ГлавнаяБасқарма Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Бөлімнің паспорты

Бөлімнің паспорты

Жалпы  ережелер

      1.      «Қарағанды  облысы  Қарқаралы  ауданы  Нығмет  Нұрмақов 
ауылдық   округі  әкімінің  аппараты » мемлекеттік  мекемесі  ( әрі  қарай – ауылдық  округі  әкімінің  аппараты) ауылдық  округі  әкімінің  қызметін  ақпараттық-талдау  тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық  және  материалдық- техникалық  жағынан  қамтамасыз  етуді  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  басқару  органы  болып  табылады.
2.     Ауылдық  округі  әкімінің  аппараты  өз  қызметінде  Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен  және  заңдарын, Республика  Президенті  және  Үкіметінің  актілерін,аудан  әкімі және әкімиятының  актілерін, басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілерін, сонымен  қатар  осы  Ережені  басшылыққа  алады.
3.     Ауылдық  округі  әкімінің  аппартаты  мемлекеттік  тілдерінде
өз  атауы  жазылған  мөрі және мөртабаны, белгіленген  үлгідегі  бланкісі,сонымен  қатар  заңнамаға  сәйкес  банктерде  есеп  шоттары  болады.
4.      Ауылдық  округі әкімінің  аппараты  туралы  ережені,оның  құрылымы  мен  штат  санын  аудан  әкімияты  бекітеді.                            
5.     Ауылдық  округі әкімінің   аппараты  азаматтық-құқықтық  қатынастарға  өз  атынан  кіреді.
6.     Ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  құрылтайшысы  болып  Қарқаралы  ауданы  әкімиятының тұрғысында  мемлекет  табылады.  
7.     Ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  қызметін  қаржыландыру Қарқаралы   ауданының  жергілікті бюджетінен  жүзеге  асырылады.
8.    Толық  атауы:
мемлекеттік  тілде-   « Қарағанды  облысы  Қарқаралы  ауданы   Нығмет Нұрмақов  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі;
Орыс  тілінде  -  Государственное  учреждение   «Аппарат  акима  сельскогоокруга   им.Нурмакова   Каркаралинского  района  Карагандинской  области ».

Заңды  мекен – жайы: 100819  Қарағанды  облысы,Қарқаралы  ауданы,     Нығмет  Нұрмақов  ауылдық  округі,  Өсібай  ауылы.

Ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  өзінің  функциялары  болып      табылатын  міндеттері   орындау  тұрғысында   кәсіпкерлік  субьектілерімен
шарттық  қатынастар  жасауға  тыйым  салынады.Егер  ауылдық  округі  әкімі  аппаратына  заң  актілерінде  кіірістер  әкелетін    
қызметті  жүзеге  асыру  құқығы  берілсе, онда  мұндай  қызметтен  алынғанкірістер  мемлекеттік  бюджеттің  кірісіне  жолданады.

                2.   Ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  міндеттері, функциялары    және   құқықтары 

Ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  негізгі  міндеттері:ауылдық  округі  әкімінің  қызметін  ақпараттық – талдау  тұрғысынан,

йымдық – құқықтық  және  материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
2)  ауылдық округі  әкімінің  актілері  мен  тапсырмаларының  орындалуына      бақылау  және  орындалуын  ұйымдастыру;

 ауылдық  округі  әкімінің  актілерін  сөзсіз,түбегейлі  және  уақытылы      орындау;

ауылдық  округі  әкімін: ауылдық  округте, Қарқаралы  ауданындағы,облыстағы, Республикадағы  істің  жағдайы  туралы  уақтылы  әрі  толық  хабардар  ету  болып  табылады.


12. Ауылдық  округі әкімі  аппараты  өз  өкілеттігі  шегінде  келесі  функцияларды  жүзеге  асырады:

1)   ауылдық  округі әлеуметтік  және  экономикалық  даму  бағдарламаларын  әзірлеуге  қатысу,мемлекеттік  және  аймақтық   бағдарламалардың   жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  ету  және барысын  бақылау,өзінің  құзыреті  шегінде  ұсыныстар  қалыптастыру  арқылы  ауылдық  округі  аумағында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің, Үкіметінің  ішкі  және  сыртқы  саясатының  негізгі  бағыттарының  іске  асырылуына  қатысады;
2)   Қазақстан  Республикасы заңдарының,Қазақстан  Респуликасы  Президенті  мен Үкіметінің  актілерінің  орындалуын, ауылдық  округі  әкімінің
актілерінің  орындалуына  бақылауды  ұйымдастырады  және  қамтамасыз  етеді;

облыс, аудан әкімі  аппаратымен, аудандық  Мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен  өзара  әрекеттесуді   қамтамасыз  етеді;

заң  шығарушы  және  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілердің,ауылдық  округі  әкімінің  актілерінің  жобаларына  ұсыныстар  енгізеді;

ауылдық  округі  әкімінің  өткізетін активтердің, жиналыстардың,сапарлардың  және  басқада  шаралардың  ақпараттық-талдау  тұрғысынан,

 

ұйымдық-құқықтық  және  материалдық-техникалық  жағынан  қамтамасыз етеді,ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  қызметкерлерінің  шаруашылық, қаржылық,материалдық-техникалық,әлеуметтік-тұрмыстық  қызмет   көрсету мәселелерін

 

шешеді;


 

6)  ауылдық  округі әкімінің  қызметінің  құжаттамалық  қамтамасыз етуін, қызметтік  құжаттардың, хаттардың  азаматтардың  өтініштері  мен шағымдарының  қаралуын,азаматтардың  жеке  қабылдауын, азаматтардың келіп  түскен  хаттары  мен  өтіштерінің, құжат  ағымының  талдауын,  іс  жүргізуді  қалыпқа  келтіруді  және жетілдіруді,  құпия  құжаттармен  жұмыс  істеуді, мемлекттік  және  орыс  тілінде  іс  жүргізуді  іске  асырылуын  ұйымдастырады;


 

7)  ауылдық  округі  әкімінің  шешімдері мен  өкімдерінің,сақталуын  қамтамасыз  етеді;   


 

8)  жергілікті  атқару  билік  органдарында  кадр  саясатын  аудан  әкімініңноменклатурасына  енетін  кадрлар  бойынша  ұсыныстарды  зерделеу  және   енгізу, кадрлар  резервін  қалыптастыру,оладың  оқуын, тәжірибеден  және  қайта  даярлаудан  өтуін  ұйымдастыру  арқылы  жүзеге  асырады;


 

9)  ауылдық  округі әкімінің  күнделікті  қызметін  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялауды, олармен  өзара  әрекеттесуді  Республика  Президенті  және  Үкіметі  жүргізіп  отырған  ішкі  және  сыртқы   саясатты  селолық   округі

 

экономикалық  және  әлеуметтік ахуалды, мәселелерді  шешу  жолдарын  түсіндіруді   ұйымдастырады;

                   
10)  ауылдық  округі  әкімі  құқық  қорғау  органдарымен    ауылдық  округі заңдылықты  және  құқықтық  тәртіпті  нығайту  сұрақтары  бойынша  үйлестіруді және  өзара әрекеттесуін  қамтамасыз  етеді;

  Заңнамаға  сәйкес  басқа  да өкілеттіктерді   жүзеге  асырады.

      ауылдық  округі  әкімі  норма  шығармашылығы  қызметінің        механизмін  жетілдіру  жөнінде  шаралар қабылдайды;   Ауылдық   округі  әкімінің  аппараты  өз  функцияларын  жүзеге  асыру  үшін  келесі  құқықтарға  ие:

 1)      ауылдық  округі  әкімінің  құзыретіне  енетін    мәселелер  бойынша  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  органдардан  және  басқа  да  ұйымдардан  қажетті  ақпараттар, құжаттар  және басқада  материалдар, лауазымды  тұлғалардан    ауызша  және  жазбаша  сұрастыру  және  алу;
2)     атқарушы    органдардың  иелігіндегі  барлық  ақпараттық, соның  ішінде  құпия  мәліметтерді   пайдалануға;
3)     ауылдық  округі  әкімінің  актілерінің   тапсырмаларының  орындалуына  тексеріс   жүргізу  және  анықталған  кемшіліктерді  жою  жөнінде  ұсыныстар  енгізу; 
4)     ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  қарауына  жатқызылған  мәселелер  бойынша  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  органдармен  және  ұйымдармен  қызметтік  хат  алмасуды  жүргізу; 
5)     ауылдық  округі  әкімінің  тапсырмасы бойынша  жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  органдардың   мекемелер  және  ұйымдар  өкілдерін  мәселелерді  әзірлеуге, ауылдық  округі  әкімі аппаратының  қызметіне  жататын  проблемалық   мәселелерді  зерделеуге  және  шешуге; 
6)     ауылдық  округі  әкіміне,  ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  қызметкерлерін  қызметке  тағайындау  және  қызметтен  босату, оларды  
тәртіпке  жауапқа  тарту  туралы  ұсыныстар  енгізу;

                            
  3. Ауылдық  округі  әкімі аппаратының  қызметін  ұйымдастыру 
  
14.     Ауылдық  округі әкімінің  аппаратын  мемлекеттік  мекемені    ауылдық   округі  әкімі  басқарады,  ауылдық  округі әкімі  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  белгілейтін  тәртіпке  қызметке  тағайындалады  немесе  сайланады,  қызметтен  босатылады  немесе  өз  өкілетігін  тоқтатады. 
15.      Ауылдық  округі  әкімі:  
1)       Аудандық  әкімиятқа     ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  құрылымын  және  штаттық  кестесін, сонымен  қатар  олардығы  өзгерістерді  бекітуге  ұсынады;
2)       аппараттағы  ішкі  еңбек  тәртібі  ережесін  бекітеді,мемлекеттік  қызмет  туралы  заңнаманың    орындалуын  бақылайды;
3)       ауылдық  округтің жергілікті бюджеттінің  жоспарларын,дамуының  экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын  әзірлеу және олардың орындалысын  қамтамасыз  етуді;

4)   ауылдық  округтің  коммуналдық  меншігіне  басшылық  жасайды ;
5)   азаматтардың  өтініштерін, арыздарын, шағымдарын  қарайды, азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  жөнінде  шаралар қолданады;  
6)   салық  және  бюджетке  төленетін басқа  да  міндетті  төлемдерді  жинауға  жәрдемдеседі;  
7)   өз  құзыреті  шегінде  жер  қатынастарын  реттеуді  жүзеге  асырады;  
8)   тұрғын  үй қорының  құрылысы мен  жөнделуін,  жолдарды  пайдалану  мен  күтіп  ұстауды  ұйымдастырады;
9)   шаруа  ( фермер) қожалықтарына  ұйымдастыруға, кәсіпкерлік  қызметті  дамытуға  жәрдемдеседі;
10)   өз  құзыреті  шегінде  жалпыға  бірдей  әскери  міндеттілік  және  әскери  қызмет, азаматтық  қорғаныс, сондай-ақ  жұмылдыру  дайындығы
мен  жұмылдыру  туралы  мәселер  бойынша  заңдардың орындалуын  ұйымдастырады  және  қамтамасыз етеді; 
11)   табысы  аз  адамдарды  анықтайды, жоғары  тұрған  органдарға  еңбекпен  қамтуды  қамтамасыз  ету,  атаулы  әлеуметтік  көмек  көрсету  жөнінде  ұсыныс  енгізеді, жалғызілікті  қарттарға  және  еңбекке  жарамсыз  азаматтарға  үйінде  қызмет  көрсетуді  ұйымдастырады;
12)    жергілікті  әлеуметтік  инфрақұрылымының  дамуына  жәрдемдеседі;  
13)   шаруашылықтар  бойынша  статистикалық  есепке  алуды  жүзеге  асырады;    
14)   жергілікті  бюджетті  бекіту ( нақтылау) кезінде  аудан  Мәслихаты сессияларының  жұмысына  қатысады;  
15)   мектепке  дейінгі  ұйымдарды, мәдениет  және  спорт  мекемелерін материалдық-техникалық  қамтамасыз  етуде  қолдау  көрсетеді  және  жәрдемдеседі;
16)   көлікті  және  инженерлік  инфрақұрылым  объектілерін  пайдалануды  ұйымдастырады, өз  құзыреті  шегінде  су  пайдалану  мәселелерін  реттейді;  
17)   жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  органдардан,  аудан  аумағында  орналасқан  кәсіпорындар  мен  ұйымдардан  Қазақстан  Республика  Президентінің  және  Үкімет  актілерінің, ауылдық  округі  әкімінің  актілерінің  және  тапсырмаларының, орындалуы   туралы  ақпарат  және  есеп  беруін  талап  ету;  
18)    ауылдық  округі  әкімінің  шешімдері  мен  өкімдерінің, жобаларын, жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  органдардың  басшыларының, сонымен  қатар  ұйымдар  мен  мекемелердің  іскерлік  хаттарын  атқарушыларға  олардың  белгіленген  талаптар  мен  енгізу  тәртібіне  сәйкес  келмеген  жағдайда   қайтару.  

Ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  қызметін  қамтамасыз   ету.

Ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  қызметкерлерінің  осы    

ережеге  сәйкес  өздерінің  тікелей  қызметтік  міндеттерін  орындау  кезіндегі құқықтары:  
1)  ауылдық  округі  әкімі  аппаратында  өтетін  жиналыстарға, шараларға, аппаратының  отырыстарына  қатысу;    
2)  ауылдық  округі  әкімі  тапсырмасы  бойынша  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  органдары, ауылдық  округі  аумағында  орналасқан  ұйымдар,  мекемелер  және  кәсіпорындардың  жауапты   қызметкерлерін  туындаған  мәселелерді  шешуге  тарту, олардан  басшылыққа  бекітуге  ұсынылатын  құжат  жобалары  бойынша  ақпарат, ұсыныстар  мен   қорытындылар  сұрау;  
3)   қойылатын  талаптарға  сәйкес  келмейтін , заңға  қарсы  келетін  ауылдық  округі  әкімі  актілерінің  жобаларын  әрі  қарай  әзірлеуге  қайтару  туралы  аудан  әкімі  аппаратының  басшысына  өз  ұсыныстарын  беруге, аудан  әкімі  аппаратының  құзыретіне  енбейтін  құжаттар  мен материалдарды қараусыз   қайтару.

                    5.  Ауылдық  округі  әкімі аппаратының  мүлкі    

17)    Ауылдық  округі әкімі аппаратының  жедел  басқару  құқығындағы  негізгі  қордан  және  айналалы  құралдардан, сонымен  қатар  құны  ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  баланысында   көрсетілетін  басқа  да  мүліктерден  құрылатын  оқшауланған  мүлікке  ие.  
18)    Ауылдық  округі  әкімі аппаратының  мүлікті  мемлекет  берген  мүліктер  есебінен  қалыптастырылады  және  коммуналдық  меншікке  жатады. 
19)    Ауылдық  округі  әкімі аппаратының  өзіне  бекітілген  мүлік  пен  қаражатты  дербес  оқшаулауға  немесе  оларға  өзге  тәсілмен  билік  етуге  құқығы  жоқ.
Ауылдық  округі  әкімі  аппаратына  мүлікке  заңнамада  белгіленген  жағдайларда    және шектерде  билік  ету  құқығы   берілуі  мүмкін.

Ауылдық  округі  әкімінің  аппараттың  қайта  құру  және    тарату


20)       Ауылдық  округі  әкімінің  аппараттың  тарату  және  қайта  құру      Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  жүзеге  асырылады. 


Дата размещения: 20 Наурыз 2014 11:20 Дата редактирования: 22 Тамыз 2019 02:47
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

17°C малооблачно, Влажность 57%, Давление 712, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.05
EUR/KZT 428.25
RUB/KZT 5.84
Хабарландырулар Мұрағат