ГлавнаяБасқарма Мемлекеттік қызмет көрсету Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2015 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі.

Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2015 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» Занының 8 бабының 8 тармақшасының орындау мақсатында Қарқаралы ауданы әкімі аппараты аудандағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2015 жылдағы атқарылған жұмыстардың жиынтық есебін ұсынады.
Ұсынылған 2015 жылдың жиынтық есебі ашықтық, айқындық қағидаттарын сақтап, Қарқаралы ауданындағы жергілікті атқарушы органдардың жоғарғы т9рған мемлекеттік органдарға есеп беру әрекеттерімен және мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін жетілдіру мақсатында жасалынған.
Қарқаралы ауданында жеке және заңды тұлғаларға жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметінің 73 түрлерін көрсетуде.

  • «Қарқаралы аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі -21 қызмет;
  • «Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі -18 қызмет;
  •  Аудан әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі- 9 қызмет;
  • «Қарқаралы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 8 қызмет;
  • «Қарқаралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 6 қызмет;
  • «Қарқаралы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 қызмет;
  • «Қарқаралы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 қызмет;
  • «Қарқаралы аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары,құрылыс және тұрғын ұй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 2 қызмет;
  • «Қарқаралы аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 қызмет;
  •  «Ветеринариялық станция» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын – 2 қызмет

Қарқаралы ауданындағы қала, кент, аулдық округтарының әкімі аппараттары – 4 қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі есепті ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсетудің 2015 жылдағы статистикалық есеп бойыңша жергілікті атқарушы органдар жалпы Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі көрсетілген -77967 қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы 2015 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны- 3505 қызмет болды.
Барынша талап етілетін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ауданның жергілікті атқарушы органдары арқылы Мемлекеттік корпорация "Азаматтарға арналған Үкімет" сияқты қызметтер Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру-1086 қызмет; некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу –707 қызмет; азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру - 870 қызмет; Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - 333 қызмет.
73 көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ауданда 68 мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
2015 жылдың 12 айыңда мемлекеттік органда, қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсетілді 74108 қызмет көрсетілді.
Көрсетілген есептік кезеңде электрондық түрде 354 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ауданның жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтерді бекітілген стандарттар мен регламенттер мен көрсетеді.
Жеке және занды тұлғаларға барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер, олар : ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу - 54108 қызмет; жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру - 2499 қызмет, ветеринардық анықтама беру – 8568 қызмет.
Аудандағы жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңындағы 6 бабында ұйғарылған негізгі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаттарына негізделеді.

Мемлекеттік мекемелерде көпшілікке қолжетімді орындарда мемлекеттік қызмет көрсету алушыларға арналған ақпараттар, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттар, қызметтерді алушылардың құқықтары стенділерде орналастырылып отырады және уақытыңда жаңартылып отырады, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету Тізіліміне орналастырылған стандарттар мен регламенттер орналасқан.
Барлық стандарттар және регламенттер мемлекеттік қызметтер қамтылған қолжетімділігімен стендтерде мемлекеттік мекемелерде және әкімі аппаратының сайтында орналастырылған.
Жария талқылау үшін жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен ескертулерді есепке алу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жобаларың мемлекеттік органдардың стенділерінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатыңда және мемлекеттік қызметтерді орындау шеңберінде облыс әкімінің қатысуымен 16 ақпан 2015 жылдағы № 2-3-15 және 2015 жылдағы 04 мамырдағы № 2-3-44 қызмет көрсету сапасын арттыру хаттамалық тапсырмаларының орындау, жергілікті атқарушы органдардың көрсететін мемлекеттік қызметтердің процестерін жетілдіру мақсатыңда аудан әкімі екі ұсыныс енгізді.
Барлығы 2015 жылда мемлекеттік қызметті арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мен алушылардың мемлекеттік қызмет тәртібі туралы ауданда жергілікті атқарушы органдарында 26 семинар-кеңестер "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар және өзге де іс-шараларды өткізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдарда аппарат жиындарда, мемлекеттік мекемелердің басшылары мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу, алдын алу бойынша тұрақты негізде түсіндірме жұмыстарын өткізеді .
Мемлекеттік қызметтерді көрсету автоматтандырылған ақпаратта тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылған Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде электрондық әкімдіктің және қамтамасыз ету үшін тираждау аудандық бюджеттен 2015 жылда игерілген ақшалай қаражат сомасы 2 956 710 теңге.
2015 жылдың жоспарына сай, мемлекеттік қызметшілердін біліктілігін арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметін көрсетумен айналысатын мемлекеттік қызметтер 2015 жылы қайта даярлау курстарында оқытылған және біліктілігін арттыруға 79 мемлекеттік қызметшілер жолдаңған, бюджеттен қарастырылған 4200,0 мың теңге игерілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы фактілері 2015 жылда анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет алушының өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету есебін әзірлеу кезінде пайдаланылатын ақпарат жасалған мемлекеттік қызметтерге сәйкес келеді:, объективтілік, салыстыру, барлық көрсеткіштер пайдаланылатын мониторинг тексерулер жүргізіледі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасалынады.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 12-тармағының 11-бабын орындау мақсатыңда және жұмысын үйлестіру үшін аудан әкімі өкімімен ішкі бақылау жұмыс тобы құрылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қызмет алушылардың сапасына қанағаттану мәселесі бойынша ішкі бақылау нәтижелері мемлекеттік органдарда аппарат жиыңдарда қаралады.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарда электрондық қызметтерді жандандыру бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі
Электрондық үкімет бастамаларды насихаттау бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету электрондық нысанда қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың ортасыңда электрондық қол тамба насихат жұмысы ауданда тұрақты негізде жургізіледі.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуіріндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23- бабының 6- тармағын орындау мақсатында Қарқаралы аудандағы Қарқаралы қаласы, Қарағайлы кенті, және 23 ауылдық округтердің әкімдері 2015 жылы халыққа ұсынған мемлекеттік қызметтер туралы мүдделі жеке және заңды түлғалардың қатысуымен 2016 жылдың қаңтар айыңда есептерін беріп, талқылаулар өткізді.
Әр деңгейдегі әкімдердің берген есептері аудан әкімі аппаратының интернет- ресурсында және аудандық «Қарқаралы» газетінде жарияланды.
Есептердегі қорытындылар алдағы уақытта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруда және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіруде пайдаланатын болады.

Аудан әкімі аппаратының
басшысы
Н.А.Ильдебаев


Дата размещения: 29 Наурыз 2016 15:45 Дата редактирования: 16 Маусым 2019 23:20
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

13°C облачно, Влажность 52%, Давление 711, ветер 3 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.05
EUR/KZT 432.79
RUB/KZT 5.96
Хабарландырулар Мұрағат