ГлавнаяБасқарма Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК Құрылу тарихы

Құрылу тарихы

Аудандық мұражайдың екі филиалы бар:

  1. М.Мамыраев ауылында Қалибек Қуанышбаев атындағы мұражай, меңгерушісі – Нұрмағанбетов Ерлан Байдүйсенович
  2. Егіндібұлақ ауылындағы мұражай, меңгерушісі – Түсіпбеков Тұрысбек, мұражайдың бақылаушысы – Рахметова Гүлсім.

Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы 1977 жылы 7 қарашада қоғамдық негізінде құрылып, жұмысын бастады. Бұл жұмысқа бастамашы болған Қарқаралының азаматтары: Аймақов Әділхан, Аманбаев Сұлтан, Мезгілбаев Шаймаран, Иманқұлов Бөпежан, Спатаев Нөгербек, Рахметова Гүлнар. Барлық ұйымдастыру жұмыстары сол кездегі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Бекшин Махмет Сәкеновичтің басшылығымен жүргізілді. Мұражай Кеңесінің алғашқы Төрағасы Ш.Мезгелбаев болды, ол кісі сол кезде аудандық газеттің редакторының орынбасары болатын. Мұражай кеңесінің мүшелері Дүйсетаев С., Аринов А., Аймақов А., Омарбаев А., Рахымбеков С. ел арасына шығып мұражайға жәдігерлер мен құжаттар жинады.
Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 5 қазан күнгі № 462 өкімімен мұражай Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болды.
1980 жылғы 01 қантарында Қарқаралы аудандық тарихи-өлкетану мұражайы болып қайта құрылды.
2004 жылдың ортасынан бастап Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің «Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражай» статусын алды.
Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайында жеті зал бар: археология, хандар, этнография, Кеңес дәуірі және революция, тәуелсіздік, тұңғыш ғарышкер Т.О. Әубакіров, Қарқаралының табиғат мүйісі және пресс-конференция залы.


Дата размещения: 19 Наурыз 2014 17:34 Дата редактирования: 22 Тамыз 2019 02:46
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

17°C малооблачно, Влажность 57%, Давление 712, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.05
EUR/KZT 428.25
RUB/KZT 5.84
Хабарландырулар Мұрағат