ГлавнаяҚоғамдық Кеңес Егіндібұлақтағы кездесу

Егіндібұлақтағы кездесу

Ауданда құрылған қоғамдық кеңестің бүгінде көптеген жұмыстар атқарып жатқаны белгілі. Соның бір негізі жұртшылықпен жүздесіп, халықтың хал-ахуалын білу және мүмкіндігінше көмек қолын созу. Жуырда сондай іс-шараның жалғасы Енгіндібұлақта өтіп, кеңес мүшелері №43 орта мектепте, кәсіптік-техникалық колледжде, орталық ауруханада, «Балқантау» ет өнімдерін шығаратын кооперативте болып, тұрғындармен кездесті. Кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасары М.Садуакасов, аудандық «Қарқаралы» газетінің бас редакторы, аудандық маслихат депутаты Р.Смағұлов, Қарқаралы ауданының егіндібұлақта орналасқан №2 соты төрағасы К.Искакбаев, аудандық әділет басқармасы басшысының орынбасары Е.Базарбеков, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы А.Касымов, жұмыспен қамту орталығының директоры Қ.Бабайбеков, село әкімі Р.Инербаев, кеңес мүшесі О.Жүкібаев және басқалар қатысты.

Жиынды кеңес төрағасы Ә. Омаров ашып күн тәртібімен таныстыру ал-дында ауыл халқын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады. Осыдан соң кеңестің жұмысы, негізгі міндеті жайлы баяндап, осы іс-сапарға тоқталды. Кездесуде арнайы келген бөлім басшылары, мамандар кезектесе сөз алып кеңес жұмысына қатысты және өз салалары туралы қысқаша мағлұмат беріп, түсініктемелер жасады. Атап айтқанда аудандық әділет басқармасы басшысының орынбасары Е.Базарбеков барлық істердің заңдылықтары хақында айтып, елдің оны жақсы білулерін, құрметтеп, талабын орындап отыруларын өтінді. №2 сот төрағасы К. Искакбаев ауыл халқының бір мәселесі мал дауына тірелетінін тілге тиек етіп, біреуге, дәлірек айтқанда малшы-бақташыға мал қосқанда арнайы құжатпен жұмыс істеу керек екендігін ескертті. Әлгі мал кездейсоқ жоғалып немесе өлген жағдайда мойнына міндет алған адам заң бойынша жауап береді,- деді төраға. Сондай-ақ ол қазіргі кезде қолға алынып жатқан медиацияға тоқталды. Қозғалған істі сотқа жеткізбей шешудің тиімді түрі болып отырған бұл жаңалыққа жастардың ат салысуы, яғни медиаторлар қатарына өту сұралды. Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы А. Қасымов кооператив жұмысы жайын қозғады. Оның мүмкіндігі, дамыту жолы және тәртібі айтылды. Жұмыспен қамту орталығының директоры Қ.Бабайбеков те өз саласына қатысты мәселелерді көтерді. Кездесуде ауылдық округ әкімі Р.Инербаев өткен жыл ішінде атқарылған істер жөнінде қысқаша баяндама жасап, есеп берді. Келелі кеңес кезінде жоғарыда сөз сөйлеген басшылар мен мамандар тұрғындар қойған сұрақтарға жауап берді. Жиынды аудан әкімінің орынба-сары М.Сәдуақасов қорытындылап біраз мәселелерге тоқталды. Оның ішінде көктемгі су тасқынының алдын алу, алдағы мереке-мейрамдарға дайындық, ел бірлігі, Елбасы Жолдауының халыққа көмегі және оларды орындауға барынша үлес қосу баса айтылды. Алдағы күндерге жақсылықтар тіленді. Осы ыстық ілтипатты қоштаған қоғамдық кеңес төрағасы Ә. Омаров та ауыл халқына ризашылық білдірді. Қазіргі заманға сай жабдықталып, білікті мамандар жұмылдырылған село мектептерімен Агротехникалық колледжге, басқа да маңдай алды мекемелердің пәрменді жұмысына кеңес мүшелері атынан лайықты баға берді. Еңбекке сай сәттілік делінді.


Дата размещения: 13 Сәуір 2017 13:35 Дата редактирования: 20 Маусым 2019 12:04
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

22°C ясно, Влажность 35%, Давление 714, ветер 1 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 382.38
EUR/KZT 428.30
RUB/KZT 5.97
Хабарландырулар Мұрағат