ГлавнаяБасқарма Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары ММ «Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімі» Бөлімнің паспорты

Бөлімнің паспорты

1. Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлауды дамыту және қалыптастыру, бюджеттің атқарылу саласында басшылықты жүзеге асыратын  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, өзге де нормативтік және құқықтық актілерге, сондай-ақ Бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде мемлекет атынан шығуға құқылы.

4. Бөлім заңнамаға сәйкес өзінің өкілеттігіне жататын сұрақтар бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған «Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының бұйрығымен және басқа да актілермен рәсімдейтін шешімдер қабылдайды.

5. Бөлім құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

6. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; Орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел экономики и финансов Каркаралинского района».

7. Бөлімнің құрылтайшысы Қарқаралы ауданының әкімдігі болып табылады.

8. Бөлімнің қызметі аудандық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

 


Дата размещения: 19 Наурыз 2014 17:29 Дата редактирования: 29 Маусым 2018 14:06
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

23°C облачно, Влажность 33%, Давление 719, ветер 2 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.34
EUR/KZT 427.25
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат