ГлавнаяБасқарма Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары ММ «Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімі» Басшының өмірбаяны

Басшының өмірбаяны

Апендина Алтынгул Маулетовна 1964 жылдың 1 қаңтарында Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінде дүниеге келген. Қазақ. 1985 жылы Қарағанды кооперативтік институтын аяқтап, экономист біліктілігін алған.

Еңбек жолын 1985 жылы Талды кентінде Талды РайПО-да есепші болып бастаған. 1988 жылдың тамыз айында Қарқаралы қаласының РайПО-на есепші лауазымына ауыстырылды. 1988 жылдың қазан айынан бастап Қарқаралы аудандық Заготконторасында есепші болып қызмет атқарды. 1994 жылдың ақпан айынан бастап Қарқаралы қаласының № 1 орта мектебінің есепшісі болды. 1995 жылдың қазан айынан бастап Қарағанды қаласында Советтік РайФО-да бас маман лауазымына тағайындалды. 1996 жылдың ақпанынан бастап Қарағанды қаласының Облыстық Қаржы басқармасының жетекші маманы болып қызмет атқарды. 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарқаралы ауданының қаржы бөлімінің жетекші маманы болып тағайындалды. 1997 жылдың қаңтар айынан Қарқаралы ауданының қаржы бөлімінде бас есепші қызметін атқарды. 2005 жылдың қаңтарынан Қарқаралы ауданының қаржы бөлімінде бухгалтерлік есеп және есепке алу бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2006 жылдың қаңтарынан Қарқаралы ауданының қаржы бөлімінде қаржыландыру жоспарын жүргізу, жергілікті бюджетті орындау, коммуналдық меншікті басқару бөлімінің бастығы болды. 2008 жылдың қаңтарынан Қарқаралы ауданының қаржы бөлімінде қаржыландыру жоспарын жүргізу, жергілікті бюджетті орындау, коммуналдық меншікті басқару бөлімінің сектор меңгерушісі болды. 2013 жылдың желтоқсанынан Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімінің коммуналдық меншікті басқару секторының меңгерушісі болды. 2016 жылдың қараша айынан бастап экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылдың шілде айында Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Тұрмыс құрған. Үш баласы бар.


Дата размещения: 19 Наурыз 2014 17:24 Дата редактирования: 29 Маусым 2018 14:01
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

13°C облачно, Влажность 52%, Давление 711, ветер 3 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.05
EUR/KZT 432.79
RUB/KZT 5.96
Хабарландырулар Мұрағат