ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 2 қарашасындағы № 383-V Заңының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсанындағы № 1194 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесіне сәйкес, Қарқаралы ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау үшін конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңестің мүшелігіне үміткер «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.
Қоғамдық кеңес мүшесін сайлау бойынша конкурсқа ұсынылатын құжаттар тізімі:
1. Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатурасын ұсыну туралы азаматтың өтініші немесе комерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы
2. Кандидаттың өмірбаяндық мәліметтерін көрсете отырып кәсіби және қоғамдық қызметі туралы мәліметтері
3. Кандидаттың жеке бас құжаты, білімі туралы дипломы, марапаттары туралы куәліктерінің көшірмелері.
4. Фото 4х6 – 1 дана


Қоғамдық кеңес мүшесін сайлау бойынша конкурсқа құжат тапсыру мерзімі: 2019 жылдың 14-18 қаңтар аралығында.

Мына мекен-жай бойынша конкурсқа құжат қабылданады: 100800 Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі  23, «Қарқаралы ауданының мәслихат аппараты» ММ, №21 кабинет.


Қарқаралы ауданының Қоғамдық
кеңесін құру бойынша жұмыс тобы
 


 


Дата cоздания: 15 Қаңтар 2019 08:19
Дата редактирования: 15 Қаңтар 2019 08:19
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

23°C облачно, Влажность 33%, Давление 719, ветер 2 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.34
EUR/KZT 427.25
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат