ГлавнаяБасқарма Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары «Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Бөлімныс паспорты

Бөлімныс паспорты

1.Жалпы  Ережелер

1.    «Қарағанды  облысы  Қарқаралы  ауданы  Қарқарлы    қаласы  әкімінің   аппараты»   мемлекеттік    мекемесі   (әрі  қарай – қала әкімінің аппараты) қала әкімінің аппараты қызметін ақпаратық –талдау  тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық  және  материалдық-техникалық жағынан  қамтамасыз етуді  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  басқару  органы  болып  табылады.     
2.    Қала  әкімінің   аппараты  өз  қызметінде  Қазақсатан  Республикасының Конституциясымен  және  заңдарын, Республика Президенті және Үкіметінің  актілерін, аудан әкімі және әкімиятының актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
3.    Қала әкімінің аппараты мемлекеттік тілдерінде өз атауы жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, сонымен қатар заңнамаға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.
4     Қала әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымы мен штат санын аудан әкімдігі бекітеді.
5.    Қала әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
6.    Қала әкімі аппаратының құрылтайшысы болып Қарқаралы ауданының әкімдігі тұрғысында  мемлекет табылады.
7.    Қала әкімінің аппаратының  қызметін қаржыландыру Қарқаралы ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
8.   Толық атауы:
мемлекеттік тілде –«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде –Государственное учреждение «Аппарат аким города Каркаралинск Каркаралинского района  Карагандинской области».
9.   Заңды мекенжайы; 100800 Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласы Ә.Бөкейханов көшесі, 40 үй.
10.  Қала әкімі аппаратынының  өзінің  функциялары  болып  табылатын  міндеттері  орындау  тұрғысында  кәсіпкерлік  субъектілерімен шарттық   қатынастар  жасауға  тыйым  салынады.
Егер   қала  әкімі  аппаратына  заң  актілерінде  кірістер  әкелетін  қызметті   жүзеге  асыру  құқығы  берілсе,  онда  мұндай  қызметтен  алынған  кірістер  мемлекеттік   бюджеттің  кірсіне  жолданады.  

       2.   Қала  әкімі    аппаратының   міндеттері,  функциялары  және  құқықтары.

11.    Қала  әкімі  негізгі  міндеттері: 
1)   қала  әкімінің    қызметтін   ақпараттық-талдау    тұрғысынан,   ұйымдық-құқықтық   және  материалдық- техникалық  жағынан   қамтамсыз  ету;
2)    қала  әкімінің  актілері  мен  тапсырмаларының   орындалуына  бақылау  және  орындалуын  ұйымдастыру;
3)    Қала  әкімінің  актілерін  сөзсіз,  түбегейлі  және  уақытылы  орындау;
4)    Қала  әкімін:   Қарқаралы  каласындағы,   Қарқаралы  аудандағы     обылыстағы,   Республикадағы   істің  жағдайы  туралы  уақытылы  әрі толық хабардар  ету   болып  табылады.
12.   Қала  әкімі  аппараты    өз  өкілеттігі    шегінде   келесі  функцияларды  жүзеге  асырады.
1)   қаланың  әлеуметтік  және  экономикалық   даму  бағдарламаларын   әзірлеуге  қатысу,   мемлекеттік  және  аймақтық  бағдарламалардың  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз   ету  және  барысын  бақылау,  өзінің  құзыреті  шегінде  ұсыныстарды   қалыптастыру  арқылы  қала  аумағында  Қазақстан  Республикасы   Президентінің,   Үкіметінің  ішкі  және  сыртқы  саясатының  негізгі  бағыттарының   іске  асырылуына   қатысады;
2)   Қазақстан  Республикасы  заңдарының,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметінің   актілерінің
орындалуын, қала  әкімінің  актілерінің  орындалуына  бақылауды  ұйымдастырады    және  қамтамасыз  етеді;
3)   обылыс, аудан  әкімі  аппаратымен,  аудандық  Мәслихатпен,  қоғамдық  ұйымдармен   өзара  әрікетесуді    қамтамасыз  етеді;
4)    заң    шығарушы  және  басқада  нормативтік  құқықтық  актілердің,   қала  әкімінің   актілерінің  жобаларына  ұсыныстар  енгізеді;
5)    қала  әкімінің  өткізетін  активтердің,  жиналыстардың,   сапарлардың  және  басқада  шаралардың  ақпараттық-талдау  тұрғысынан  ұйымдық-құқықтық  және  материалдық-техникалық  жағынан  қамтамасыз  етеді,   қала  әкімінің  аппаратының   қызметкерлерінің  шаруашылық,  қаржылық,  материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету  мәселелерін  шешеді;
6)    қала   әкімінің   қызметінің     құжаттамалық  қамтамасыз   етуін,  қызметтік   құжаттардың,  хаттардың  азаматтардың  өтініштері   мен  шағымдарының  қаралуын,  азматтардың  жеке  қабылдауын,  азаматтардың  келіп   түскен    хаттары  мен    өтініштерінің,   құжат  ағымының   талдауын,  іс  жүргізуді   қалыпқа   келтіруді   және  жетілдіруді,   құпия  құжаттармен  жұмыс  істеуді,  мемлекеттік  және  орыс   тілдерінде іс  жүргізуді іске  асырылуын  ұйымдастырады;
7)    қала  әкімінің  шешімдері  мен  өкімдерінің,   сақтауын   қамтамасыз  етеді;
8)     жергілікті  атқару  билік  оргындарында   кадр  саясатын  аудан  әкімінің   номенкулатурасына   енетін  кадрлар  бойынша    ұсыныстарды  зерделеу    және  енгізу,  кадрлар  резервін  қалыптастыру,  олардың  оқуын,  тәжірибеден  және  енгізу  қайта  даярлаудан  өтуін  ұйымдастыру  арқылы  жүзеге   асырыды;
9)    қала  әкімінің  күнделікті   қызметінің  бұқараралық   ақпарат  құралдарында  жариялауды,  олармен  өзара  әрекеттесуді    Республика  Президенті   және   Үкіметі  жүргізіп  отырған  ішкі  және  сыртқы  саясатты,  қаланың  экономикалық   және  әлеуметтік   ахуалды,  мәселелерді   шешу  жолдарын  түсіндіруді  ұйымдастырады;
10)    қала  әкімі   құқық   қорғау  оргындарымен  қаланы  заңдылықты    және  құқықтық  тәртіпті  нығайту  сұрақтары  бойынша  үйлестіруді    және  өзара  әрікеттесуін   қамтамасыз  етеді;
11)     қала  әкімі  норма  шығармашылығы   қызметінің   механизмін  жетілдіру  жөнінде  шаралар  қабылдайды;
12)     заңнамаға  сәйкес   басқа  да  өкілеттіктерді   жүзеге  асырады.
13      қала  әкімнің    аппараты  өз  функцияларын  жүзеге  асыру  үшін  келесі  құқықтарға  ие:
1)    қала  әкімінің  құзыретіне  енетін   мәселелер   бойынша  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын   мемлекеттік  органдардан  және  басқа  да  ұйымдардан  қажетті  ақпараттар,  құжаттар  және  басқада  материалдар,  лауазымды  тұлғалардан   ауызша  және  жазбаша  сұрастыру  және  алу;
2)    атқарушы  органдардың   иелігіндегі  барлық  ақпараттық,  соның  ішінде  құпия  мәліметтерді  пайдалануға;    
3)   қала  әкімінің  актілерінің,  тапсырмаларының  орындалуына  тексеріс  жүргізу  және  анықталған  кемшіліктерді  жою  жөнінде  ұсыныстар  енгізу;
4)   қала  әкімінің   аппаратының   қарауына  жатқызылған   мәселелер  бойынша  мемлекеттік   және  мемелекеттік  емес   органдармен  және  ұйымдармен    қызметтік   хат  алмасуды   жүргізу;
5)   қала  әкімінің   тапсырмасы  бойынша  жергілікті  бюджеттен  қаржыландыратын  мемлекттік   органдардың  қызметіне   жататын  проблемалық  мәселелерді    зердеулеуге  және  шешуге;
6)   қала  әкіміне,   қала  әкімі  аппаратының  қызметкелерін  қызметке  тағайындау  және  қызметтен  босату,  оларды   тәртіптік  жауапқа  тарту  туралы  ұсыныстар  енгізу; 

 

3. Қала  әкімінің  аппаратының  қызметін  ұйымдастыру.

 
14.   Қала  әкімінің  аппаратың  мемлекеттік   мекемені  қала  әкімі  басқарады,  қала  әкімі   Қазақстан  Республикасы   Президентінің   белгілейтін  тәртіпте  қызметке  тағайындалады  немесе   сайланады,  қызметтен  босатылады  немесе  өз  өкілетігін  тоқтатады.
15.   Қала  әкімі:
1)   аудандық   әкімдігіне  қала  әкімі  аппаратының   құрылымын   және  штаттық   кестесін,  сонымен  қатар  олардағы  өзгерістерді  бекітуге  ұсынады;
2)    аппараттағы  ішкі  еңбек  тәртібі  ережесін  бекітеді,  мемлекеттік  қызмет  тура  заңнаманың  орындалуын  бақылайды;
3)   қаланың  жергілікті  бюджеттінің  жоспарларын,  дамуын  экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын  әзірлейді  және  олардың  орындалысын  қамтамасыз  етеді;
4)   қаланың  коммуналдық  меншігіне  басшылық  жасайды;
5)   азаматтардың  өтініштерін,  арыздарын,  шағымдарын  қарайды,  азаматтардың  құқықтары   мен   бостандықтарын  қорғау  жөніндегі  шаралар  қолданады;
6)    салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  жинауға  жәрдемдеседі;
7)    өз  құзыреті  шегінде  жер  қатынастарын  реттеуді  жүзеге  асырады;
8)    тұрғын  үй  қорынын  құрылысы   мен   жөнделуін  жолдарды  пайдалану  мен  күтіп  үстауды  ұйымдастырады;
9)     шаруа  (фермер)  қожалықтарын  ұйымдастыруға,  кәсіпкерлік  қызметті    дамутуға  жәрдемдеседі;
10)    өз  құзырреті  шегінде  жалпыға  бірдей  әскери  міндеттілік   және  әскери   қызмет,  азаматтық  қорғаныс,  сондай-ақ  жұмылдыру  дайындығы  мен  жұмылдыру  туралы  мәселелер  бойынша  заңдардың  орындалуын  ұйымдастырады   және  қамтамасыз етеді;
11)  табысы  өз  адамдарды  анықтайды,  жоғары  тұрған  органдарға  еңбекпен  қамтуды  қамтамасыз  ету,  атаулы  әлеуметтік  көмек  көрсету   жөнінде  ұсыныс  еңгізеді,   жалғызілікті  қартарға  және  әңбекке  жарамсыз азаматтарға  үйінде  қызмет   көрсетуді  ұйымдастырады;
12)    жергілікті  әлеуметтік  инфрақұрлымының   дамуына  жәрдемдеседі;
13)  шаруашылықтар  бойынша  статистикалық  есепке  алуды  жүзеге  асырды;
14)   жергілікті  бюджетті  бекіту  (нақтылау)   кезінде  аудан   Мәслихатты   сессияларының  жұмысына  қатысады;
15)   мектепке  дейінгі  ұйымдарды,   мәдениет  және  спорт   мекемелерін   материалдық-техникалық  қамтамасыз  етуде  қолдау  көрсетеді  және  жәрдемдеседі;
16)  көліктік  және  инженерлік   инфрақұрлым  объектілерін  пайдалануды  ұйымдастырады,  өз  құзіреті  шегінде  су  пайдалану  мәселелерін  реттейді;
17)   жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекттік  органдардан,   қала  аумағында  орналасқан  кәсіпорындар  мен  ұйымдардан  Қазақсатан  Республикасы  Президентінің   және  Үкіметінің  актілерінің,  қала  әкімінің  актілерінің  және  тапсырмаларының,    орындалуы  туралы  ақпарат  және  есеп  беруін  талап  етеді;
18)  қала  әкімінің  шешімдері  мен  өкімдерінің  жобаларын,  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік органдардың  басшыларының,   сонымен  қатар  ұйымдар  мен  мекемелердің   іскерлік  хаттарын  атқарушыларға  олардың  белгіленген  талаптар  мен  енгізу    тәртібіне  сәйкес  келмеген  жағдайда   қайтарады.

4.  Қала  әкімінің  аппаратының  қызметін  қамтамсыз  ету.

16.   Қала  әкімінің  аппартының  қызметкерлерінің  осы  ережеге   сәйкес  өздерінің  тікелей  қызметтік  міндеттерін  орындау  кезіндегі  құқықтар:
1)    қала  әкімі  аппаратында  өтетін  жиналыстарға,  шараларға,  аппаратының  отырыстарына  қатысу;
2)    қала  әкімі  тапсырмасы  бойынша  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  органдары,  селолық  округі  аумағында  орналасқан  ұйымдар,  мекемелер  және  кәсіпорындардың  жауапты  қызметкелерін  туындаған  мәселелерді  шешуге  тарту,  олардан  басашылққа  бекітуге  ұсынылатын  құжат  жобалары  бойынша  ақпарат,  ұсыныстармен  қорытындылар  сұрау;
3)   қойылатын  талаптарға  сәйкес  келмейтін,  заңға  қарсы  келетін  қала  әкімі  актілерінің   жобаларын  әрі  қарай  әзірлеуге  қайтару  туралы  қала  әкіміне  өз  ұсыныстарын  беруге,  қала  әкімі  аппаратының  құзіретіне  енбейтін  құжаттар  материалдарды  қараусыз  қайтару.

5. Қала  әкімі  аппаратының  мүлкі.

17.  Қала  әкімі  аппаратының  жедел  басқару  құқығындағы  негізгі  қордан  және  айналмалы  құралдардан,  сонымен  қатар  құны  қала әкімі  аппаратының  баланысында  көрсетілетін   басқа  да  мүліктерден  құралатын  оқшауланған  мүлікке  ие.
18.   Қала  әкімі  аппаратының  мүлкі  мемелекет  берген  мүліктер  есебіне  қалыптастырылады   және  коомуналдық  меншікке  жатады.
19.   Қала   әкімі  аппаратыныңөзіне  бекітілген  мүлік  пен  қаражатты  дербес  оқшалауға  немесе  оларға  өзге  тәсілмен   билік  етуге  құқығы  жоқ.
Қала  әкімі  аппаратына  мүлікке  заңнамаға  белгіленген  жағдайларда   және  шектерде  билік  ету   құқығы  берілуі  мүмкін.

 

  1. Қала  әкімінің  аппаратың  қайта  құру  және  тарату.

20.Қала  әкімінің  аппаратының  тарату  және  қайта  құру  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  жүзеге  асырылады.


Дата размещения: 19 Наурыз 2014 15:00 Дата редактирования: 23 Тамыз 2019 20:22
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

19°C пасмурно, Влажность 44%, Давление 718, ветер 2 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.04
EUR/KZT 427.77
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат