ГлавнаяБасқарма Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Бөлімнің құрылымы

Бөлімнің құрылымы

Қаршығалы селолық округінің әкімі Шәкенұлы Айтыкен 11 шілде 1951 жылы Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылында туған, білім жоғары, малдәрігері.


ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Датасы

Қызметі, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері

қабылданған

босатылған

09.1973

01.1974

Мал дәрігер, Восток совхозы Қарқаралы ауданы

01.1974

07.1985

Бас мал дәрігер, Восток совхозы Қарқаралы ауданы

07.1985

09.1985

Аға мал дәрігер, Восток совхозы Қарқаралы ауданы

09.1985

07.1997

Бас мал дәрігер, Қарқаралы совхозы Қарқаралы ауданы

07.1997

09.1998

Мал дәрігер, Қаршығалы селолық округі әкімі аппараты Қарқаралы ауданы

09.1998

07.1999

Қаршығалы селолық округінің мал дәрігері, Қарқаралы аудандық ветеринарлық бірлестігі

07.1999

12.2000

Мал дәрігер, Қарқаралы ауданының базарларын қадағалау станциясы

01.2001

05.2002

Мал дәрігер-инспектор, Қаршығалы селолық округі әкімі аппараты Қарқаралы ауданы

05.2002

08.2002

Мемлекеттік ветеринарлық жетекші маман инспектордың міндетін ақарушы, Қарқаралы аудандық аумақтық басқармасы ҚР АШМ

08.2002

05.2004

Мемлекеттік ветеринарлық жетекші маман инспектор, Қарқаралы аудандық аумақтық басқармасы ҚР АШМ

05.2004

01.2007

Мемлекеттік ветеринарлық бас маман нспектор, Қарқаралы аудандық аумақтық басқармасы ҚР АШМ

01.2007

12.2010

Мемлекеттік ветеринарлық бас маман нспектор, Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы ҚР АШМ

12.2010

01.2012

Мемлекеттік ветеринарлық санитарлық бас маман нспектор, Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы ҚР АШМ

01.2012

01.07.2013

Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бақылау және қадағалау бөлімінің мемлекеттік ветеринарлық санитарлық бас маман нспекторы

01.07.2013

     09.08.2013

Уақытша жұмыссыз

09.08.2013

Бүгінгі күнге дейін

Қарқаралы ауданы Қаршығалы селолық округінің әкімі

Қаршығалы селолық округі әкімінің функционалдық міндеттері;
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi. Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi. Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi. Шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi. Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi. Қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды. Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады. Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады. Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді. Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Кент, ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.  Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңының талаптарын тиісті әкімшілік аумақта іске асырылуы үшін тиісті шаралар ұйымдастырып, орындалуын қамтамасыз етеді. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында ауыл шаруашылығын дамыту бағыттарын белгілейді, саланың ағымдағы және перспективалық бағдарламаларының жасалуына және оның орындалуына бақылау, басшылық жасайды, егіс көлемін ұлғайту, мал басын көбейту, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді молайтуды, оны ұқсатып сатуды, науқандық жұмыстарды өткізуді ұйымдастырады. Елді мекен жерінде мал жаятын орындарды айқындайды. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында төтенше жағдай туындағанда халық пен аймақты қорғауға жұмыс жасайды. Мемлекеттік жастар саясатын іске асырады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық (селолық) округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
Қаршығалы селолық округі әкімі аппаратының құрылымы


Лауазымы

Санаты

саны

Лауазым №

Әкім

E-R-1

1 бірлік

№19-1

Селолық округ әкімі аппаратының бас маманы

E-G-3

3 бірлік

№19-1-1, №19-1-2,
№19-1-3

Селолық округ әкімі аппаратының жетекші маманы

E-G-4

3 бірлік

№19-1-4, №19-1-5,
№19-1-6

Барлығы

 

7

 


Дата размещения: 20 Наурыз 2014 10:59 Дата редактирования: 24 Тамыз 2019 04:47
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

23°C облачно, Влажность 33%, Давление 719, ветер 2 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.34
EUR/KZT 427.25
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат