ГлавнаяБасқарма Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік қолдауы

Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік қолдауы


Шағын және орта бизнесті дамыту табысты экономикалық реформалар шарттарының бірі болып табылады. Шағын және орта бизнес субъектілерін құру және дамыту халықты нарықтық экономикаға көшуге даярлауды көздейтін қоғамның әлеуметтік қайта құрылымдауға негіз болып табылады.

Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы толығырақ түсіндіру мақсатында облыстық қорлар, кәсіпкерлікті қолдау институттары, екінші дәрежелі банктер мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен кездесулер, семинарлар өткізіледі. Семинар, кездесілердің барысында мемлекеттік қолдау шаралары, үрдісі және шарттары түсіндіріледі.

Аудан кәсіпкрлеріне тұрақты түрде «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау құралдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Аталған мәселе бойынша жергілікті «Қарқаралы» газетінде мақалалар жарияланады. Аудан әкімінің барлық ауылдық округтері мен Қарағайлы кентіндегі есепті кездесілерінде де кәсіпкерлік қызметті несиелендіру, қаржыландыру сұрақтары қарастырылады.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

1) жобаларды іске асыру үшін Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша номиналды сыйақы ставкасын субсидиялау;

2) Банктердің/Даму Банкінің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

4) мемлекеттік гранттар беру.

Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге арналған кредиттер бойынша кепілдік беру құралдарын қоспағанда, Бағдарламаға экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар бола алады.

Жобалар бойынша субсидиялау/кепілдік беру экономиканың басым секторлары шеңберінде (Бағдарламада көзделген) жүзеге асырылады.

Моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде жобалар бойынша субсидиялау/кепілдік беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға нысаналы гранттар экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Моноқалалар мен шағын қалалардың тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 28 маусымындағы № 728 қаулысымен бекітілген Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту Бағдарламасымен анықталған.

Бағдарлама аясында қолдау шараларын жүзеге асыру мақсатында ауылдық елді мекен болып моноқалалар мен шағын қалаларға, сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға кірмейтін елді мекендер саналады. 


Дата размещения: 17 Тамыз 2016 17:08 Дата редактирования: 20 Шілде 2019 09:39
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

30°C ясно, Влажность 23%, Давление 711, ветер 6 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.87
EUR/KZT 432.52
RUB/KZT 6.11
Хабарландырулар Мұрағат