ГлавнаяҚоғамдық Кеңес Қарқаралы ауданының Қоғамдық Кеңесінің 2017 жылы бірінші жартыжылдықта атқарған іс – шаралар жайлы есебі

Қарқаралы ауданының Қоғамдық Кеңесінің 2017 жылы бірінші жартыжылдықта атқарған іс – шаралар жайлы есебі

Аудандық Қоғамдық Кеңес Қазақстан Президентінің 2017 жылғы Қазақстан Халқына жолдауы және Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру мақаласынан туындайтын өзекті мәселелерді іске асыруда мынандай іс-шаралар атқарды. Жыл басында Қоғамдық Кеңестің бірінші отырысында аудан әкімінің 2016 жылы атқарылған іс-шаралары және 2017 жылда алда тұрған міңдеттері Елбасы тапсырмаларын орындау жөнінде әкімшіліктің бөлім, кәсіпорындардың бағдарламалары айқындалды. Қоғамдық Кеңес ауданның елді мекендерін аралап, сол жиындарда мекеме, бөлім, құзырлы бөлімдер және әкімнің орынбасарлары қатысып өздеріне қатысты міндеттері және атқарып жатқан іс-шаралары жайлы хабарлама жасады.

Егіндібұлақ ауылдық округінде өткен Қоғамдық Кеңес отырысында аудан әкімінің орынбасары М.Т.Сәдуақасов, №2 сот төрағасы, әділет басқармасының орынбасары, ауыл шарушылық бөлімі басшысы, жұмыспен қамту орталығының директоры, Егіндібұлақ а/о әкімінің хабарламалары, есептері тындалды. Қоғамдық Кеңес мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Ы.Жүкібаев "Қазақстанның Үшінші жанғыруы жаһандық бәсекеге қабылеттілігі" тақырыбында баяндама жасады.

Осындай кездесу Қарағайлы кенті № 17 орта мектебі акті залында өтті. Бұл жиынға аудан әкімнің орынбасары М.Т.Сәдуақасов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы С.А.Төлеубек, аудандық сот төрағасы М.З.Қасымбеков, әділет басқармасы басшысының орынбасары Е.Н. Базарбеков, жергілікті полиция өкілдері, Қарағайлы кенті әкімі М. Шаханов қатысты. Жер қатынастарына қатысты өзекті мәселелер де қаралды.

Бұл отырысқа аудан әкімі орынбасары Б.М.Токмурзин, жер қатынастар бөлімінің басшысы Ә.Ә. Наушабаев, барлық ауыл әкімдері қатысып, 2016 жылға бюджет орындалысы және 2017 жылғы бюджет жайында экономика және қаржы бөлімі басшысы орынбасары А.М.Апендинаның есебі тыңдалды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қоғамдық Кеңес отырысында қолжетімді ортаны қалыптастыру үшін талаптарды жетілдіру және құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуы бойынша мемлекеттік бақылауды күшейту туралы Қоғамдық Кеңес отырысында шешім қабылданып барлық мекеме басшыларына ұсыныс жолданып нақты іс-шаралар атқару жөнінде уақыт берілді.

Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысында аудан әкімінің аппарат басшысы және персоналды басқару бөлімінің бас маманы ауданның Б корпусы мемлекеттік қызметшілерің аттестациясы қортындысы жайлы есеп хабарламалары тыңдалды. Ауданның ветеренария бөлімі басшысы Қ.Ш.Али көктемгі ветеренария саласында атқарылған жұмыстары жайлы есебі, бас ветеринариалық инспектор Т.Ж. Копжасаров, ветеренария зертханасының басшысы Қ. Тәттімбетовтің есептері тыңдалып, талқыланды.

Қарқаралы қаласының орталығында орналасқан саяжайда үлкен ескірген ағаштарды кесіп орнына жаңа ағаштар отырғызып, саяжайдың ішінде кіші архитектура нысандарын орнату туралы қала әкімі баяндама жасады. Қоғамдық Кеңес осы есеп уақытында алты рет Қоғамдық Кеңес отырысын, Қоғамдық Кеңес төралқасының сегіз отырысын, он екі рет халықпен кездесулер өткізді.

Қоғамдық Кеңестің барлық отырысы, кездесулер, басқа іс-шараларға аудан әкімі орынбасарлары, мәслихат хатшысы, бөлім, мекеме, кәсіпорындар басшылары қатысып отырды. Қоғамдық Кеңес атқарған іс-шаралары аудандық “Қарқаралы” газетінде жарияланып отырады.


Дата размещения: 17 Шілде 2017 14:00 Дата редактирования: 18 Қараша 2019 05:57
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

0°C ясно, Влажность 48%, Давление 717, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 388.07
EUR/KZT 427.54
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат