібір жарасына 950 бас ірі қара малы егіліп, бурцелез аурына  қарсы 1530 бас ірі қара,  2700 бас ұсақ мал тексерілді. Топалаң ауруына қарсы 2100 бас ұсақ мал, жамандат ауруына қарсы 300 бас жылқы егілді, 350 бас маңқа ауруына қарсы жылқы тексерілді.
130 бас жылқы малына чип салынып, 500 бас малға ветеринарлық паспорт беріліп, сырға мен ветеринарлық паспорттың 39 900 теңге ақша қаражаты салынды.
Мал шаруашылығын дамыту үшін ветеринариялық іс-шаралар мерзімінде атқарылуда. Биылғы туған төлдерге уақытында сырға салынып, дерекқорға енгізілді. Өткен уақыт аралығында эпизоотиялық ауруларға қарсы диагностикалық шаралар жоспарға сай уақытында жүргізілді. Бұл жұмыстардың барлығын ветеринарлық станцияның 2 ветеринариялық дәрігері және 1 ветеринариялық санитар сапалы әрі жоғары дәрежеде атқара білді.
Жылма жыл облыс орталығында өткізілетін «Ауыл - Береке» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Қаракөлдіктер үлес қосып келе жатқанын айта аламыз. 
Ауыл орталығында бір мал сою алаңы жұмыс істеуде. Мал сою алаңы барлық талаптарға сай жабдықталған. Бүгінгі таңда мал сою алаңы арқылы ірі қара, ұсақ мал,  жылқы малдары сойылады.
Ауылдық округ бойынша көктемгі және күзгі тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын өткізу екі айлығы кезінде ауыл тұрғындары, қызметкерлері мен жұмыскерлері сенбілікке қатысып, жалпы халық көп жиналатын орындарда, тұрғын үй, мекеме аумағында көркейту, тазарту жұмыстарын жүргізді.
Қаракөл ауылы көктемгі су тасқыны кезінде су басып кететін қауіпті жерде орналасқан. Өткен жылы 22-23наурыз күндері екі күн жауған жаңбырдың және күннің күрт жылынуының салдарынан пайда болған су тасқынынан ауылды су басып, үйлерге және қораларға су кіріп кетті. Малдан шығын болды. Құлаған үй мен қора болған жоқ. Аудан әкімшілігінің жанды көмегінің арқасында су тасқынынан келген материалдық шығындар тез арада орнына келтірілді, шығын болған 73 қой-ешкіні аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен аудан халқы тез арада жинап берді. Су кірген үйлерге ақшалай, қаржылай көмек көрсетіліп, ауылға тегін азық-түлік берілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес бөлінген 286 мың теңгеге су тасқынынан бүлінген көшедегі жолдар жөнделіп, ретке келтірілді.
Шаруа қожалықтары мен  ауыл тұрғындары мал азығын дайындауға техникаларын мұқият дайындап, жоспардағы 1790 тн. мал азығын сапалы әрі уақытында жинап алып, 100 пайызға орындады.
Селодағы шағын бизнес саласына келсек, бүгінгі күні 4 сауда нүктесі халыққа қызмет етеді.
Ауылдық округ әкімі аппараты аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны негізсіз  көтермеу мақсатында жеке кәсіпкерлермен үнемі түсініктеме жұмыстары жүргізіліп отырылады. Шағын дүкен иелерімен «меморандумдар» жасалды.
Ауыл әкімдігінің негізгі міндеттерінің бірі қылмыстың алдын алу,  қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Селомыздағы қоғамдық тәртіпке келсек, жалпы қоғамдық тәртіпті сақтау бір қалыпты. Ауылда 1 полиция инспекторы жұмыс істейді. Ауылдың діни ахуалы бір қалыпты, әр түрлі діни ағымдар мен ел ішіне іріткі салу оқиғалары тіркелген жоқ.
Ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол берілген жоқ.
Елдің ұйтқысындай болып отырған ардагерлеріміздің ұрпақ тәрбиесіндегі, ел бірлігіндегі ақыл-кеңестері бізге ауадай қажет. Ауылымыздағы қоғамдық ұйымдар             «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымы, ардагерлер кеңесі ауыл әкімідігімен кеңесіп мағыналы түрде жұмыс істеуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Жыл ішінде ауылдық округ әкімі аппараты халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуде біршама жұмыстар атқарды.Ауылдық округ бойынша барлығы 601 рет халыққа мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 45 рет жеке қосалқы шаруашылығы бар жөнінде және          156 рет ветеринариялық анықтамалар беру арқылы сонымен қатар бірдейлендіру жүргізіліп, ветеринариялық паспорт беру арқылы 400 рет мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Алдағы уақытта істелуге тиісті жұмыстар мен шешімін табатын мәселелер:
1. Су тасқынының алдын алу мақсатында ауыл ортасындағы екі көпірдің су өткізгіштігін көбейту үшін жөндеу және су тасқынының бағытын өзгерту үшін ауылдың шетіндегі бұрынғы тұрғызылған ескі дамбаны қайтадан  биіктетіп көтеру жұмыстарын жүргізуге  қаражат бөлінсе.
2. Ауылдан Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолына дейінгі 3 км. аралықтағы асфальт жолды жөндеуге қаражат бөлінсе.
Сонымен қатар ауыл шаруашылық саласы бойынша 2016 жылы төмендегі жұмыстарды атқаруымыз керек.
1. Ауылдық округ бойынша 2016 жылға егіс көлемін 500 гектарға дейін ұлғайту.
2. Жаңа ауылшаруашылығы техникаларын алу.
3. Сапалы мал азығымен қамтамасыз ету үшін көп жылдық шөп /житняк/ егу.
4.  «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша мал сатып алуды қамтамасыз ету.
5. Қоғамдық малды асылдандыру мақсатында асыл тұқымды бұқаларды табынға қосу.
6. «Ірі қара мал етін экспорттық әлеуметін арттыру» бағдарламасына кіру мақсатында шаруа қожалықтарының малдарын асылдандыру үшін асыл тұқымды бұқалар сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру. /1бұқа – 30 аналық/.
7. Ауданның ауыл шаруашылық саласын индустриялды инновациялық дамытудың бағдарламасына сәйкес «Қамбар ата» шаруа қожалығында жылқы, асыл тұқымды ірі қара шаруашылығын дамыту.
8. Мал ұрлығының алдан алу мақсатында мал бағымдарын дұрыс ұйымдастыру.
Қиындығы мол бүгінгідей күрделі уақытта өз жұмысымызды ауыл азаматтарымен ел ағаларының көмегіне сүйене отырып атқаратын боламыз


Дата размещения: 06 Сәуір 2016 09:38 Дата редактирования: 24 Шілде 2019 15:41
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

25°C малооблачно, Влажность 36%, Давление 708, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.06
EUR/KZT 429.19
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат