ГлавнаяБасқарма Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қырғыз селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Бөлімнің паспорты

Бөлімнің паспорты

І-бап. Жалпы ереже

    1. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы «Қырғыз селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 11.07.1997 жылғы Қазақстан Республикасының Азамат-тық кодексінің негізінде қызмет мерзімі шектелмеген мемлекеттік мекеме болып табылады.
    2. Мекеменің ресми атауы: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы , «Қырғыз селолық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесі.
    3. Мекеменің тұрғылықты жері: Қарағанды облысы, Қарқаралы  ауданы,Бүркітті ауылы ,Тың көшесі 8 үй, селолық округ әкімі аппаратының ғимараты.

ІІ-бап. Меншік иесі

  1. Мекеменің меншік иесі: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы , «Қырғыз  се-лолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

ІІІ-бап. Селолық округ әкімі аппаратының қызметі. Іс әрекеті мен мақсаты.

3.1. «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қа зақстан  Республикасының                   1998 жылғы Заңының  51-бабы  негізінде  аудан әкімінің  шешімімен аппарат /мамандар/ құрылады.  Аппараттың ережесін  селолық  округтің  әкімі бекітеді. Селолық округ әкімінің аппараты құқықтық-ұйымдастыру мекеме нысаны болып табылады. Оның  мақсаты:  тиісті аумақта  Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Заңдарын, Президенттің,  Парламенттің, Үкіметтің  нормативтік актілерін, облыс және ау- дан әкімдері  өкімдері мен шешімдерінің орындалуын, мемлекеттік басқару қызметін қам-тамасыз ету болып табылады.
3.2. Селолық округ әкімі аппаратының қызметіндегі  іс-әрекеттер  «Қазақстан Республика-сының жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» ҚР Заңының 49, 53 – баптарын-да көрсетілген барлық өкілеттіліктерді пайдалану және оны жүзеге асыруға бағытталады.
Оған:  
- Қазақстан  Республикасы  Заңдарын, Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлық-тарын, жоғары тұрған  мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының  шешімдерін орын-дау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- Село азаматтары өкілдерінің  жиындарын шақыру, оған қажетті құжаттар әзірлеу, олар- да қабылданған шешімдердің орындалысын қамтамасыз ету, тиісті органдарға жеткізу; 
- Азаматтардың өтініштерін, арыз - шағымдарын және үндеулерін қарап, тиісті  шешімдер қабылдау, орындалысын қамтамасыз ету;.
- Селолық округтің әкімі бекіткен кірістер мен шығыстар сметасының көлемінде жұмысты ұйымдастыру, орындалуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан  Республикасының  жер  туралы  заңдарына  сәйкес  селолық округ аумағының шегінде шабындық,  егістік және басқа  да  жерлерді пайдалануға байланысты мәселелерді шешу, тиісті құжаттарды әзірлеу;
- Мекемелер және ұйымдармен, сондай-ақ  жекелеген адамдармен шарттар  жасау,  заңмен қарастырылған құжаттарға және банк құжаттарына қол қою;
- Селолық округ тұрғындарына қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар, кооперативтер  ұй ымдастыруға  ықпал  етіп,  қолдау  көрсетуге  байланысты  құжаттарды жоғары орындарға ұсынылуын жүзеге асыру;
- Қоғамдық  тәртіпті  нығайтуға  байланысты  мәселелерді  шешу және төтенше жағдайлар /өртке қарсы қауіпсіздікті, судағы қауіпсіздікті т.б./ қамтамасыз етуді үнемі назарда ұстау,  күнделікті  бақылау жасау;
- Әскери міндеттілер мен әскерге  шақырылушыларды  алғашқы есепке алуды ұйымдасты- ру;                                                                                                                                                      - Селолық  округ  аумағындағы тарихи және мәдениет ескерткіштерін,  зираттарды,  басқа да  орындарды тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды жүргізу; 
- Село тұрғындарынан салықтың барлық  түрлері, сақтандыру және өзге  төлемдердің уақ- тылы түсіп отыруына ықпал етіп, бақылау жасау;
- Селодағы мүгедектердің,  асыраушысынан айырылған  отбасылардың, көп  балалы отба-сыларының, жалғызілікті аналар мен қариялардың,  жұмыс істемейтін, әлеуметтік қолдау-ды  қажет ететін отбасылардың материалдық және тұрмыстық жағдайларын жақсарту  ту- ралы,  сондай-ақ  кәмелетке  толмаған  балалардың мектепке тартылмай, қараусыз қалуын болдырмау жөнінде тиісті органдарға ұсыныс жасау жүктеледі. 
ІV-бап. Мекеменің мүлкі

4.1. Мекеменің мүлкі негізгі қор айналымының қаражаты және басқа да мүліктерден анық талып, мекеменің жеке балансында құнымен көрсетіледі. 
4.2. Мекеменің мүлкі меншік иесінің иелігінде болады.
4.3. Мекеме мүлкі:
- меншік иесінен берілген мүліктерден;
- заңдарда шектелмеген басқа да көздерден құрылады.
V бап. Мекеменің заңды статусы 
5.1. «Қырғыз селолық  округ  әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  мемлекеттік тіркеуден  алғашқысында  1995  жылғы  2 наурызда Қарағанды облыстық әділет басқарма-сында, кейіннен, яғни, 2005 жылғы 14 наурызда № 13-1930-05-ММ тіркеу  номерімен Қар-қаралы  аудандық  әділет  басқармасында  тіркеуден  өткен кезден бастап, заңды тұлға бо-лып табылады. Мекеменің  құқықтық  ережесі  Қазақстан  Республикасының Заңдарымен және  осы Ережемен белгіленеді.
5.2. Мекеме өз атынан  мәміле, келісім-шарттар жасауға,  мүліктік және  мүліктік емес құ-қықтарға ие болуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
5.3. Мекеменің дербес балансы болады, ол меншік иесінің қаржыландыруы негізінде жүр- гізіледі.
5.4. Мекеме  ақша  қаражаты  міндеттеріне  жауап береді, жеткіліксіз  қаржы міндеттеріне меншік иесі жауапты болады.
5.5. Мекеменің  Қазақстан  Респубикасының  мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген  мемле- кеттік мөрі, банкіде есеп шоты және басқа да қажетті деректемелері /реквизиті/ болады.
VІ бап. Басқару органы 
6.1. Селолық  округ  әкімінің  аппаратын селолық округтің әкімі тағайындаған оның орын- басары немесе бөлім меңгерушісі  басқарады, ол:
- аппараттың құрылымын құрып, оны әкімге бекітуге ұсынады; 
- селолық  округ әкімінің аудан әкімімен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен,   баспасөзбен, халықпен үнемі байланысып отыруын қамтамасыз етеді;
- қабылданған  нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын  бақылап отыру  жұмысын үйлестіреді;
- лауазымдық міндетін  өз деңгейінде орындамаған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұз- ған қызметкерлерге  «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президенті-нің Зан күші бар Жарлығына сәйкес жауапкершілікке тарту жөніндегі шараны қолданады.
6.2. Аппараттың мамандары өз жұмысын осы Ережеге сәйкес атқарады.
Олардың құқығы мен міндеттеріне мыналар:

  1. селолық округ әкімінің өткізетін шараларына қатысу;
  2. село аумағында орналасқан дербес мекемелердің басшыларынан Қазақстан Респуб ликасының  заңдары  мен  Президент  Жарлықтарының, Үкіметтің қаулылары және шешімдерінің  орындалысы, сонымен қатар  азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау жөніндегі керекті ақпараттар мен ұсыныстарды сұрау;
  3. аппарат қызметінде туындаған мәселелерді шешуге дербес мекемелер мен кәсіпор- ындардың, ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
  4. құжаттардың толық және өз мәнінде орындалуын орындаушылардан талап ету;
  5. басқа мемлекеттік органдардың, басқарушылардың, қоғамдық ұйымдардың қарауы на жататын материалдарды қайтарып беру;
  6. облыс және аудан әкімдерінің, олардың  орынбасарлары тапсырмаларының орын- далуын жүзеге асыру жатады.

6.3. Аппараттың  мамандары  өз  жұмыстарын  тоқсандық  жоспарлар  бойынша жүргізеді. Олар «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше атқару- ға және тәртіпті сақтауға міндетті.
6.4. Селолық округ әкімі мекемедегі  еңбек тәртібінің, қауіпсіздік техникасының сақталу- ына жауапты болады және мекеменің ішкі тәртібі туралы ережені бекітеді, сондай-ақ:
- жеке және заңды тұлғалармен келісім шартқа отырады;
- мекеме мүлкін өзінің құзыреті шегінде басқарады;
- Қазақстан  Республикасының  еңбек  кодексіне  сәйкес  аппаратқа қызмет көрсетуші жұ- мыскерлер мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және одан шығарады.
Сонымен қатар:

  1. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкіметтің нормативтік - құқықтық  актілері талаптарының сақталуына және орындалуына жауапты болады.
  2. Селолық округ әкімі село тұрғындары өкілдерінің жиынында  алдында есеп береді, мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік атқарушы, бақылаушы орган дары, шаруашылық  субъектілері, коммерциялық  және коммерциялық емес ұйым- дары сияқты заң органдары алдында мекеме мүддесі мен  құқығын қорғауға, талап қоюға құқылы.

6.5. Меншік иесінің құзыретіне мыналар жатады:
- осы бекітілген Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- аппараттың бөлім меңгерушісін және қызметкерлерін тағайындау, оларды жұмыстан шы ғару, мүліктік жауапкершілікке  тарту жөніндегі шешімдерді қабылдау;
- мекеменің ұйымдық құрылымын белгілеу.
7 бап. Есепке алу, есеп беру, бақылау. 
7.1. Мекеменің қаржылық жылы календарлық жылмен сәйкес болады. 
7.2. Мекеме  Қазақстан  Республикасының  нормативтік - құқықтық  актілерінде  қаралған тәртіптерге сәйкес жедел бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізеді.
7.3. Мекеменің қаржылық-шаруашылық есеп жұмысына жыл ішінде бір рет кешеңді реви- зия жүргізіледі.
7.4. Мекеменің бас маман-бухгалтерін меншік иесі /әкім/ тағайындайды, бас маман-бухгал тердің   құзыреті тиісті бухгалтерлік ережемен анықталады.
8-бап. Меншік иесі мен мекеме арасындағы өзара қарым-қатынас 
8.1. Меншік иесі мекеме ұжымының алдында Қазақстан Республикасының  Заңдары  және осы Ережеге сәйкес өз құзыреттерін атқаруға міндетті және жауапты болады. 
8.2. Мекеменің меншік иесі өзінің құзыреті шегінде жүктелген функцияларын орындайды.
8.3. Меншік иесінің құқығына:
- мекемені басқару ісіне құрылтайшы құжаттарды белгілеу тәртібімен қатысу;
- мекеменің қызметі туралы ақпарат алуға және оның құжаттарымен танысу;
- мекеме таратылған жағдайда оның мүлкінің бөлігін немесе оны толықтай алу жатады.
8.4. Меншік иесінің міндеттеріне:
- мекеме құжаттары мен ережесінің талаптарын сақтау;      
- аппараттың штатын белгілеу, еңбекке ақы төлеу шартын және материалдық –техникалық  қамтамасыз  ету, Қазақстан  Республикасының  Үкіметі белгілеген лимиттердің шекті қар- жысының көлемінде ақшалай операцияларды жүргізу жатады. 
9-бап. Меншік иесі мен мекеменің жауапкершілігі
9.1. Мекеме  кредит - есептік  және  салық  тәртіптерін, келісім-шарт  міндеттерін бұзғаны үшін жауапты болады.
9.2. Меншік иесі мекеменің міндеттері бойынша ақшалай қаражаттың жеткіліксіз фактіле-рі үшін жауапты болады.
10-бап. Еңбек ұжымы 
10.1. Мекеменің еңбек ұжымы - селолық округ әкімінің шешімі немесе өкімі  негізінде әр тарап қол қойған ұжымдық шартпен қызметке (жұмысқа) қабылданған қызметкерлер мен жұмыскерлерден тұрады.
10.2. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбек  жағдайын, еңбек уақыты мен демалысын   әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру жөніндегі  Қазақстан Республикасының Заң- дарымен реттеледі.
10.3. Еңбек ұжымы меншік иесі есепте тұратын кәсіподақ ұйымына кіреді.
11-бап. Әлеуметтік қамтамасыз ету 
11.1. Мекеменің қызметкерлері мен жұмыскерлері қолданылып жүрген Заңдарда қаралған әлеуметтік сақтандыруға жатады.
11.2. Мекеме тиісті заңдар белгілеген тәртіпке сәйкес әлеуметтік сақтандыру жарналарын  аударады.
11.3. Мекеме  қызметшілер  мен  жұмыскерлердің  тікелей  өз міндеттерін атқаруы кезінде денсаулықтарына келтірілген зияны үшін жауапты болады.
12 бап. Мекеме қызметінің тоқтатылуы және қайта құрылуы 
12.1. Селолық  округ  әкімінің  аппараты   Қазақстан  Республикасының  жергілікті  өкілді және атқарушы органдары  туралы заңының  І-бабына сәйкес Республиканың мемлекеттік атқарушы билігінің бірыңғай жүйесіне кіреді.
12.2. Мекемені  таратуды  немесе қайта  құруды  Қазақстан  Республикасының  Конститу-циясы мен Заңдары негізінде жоғары атқарушы органдар жүзеге асырады.


Дата размещения: 20 Наурыз 2014 11:08 Дата редактирования: 18 Тамыз 2019 09:27
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

24°C малооблачно, Влажность 37%, Давление 716, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.82
EUR/KZT 428.67
RUB/KZT 5.86
Хабарландырулар Мұрағат