ГлавнаяБасқарма Хаттар және үндеулердi талдау

Хаттар және үндеулердi талдау

Қарқаралы ауданы әкімінің аппартында аудан әкімі атына келіп түскен өтініштерді қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы” Заңы негізінде жүзеге асырылады.

Аудан әкімінің аппаратында азаматтардың өтініштерін қабылдау және тіркеу Е-3 санаттағы аудан әкімінің көмекшісіне жүктелген.

Жыл басынан аудан әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 409 өтініш және заңды тұлғалардан 23 өтініш түсіп, тіркелді. Бұл өтініштердің 143-і жер қатынастарына байланысты, 51 өтініш материалдық көмек көрсету, 52-і жұмыс мәселесі, 41-і үй сұрау мәселесі болса, қалғаны басқадай әлеуметтік мәселелерге байланысты.

Тіркелген 432 өтініштің 397-не түсіндірмелер берілсе 35 өтініш қанағаттандырылды.

Аудан әкімінің жеке қабылдауында жыл басынан бүгінгі күнге дейін 65 адам қабылданды. Оның ішінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша - 18

 тұрғын үй мәселесі - 24

 әр түрлі мәселе бойынша – 23

Жеке қабылдауда болған 58 адаммен түсіндіру жұмыстары жүргізілсе 7-ның өтініші қанағаттандырылды.

Қабылдау әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі.

Еліміздегі заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өтініштердің қаралу барысының айқындылығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерге алғышарт ретіндегі шенеуніктер мен азаматтардың жеке қарым-қатынасын болдырмауды көздейтін «Айқын» жобасын жүзеге асырылуда.

Бұл жоба жеке және заңды тұлғалардың өз өтініштерін мемлекеттік органдардың нақты уақыт тәртібінде қарау барысын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, әркім өз өтініші бойынша құжаттың жылжуымен қатар, қарау мерзімдерінің бұзылу деректерін де қоса бақылай алады.

 



Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының орындалу

 

Қарқаралы ауданы әкімінің аппартында аудан әкімі атына келіп түскен өтініштерді қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы “Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы” Заңы негізінде жүзеге асырылады.

Аудан бойынша 2016 жылдың 1-ші тоқсанында аудан әкімінің атына және қала, кент селолық округ әкімдері мен мемлекеттік органдарға жеке тұлғалардан барлығы 226 өтініш (2015 жылдың осындай мерзімінде – 247 өтініш) келіп түсті, яғни былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 21 өтінішке аз түскен.

Ал заңды тұлғалардан 2016 жылдың 1-ші тоқсанында 5 өтініш тіркелді (2015 жылдың осындай мерзімінде – 11 өтініш) өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 6 өтінішке азайған.

Жыл басынан түскен өтініштердің 223-і (2015 жылы – 150 өтініш) бойынша заңнамаларға сәйкес өтініш иелерін жазбаша түсіндірілсе, 13-і қанағаттандырылды (2015 жылы – 92 өтініш).

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жеке тұлғалардан 26 өтініш түсті (2015 жылдың осындай мерзімінде  – 27 өтініш), яғни 1 өтінішке азайған. Түскен өтініштерді 5 қанағаттандырылса, басқа өтініштер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес түсініктер берілген. Соның ішінде тұрғын үй мәселелері бойынша 8 өтініш түсті (2015 жылдың 1-ші тоқсанында – 5 өтініш), 3 өтінішке көбейген. Өтініш иелеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу бойынша біріншіден тиісті құжаттарын тапсырып, үй алушылардың кезегіне тұру керектігі, содан кейін ғана арнайы құрылған комиссия шешімімен кезек ретімен берілетіндігі түсіндірілген.

 

Жұмысқа орналасу және әлеуметтік мәселері бойынша 2016 жылдың 1-ші тоқсанында жеке тұлғалардан 15 өтініш түскен. Осы өтініштер бойынша жан–жақты жұмыстар атқарылады. Өтініш берушілер ішіндегі мемлекеттік қызметке тұруға тілек білдірген өтініш иелеріне аудан әкімі аппаратының кадр бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына сәйкес түсіндіріліп, газет бетіне жарияланатын конкурстарға қатысу туралы ұсыныстар жасалады. Басқада жұмыс сұраған өтініш иелеріне тиісінше аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және ауыл әкімдері мен басқа да мекеме басшылары тарапынан мүмкіндігіне қарай, заң шеңберінде жұмысқа орналастыруды қарастырады.

Әлеуметтік санатындағы өтініштер аудан әкімі аппаратында, қала, кент селолық округ әкім аппараттарында және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қаралып, толығымен талқыланып, заңға сәйкес аудан әкімі жанындағы әлеуметтік комиссия шешімімен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық білім беру бөлімдерінің арнайы бюджеттік бағдарламалар арқылы қажетті қаржылай көмек көрсетілсе, сондай-ақ селолық округтер әкімдері арқылы мүмкіндігінше түрлі материалдық көмектер көрсетіліп, түскен өтініштер тиісінше қанағаттандырылды.

Ауылшаруашылық мәселелері бойынша жеке тұлғалардан 9 өтініш түссе, өткен жылдың осындай уақытында 12 өтініш тіркелген (3 өтінішке азайған), Түскен өтініштер бойынша заңнамаларға сәйкес өтініш иелеріне түсіндірілген.

Ал жер және жерді пайдалану мәселелері жөнінде жеке және заңды тұлғалардан 72 өтініш түсіп отыр. Олар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді алу үшін Заңға сәйкес қаралып, түскен өтініштің 3-і қанағаттандырылды, ал қалған өтініштер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы өтініштер қаралып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш иелеріне түсіндіріліп, жауап берілді.

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері белгіленген мерзімде қаралуын, өтініш берушілерге толық және нақты жауап берілуін қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оған себеп болатын әрекеттердің алдын алу жолдары болып табылады. Осы орайда біздің тарапымыздан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі күнделікті бақыланады.

Аудан әкімінің аппаратында азаматтардың өтініштері автоматтандырылған ақпаратты жүйеге тіркеліп, Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасына есептік мерзімдерде есеп уақытылы ұсынылып отыр.

 

Еліміздегі заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өтініштердің қаралу барысының айқындылығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерге алғышарт ретіндегі шенеуніктер мен азаматтардың жеке қарым-қатынасын болдырмауды көздейтін «Айқын» жобасын жүзеге асырылуда.

Бұл жоба жеке және заңды тұлғалардың өз өтініштерін мемлекеттік органдардың нақты уақыт тәртібінде қарау барысын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, әркім өз өтініші бойынша құжаттың жылжуымен қатар, қарау мерзімдерінің бұзылу деректерін де қоса бақылай алады.

Бүгінгі күні аудан әкімдігі, қала, кент және ауылдық округ әкімдіктері, дербес бөлімдер кең-жолақты интернет желісіне қосылып жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, Бірегей тасымалдау жүйесі арқылы электронды құжат айналымында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тіркеліп, есепке алынады.

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, жүргізіледі.


Дата размещения: 20 Наурыз 2014 11:39 Дата редактирования: 23 Тамыз 2019 20:24
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

19°C пасмурно, Влажность 44%, Давление 718, ветер 2 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.04
EUR/KZT 427.77
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат