ГлавнаяБасқарма Әкім аппараты Аудан басшыларының өмірбаяны

Аудан басшыларының өмірбаяны

Мақсұтов Халел Мұқатайұлы – Қарқаралы ауданының әкімі


Мақсұтов Халел Мұқатайұлы 1964 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бақты ауылында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін заң және экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Қарқаралы автокөлік кәсіпорнында жүргізуші болып бастады. 1987 жылдан бастап комсомол органдарында қызмет етті. Қарағанды облыстық әкімшілігінде жастар ісі жөніндегі комитетті басқарды. Жастар ісі, туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары, Мичурин аудандық әкімшілігі бастығының орынбасары, Абай ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
1999 - 2009 жылдары Атырау облысының түрлі мекемелерінде қызмет етті, оның ішінде жұмылдыру, азаматтық қорғаныс, апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы болды.
Қарқаралы ауданының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақсұтов Халел Мұқатайұлы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Үйленген,3баласы бар.
 

Сәдуақасов Мейрлан Темірханұлы - Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары

 

Мейрлан Темірханұлы 1978 жылы 29 қарашада Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетін инженер құрылысшы болып тәмәмдаған.
02.2006-06.2006 жылы Қарағанды қаласы энергия технологиялық құрал-жабдықты монтаждау және жөндеу бойынша мамандандырылған басқармасында учаске мастері, 07.2006-08.2007 жылы «Қарағанды НПЦзем» мекемесінің Қарқаралы ауданы филиалында жетекші маман, 09.2007-12.2009 жылы «Қарқаралы ауданы архитектура және қала құрылысы» ММ-де бас маман болып қызмет жасаған. Ал 12.2012-05.2013 жылы Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып қызмет жасады. 10.2013 жылдан бері Шарықты селолық округінің әкімі болып қызмет етті.

 

Әлиұлы Сайлау – Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары


Әлиұлы С.1958 жылдың 26 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы селолық округінде дүниеге келген. Қазақ. Білімі - жоғары. Санкт-Петербор қаласындағы жоғары әлеуметтік кәсіподақ университетін «Мәдени-ағарту жұмыстары» мамандығы бойынша аяқтаған. 2011 жылдан бастап Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. Үйленген, 5 баласы бар.
 

Токмурзин Берік Мұқатайұлы - Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары


Тоқмұрзин Б.М. 1968 жылдың 10 маусымында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Аппаз ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі – жоғары. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша аяқтаған. 2011 жылдан бастап Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. Үйленген, 3 баласы бар.

 


Дата размещения: 19 Наурыз 2014 14:42 Дата редактирования: 22 Тамыз 2019 03:07
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

17°C малооблачно, Влажность 57%, Давление 712, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.05
EUR/KZT 428.25
RUB/KZT 5.84
Хабарландырулар Мұрағат