ГлавнаяБасқарма Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары «Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Бөлімнің құрылымы

Бөлімнің құрылымы

Қарқаралы қаласының әкімі - Батырбеков Нурлан Гапуович 27 ақпан 1966 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Талды ауылында туған. Білімі жоғары. Мамандығы инженер – механик.
Еңбек жолын 08.1986 - 11.1986 жылдары Қарағанды қаласының Жаңамайқұдық автокөлік мекемесінде жүргізуші болып бастаған.  11.1986 - 11.1988 жылдары әскери борышын өткерген. 12.1988 - 08.1997 жылдары Қарқаралы қаласындағы автокөлік мекемесінде және астық қабылдау пункттерінде мамандығына сәйкес лауазымдар атқарған. 09.1997 - 08.2007 жылдары Қарқаралы қаласының №2 орта мектебінде автомобиль ісі мамандығы бойынша сабақ берген. 08.2007-03.2009 жылдары Қарқаралы ауданы әкімі аппаратында төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман лауазымын атқарған. 04.2009 - 04.2010 жылдары  «КРЭК» ЖШС-нің Қарқаралы ауданы бойынша аймақтық директоры. 06.2010-05.2013 жылдары Қарқаралы ауданы әкімі аппаратында төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.
09.08.2013 жылдан бастап Қарқаралы қаласының әкімі.
Қарқаралы қаласының әкімінің функционалдық міндеттері;
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi. Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi. Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi. Шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi. Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi. Қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды. Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады. Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады. Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді. Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Кент, ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.  Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңының талаптарын тиісті әкімшілік аумақта іске асырылуы үшін тиісті шаралар ұйымдастырып, орындалуын қамтамасыз етеді. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында ауыл шаруашылығын дамыту бағыттарын белгілейді, саланың ағымдағы және перспективалық бағдарламаларының жасалуына және оның орындалуына бақылау, басшылық жасайды, егіс көлемін ұлғайту, мал басын көбейту, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді молайтуды, оны ұқсатып сатуды, науқандық жұмыстарды өткізуді ұйымдастырады. Елді мекен жерінде мал жаятын орындарды айқындайды. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында төтенше жағдай туындағанда халық пен аймақты қорғауға жұмыс жасайды. Мемлекеттік жастар саясатын іске асырады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық (селолық) округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
Қарқаралы қаласы әкімі аппаратының құрылымы


Лауазымы

Санаты

саны

Лауазым №

Әкім

E-R-1

1 бірлік

№05-1

Қала әкімінің орынбасары

E-G-1

1 бірлік

№05-1-1

Қала әкімі аппаратының әлеуметтік сала бойынша бөлімінің басшысы

E-G-2

1 бірлік

№05-1-2

Қала әкімі аппаратының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

E-G-2

1 бірлік

№05-1-3

Қала әкімі аппаратының бас маманы

E-G-3

6 бірлік

№05-1-4, №05-1-5, №05-1-6, №05-1-7
№05-1-8, №05-1-9

Барлығы

 

10

 

 


Дата размещения: 19 Наурыз 2014 15:07 Дата редактирования: 19 Маусым 2019 23:32
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

21°C облачно, Влажность 37%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 383.69
EUR/KZT 429.08
RUB/KZT 5.97
Хабарландырулар Мұрағат