ГлавнаяБасқарма Хаттар және үндеулердi талдау Архив

Архив

Ќазаќстан Республикасыныѕ 2007 жылдыѕ 12 ќаѕтардаєы “Жеке жјне заѕды тўлєалардыѕ ґтініштерін ќарау” туралы Заѕыныѕ аудан јкімі аппаратында орындалысы туралы


 

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау” туралы Заңының аудан әкімі аппаратында орындалысы туралы

 

Аудан әкімінің атына келіп түскен өтініштерді қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы” Заңы негізінде жүзеге асса, азаматтарды жеке қабылдауы «Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі N 974 қаулысына сәйкес жүргізіледі.


2009 жылы аудан әкімінің атына азаматтардан 469 өтініш келіп түсті. Бұл 2008 жылдың осы уақытымен /488/ салыстырғанда 19 өтінішке азайды. Азаматтар арасында ең көп өтініш жер және жерді пайдалану мәселелері жөнінде түсіп отыр– 167 өтініш, мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен пәтер алуға көмек сұраған – 75 өтініш, денсаулықтарына, қандай да бір жағдайларға кез болған азаматтарға мемлекет есебінен материалдық көмек көрсету туралы – 66 өтініш түсіп (барлығы қанағаттандырылды), несие туралы – 17 өтініш, жұмысқа орналасу туралы – 30 өтініш, басқа мәселелер бойынша – 31 өтініш түсті. Осы түскен өтініштердің ішінде 13–ұжымдық өтініштер. 23-і (4 ұжымдық) жоғары жаққа жазылған.


2009 жылы аудан әкімінің атына заңды тұлғалардан 31 өтініш келіп түсті. Бұл 2008 жылмен /11/ салыстырғанда 21 өтінішке көбейген. Заңды тұлғалардан түскен өтініштер ішінде жер және жерді пайдалану мәселелері жөнінде - 7 өтініш.


2009 жылы аудан әкімінің және орынбасарларының жеке қабылдауында 270 адам болып, олардың өтініштеріне тиісті мерзімдерде жауаптары берілген. Үкіметтің қаулысына сәйкес, аудан әкімдігінде тоқсан сайын жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітіледі.


Сонымен қатар биылғы жылдың 8 ақпан күні аудан әкімінің “Ашық есік” күні өткізілді. Қабылдау кезінде өтініштер талқыланып, жазбаша өтініштеріне тәртіп бойынша жауап берілді.


Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау мәселелері аудан әкімінің қатаң бақылауда, әрі қарай осы жұмыстар тиісті дәрежеде жалғастырыла береді.

 


Дата размещения: 20 Наурыз 2014 11:40 Дата редактирования: 22 Тамыз 2019 02:54
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

17°C малооблачно, Влажность 57%, Давление 712, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.05
EUR/KZT 428.25
RUB/KZT 5.84
Хабарландырулар Мұрағат