ГлавнаяБасқарма Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Балқантау селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Бөлімнің паспорты

Бөлімнің паспорты

І бап. Жалпы ереже

    1. Мемлекеттік мекеме Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Балқантау селолық   округі әкімінің аппараты 11.07.1997 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің негізінде қызмет мерзімі шектелмеген мекеме болып табылады.
    2. Мекеменің ресми атауы: мемлекеттік мекеме Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы , Балқантау селолық округі  әкімінің аппараты.
    3. Мекеменің тұрғылықты жері: Қарағанды облысы, Қарқаралы  ауданы, Қарабұлақ селосы, Қазақстан көшесі 2а үй.

ІІ бап. Меншік иесі

  1. Мекеменің меншік иесі: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы , Балқантау селолық  округінің әкімі

ІІІ бап. Селолық округ  әкімі аппаратының қызметі. Іс әрекеті мен мақсаты
3.1. Қазақстан Республикасының 10.12.1998 жылғы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңының 51 бабы негізінде аудан әкімінің шешімімен аппарат /мамандар/ құрылады. Аппараттың ережесін село әкімі бекітеді. Селолық округ әкімінің аппараты құқықтық ұйымдастыру мекеме нысаны болып табылады. Оның мақсаты: тиісті аумақта Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің нормативтік актілерін, облыс, аудан әкімдері өкімдері мен шешімдерінің орындалуын, мемлекеттік басқару қызметін қамтамасыз етеді.
3.2. Селолық округ  әкімі аппаратының қызмет іс-әрекеті «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңының 49,53 баптарында көрсетілген барлық өкілеттіліктерді пайдалану және оны жүзеге асыру болып табылады.
Оған жүктеледі:
-Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Респубикасы Президентінің жарлықтарын, жоғары тұрған мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының шешімдерін орындау жөнінде жұмыстар ұйымдастыру.
-Село азаматтары өкілдерінің жиналыстарын шақырады, оған қажетті құжаттар әзірленеді, оларда қабылданған шешімдердің орындалысын қамтамасыз етеді, тиісті органдарға жеткізеді. 
-азаматтардың өтініштерін, арыз-шағымдарын және үндеулерін қарап, тиісті шешімдер қабылдап, орындалысын қамтамасыз етеді.
-Селолық округ әкімінің бекітілген кірістер мен шығыстар сметасы көлемінде жұмыс ұйымдастырады, орындалуын қамтамасыз етеді.
-Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес  округ аумағының шегінде шабынды,   егістік және басқа да    жер пайдалануға байланысты мәселелерді шешеді, тиісті құжаттар әзірлейді.
-Мекемелермен, ұйымдармен және жекелеген адамдармен шарттар жасасады, заңдық және банк құжаттарына қол қояды.
-Селолық округ тұрғындарына қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар, кооперативтер ұйымдастыруға ықпал етіп, қолдау көрсетуге байланысты құжаттарды жоғары орындарға ұсынуды жүзеге асырады.
-Қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты мәселелерді шешеді және төтенше жағдайлар /өртке қарсы қауіпсіздікті, судағы қауіпсіздікті т.б./ қамтамасыз етуді үнемі назарда ұстап,   бақылау жасайды.
-Әскери міндеттіліктер мен әскерге шақырылғандарды алғаш есепке алуды ұйымдастырады.
-Селолық округ аумағындағы тарих пен мәдениет ескерткіштерін, зираттарды, басқа да жерлеу орындарына тиісті жағдайда ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстар жүргізеді. 
-Село тұрғындарынан салықтың барлық  түрлері, сақтандыру және өзге төлемдердің уақытылы түсіп отыруына ықпал етеді, бақылау жасайды.
-Селодағы мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың, жалғызілікті аналар мен қариялардың, жұмыс істемейтін әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың материалдық және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың мектепке тартылмай,   қараусыз қалуын болдырмау жөнінде тиісті органдарға ұсыныс жасайды.
ІV бап. Мекеменің мүлкі

4.1. Мекеменің мүлкі негізгі қор айналым қаражаты және басқа да мүліктерден анықталып, мекеменің жеке балансында құнымен көрсетіледі. 
4.2. Мекеменің мүлкі меншік иесінің иелігінде болады.
4.3. Мекеме мүлкінің құралу көздері:
- меншік иесінен берілген мүліктер
- заңдарда шектелмеген басқа да көздерден.
V бап. Мекеменің заңды статусы 
5.1. селолық округ  әкімінің аппараты мекемесі мемлекеттік тіркеуден 2005 жылы 2 наурызда №27-1930-05-ММ тіркеу номерімен Қарқаралы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткен кезден бастап заңды тұлға болып табылды. Мекеменің құқықтық ережесі Қазақстан Республикасының Заңдарымен және осы Ережемен белгіленеді.
5.2. Мекеме өз атынан  мәміле /сделка/, келісім шарттар жасауға, мүліктік және мүліктік емес қуғынға ие болуға сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
5.3. Мекеменің дербес балансы болады, меншік иесінің қаржыландыруы негізінде жүргізіледі.
5.4. Мекеме ақша қаражаты міндеттеріне жауап береді, жеткіліксіз қаржы міндеттеріне меншік иесі жауапты болады.
5.5. Мекеменің Қазақстан Респубикасының мемлекеттік ел таңбасы бейнеленген мемлекеттік мөрі, банкідегі есеп шоты және басқа да қажетті деректеме /реквизиті/ болады.
VІ бап. Басқару органы 
6.1. селолық округ әкімінің аппаратын Селолық округ әкімі тағайындаған, оның орынбасары басқарады, ол:
- аппараттың құрылымын құрып, оны әкімге бекітуге ұсынады, 
- селолық округ әкімінің аудан әкімімен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен,   баспасөзбен, халықпен үнемі байланысып отыруын қамтамасыз етеді.
- қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап отыру жұмысын үйлестіреді.
- лауазымдық міндетін өз деңгейінде орындамаған мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының Президентінің мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жауапкершілікке тарту жөнінде шара қолданады.
6.2. аппараттың мамандары өз жұмысын осы Ережеге сәйкес атқарады.
Олардың құқығы:

  1. селолық округ әкімінің өткізетін шараларына қатысуға,
  2. село аумағына орналасқан дербес мекемелердің басшыларынан  заңдар мен жарлықтардың, қаулылар және шешімдердің орындалысы, сонымен қатар азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарағандығы жөніндегі керекті ақпар мен ұсыныстарды сұрауға
  3. аппарат қызметінде туындаған мәселелерді шешуге дербес мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметкерлерін тартуға
  4. құжаттардың толық және өз мәнінде орындалуын орындаушылардан талап етуге
  5. басқа мемлекеттік органдардың, басқарушылардың, қоғамдық ұйымдардың қарауына жататын материалдарды қайтарып беруге,
  6. облыс және аудан әкімдерінің, олардың  орынбасарларының тапсырмаларын орындауын жүзеге асырады.

6.3.Аппараттың мамандары тоқсандық жоспарлары бойынша жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше атқаруға, тәртіпті сақтауға міндетті.
6.4. Селолық округ  әкімі мекемедегі еңбек тәртібінің, техникалық қауіпсіздіктің сақталуына жауапты болады, мекменің ішкі тәртіптері туралы ережелерді бекітеді.
- жеке және заңды тұлғалармен келісім шартқа отырады,
- мекеме мүлкін өзінің құзіреті шегінде басқара алады
Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңдар Кодексіне сәйкес жекелеген жұмыскер – қызметкерлерді жұмысқа алу мен шығаруды жүргізеді.

  1. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкіметтік нормативтік актілерінің сақталуына жауапты болады
  2. Селолық округ әкімі село тұрғындары өкілдері жиналысы алдында есеп береді, мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік атқарушы, бақылаушы органдары, шаруашылық субъектілері, коммерциялық коммерциялық емес ұйымдар Заң органдары алдында мекеме мүддесін қорғайды, құқығын қорғайды, талап қоюға құқылы.

6.5. Меншік иесінің құзіретіне мыналар жатады:
- осы бекітілген Ережеге өзгеріс енгізу
- аппарат  мамандарын тағайындау және шығару, мүліктік жауапкершілікке  тартуда шешім қабылдау
- мекеменің ұйымдық құрылымын белгілеу
7 бап. Есепке алу, есеп беру, бақылау. 
7.1. Мекеменің қаржылық жылы календарлық жылмен сәйкес болады. 
7.2. Мекеме Қазақстан Республикасы нормативтік актілерінде қаралған тәртіптерге сәйкес жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізеді.
7.3. Мекеменің шаруашылық қаржылық есеп жұмысына жыл ішінде бір рет комплекстік ревизия жүргізіледі.
7.4. Мекеменің бас бухгалтерлік меншік иесі /әкім/ тағайындайды, бухгалтердің   құзіреті /компетенциясы/ тиісті бухгалтерлік ережемен анықталды.
8-бап. Меншік иесі мен мекеме арасындағы өзара қарым-қатынас 
8.1.Меншік иесі мекеме алдында Қазақстан Респубикасының Заңдары және осы Ережеге сәйкес міндетін атқаруға және жауапты болуға құқылы. 
8.2. Мекеменің меншік иесі өзінің құзіреті шегінде функцияларын орындайды.
8.3. Меншік иесінің құқығы
- мекеменің басқару ісіне құрылтайшы құжаттарын белгілеу тәртібімен қатысады
- мекеменің қызметі туралы ақпар алуға және оның құжаттарымен танысуға
- мекеменің тарау жағдайына оның мүлкінің бөлігін немесе толықтай алуға
8.4. Меншік иесі міндетті:
- мекеме құжаттары мен Ережесінің талаптарын сақтауға,      
- аппараттың штатын, еңбекке ақы төлеу шарттары мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген лимиттер шекті қаржы ақшасы шегінде жүргізуге
9 бап. Меншік иесі мен мекеменің жауапкершілігі
9.1. мекеме кредит-есептік және салық тәртіптерін, келісім-шарт міндеттерін бұзғаны үшін жауапты болады.
9.2. Меншік иесі мекеменің міндеті бойынша ақша қаражатының жеткіліксіз фактілері жөнінде жауапты болады.
10 бап. Еңбек ұжымы 
10.1. Мекеменің еңбек ұжымы село әкімі шешімі, өкімі негізінде келісім-шартпен        қабылданған қызметкер- жұмыскерлерден тұрады.
10.2. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбек жағдайы, еңбек уақыты мен демалысы  әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.
10.3. Еңбек ұжымы меншік иесінің кәсіподағына кіреді.
11 бап. Әлеуметтік қамтамасыз ету 
11.1. Мекеме қызметкер-жұмыскері қолданылып жүрген Заңдарда қаралған әлеуметтік сақтандыруға жатады.
11.2. Мекеме тиісті Заңның белгіленген тәртіптеріне сәйкес әлеуметтік сақтандыруға жарналар аударады.
11.3. Мекеме қызметшілер мен жұмыскерлердің денсаулықтарына келтірілген зияны үшін жауапты болады.
12 бап. Мекеме қызметінің тоқтатылуы және қайта қаралуы 
12.1. Селолық округ әкімі Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы Заңының І бабына сәйкес Респубиканың мемлекеттік атқарушы билігінің бірыңғай жүйесіне кіреді.
12.2. Мекемені таратуда, қайта құруда Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары негізінде жоғары атқарушы органдар жүзеге асырады


Дата размещения: 20 Наурыз 2014 10:34 Дата редактирования: 16 Маусым 2019 23:37
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

13°C облачно, Влажность 52%, Давление 711, ветер 3 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.05
EUR/KZT 432.79
RUB/KZT 5.96
Хабарландырулар Мұрағат