ГлавнаяБасқарма Ереже

Ереже

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер
1. «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аудан әкімінің аппараты) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 23 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - Мемлекеттік тілде: «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима Каркаралинского района Карагандинской области».
10. Осы Ереже «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
12. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімі және әкімдігінің, ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді, қала, кент, селолық (ауылдық) әкімдері, олардың аппараттарының қызметін, сала бөлімдерін әрекет жасау және үйлестіру.
14. Міндеттері:
аудан әкімінің және аппарат қызметкерлерінің материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
аудан әкімінің және аппарат қызметкерлерінің құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
аудан әкімінің аппаратын және аппарат қызметкерлерінің ұйымдастыру жағынын қамтамасыз етуді жузеге асыру;
мемлекеттік қызмет көрсету санын көбейту.
15. Функциялары:
1) Ауданның аймақтық әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге және барысын бақылау, өзінің құзіреті шегінде ұсыныстарды қалыптастыру арқылы аудан аумағында Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытының іске асырылуына қатысады.
2) Жоғарғы тұрған атқарушы органның берген өкілеттігіне сәйкес облыстық бағыныстағы кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, облыстық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметтерінің өзара әрекеттестігін және үйлестіруді қамтамасыз етеді.
3) Қарқаралы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясын, оны жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру механизмі және тактикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін қалыптастыруға қатысады және осы мақсатта аудан аумағында атқарушы билік органдарының қызметтеріне сұрау салу және аудан талдау жасауы, аудан әкімі және әкімдігінің актілерін әзірлеу үшін уақытылы ақпарат алу, олардың атқарылуын қадағалау, әлеуметтік-экономикалық жағдайының даму мәселелері жөнінде ұсыныстар мен болжамдар қалыптастыру арқылы үйлестіруді жүзеге асырады.
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің орындалуын, аудан әкімі және әкімдігінің актілерінің орындалуына бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
5) Облыс әкімі аппаратымен, қала, кент, селолық (ауылдық) әкімдері аппаратымен, аудандық Мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
6) Заң шығарушы және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық Мәслихаттың актілерінің жобаларына ұсыныстар енгізеді.
7) Аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін активтердің, жиналыстардың, халықаралық кездесулердің, сапарлардың және басқа да шаралардың ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді, аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің шаруашылық, қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерін шешеді.
8) Аудан әкімінің аппаратының Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді.
9) Аудан әкімі және оның орынбасарлары қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етуін, қызметтік құжаттардың, хаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарының қаралуын, азаматтардың жеке қабылдауын, азаматтардың келіп түскен хаттары мен өтініштерінің, құжат ағымының талдауын, іс жүргізуді қалыпқа келтіруді және жетілдіруді, құпия құжаттармен жұмыс істеуді, мемлекеттік тілінде іс жүргізуді іске асырылуын ұйымдастырады.
10) Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігінің қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді.
11) Жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын аудан әкімінің номеклатурасында өтетін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, олардың оқуын, тәжірибеден және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады.
12) Аудан әкімдігі, аудан әкімінің және оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, олармен өзара әрекеттесуді, Республика Президенті және Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік ахуалды, туындаған мәселелерді шешу жолдарын түсіндіруді ұйымдастырады.
13) Аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен және сот жүйесі органдарымен аудандағы заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша үйлестіруді және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
14) Аудан әкімі мен әкімдігінің норма шығармашылығы қызметінің механизмін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) аудан әкімі аппараты мен әкімдігінің құзіретіне енетін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардын және басқа да ұйымдардын қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрастыру және алу;
2) атқарушы органдардың иелігіндегі барлық ақпараттық, соның ішінде құпия мәліметтерді пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасы Президенті және Үкімет актілерінің, Премьер-Министр өкімдерін, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің, облыс әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің, аудан әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына тексеріс жүргізу және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) аудан әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
5) аудан әкіміне аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшылық құрамын қызметке тағайындау және қызметтен босату, оларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
6) аудан әкімдігінің және жергілікті атқарушы органдарының отырысына қатысуға;
7) аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, мекемелер және ұйымдар өкілдерін аудандық әкімдік отырысына мәселелерді әзірлеуге, аудан әкімі аппаратының құзыретіне жататын проблемалық мәселелерді зерделеуге және шешуге қатыстыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17.«Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) аудан әкіміне аудан әкімі аппаратының құрылымын және штаттық кестесін, сонымен қатар олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
2) аудан әкімі аппаратының үздік қызметкерлерін көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) аудан әкімі аппараты бөлімдерінің және басқа да құрылымдық бөлімдердің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады;
4) аппараттағы ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
5) бұйрық шығарады, аудан әкімі аппаратының бөлімдері туралы ережені бекітеді;
6) аудан әкімі және әкімдігі қарауына ауданның тіршілік әрекетіне қатысты актілер, басқа да қызметтік құжаттардың жобаларын бекітуге ұсынады;
7) облыс әкімінің аппаратымен, аудандық Мәслихатпен, аудан ұйымдармен, қала, кент, селолық (ауылдық) әкімдері аппараттарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, саяси партиялар және қозғалыстармен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
8) аудан әкімі және әкімдігі қабылдаған актілердің және аудан әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
9) аудан әкіміне қала, кент, селолық (ауылдық) әкімдері аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жөнінде ұсыныс енгізеді;
10) аудан әкіміне және қала, кент, селолық (ауылдық) әкімдерінің заңсыз актілерін жою, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларының заңға қайшы бұйрықтарын тоқтата тұру туралы ұсыныстар береді;
11) кадр саясатының іске асырылуына жауап береді. Аудан әкімінің қарауына қала, кент, селолық (ауылдық) әкімдері аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізеді;
12) өз құзіреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
13) аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды.
14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты және тікелей міндетті болады.
«Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудан әкімінің аппарат басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Жұмыс режимы
24.«Аудан әкімі аппаратының» жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен бекітіледі.
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы  Н.А.Ильдебаев

 


Дата размещения: 16 Қазан 2014 16:07 Дата редактирования: 18 Қараша 2019 05:58
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

0°C ясно, Влажность 48%, Давление 717, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 388.07
EUR/KZT 427.54
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат