ГлавнаяҚоғамдық Кеңес Маңызды міндеттер айқындалды

Маңызды міндеттер айқындалды

Өткен аптада аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған аудандық Мәслихат хатшысы С.Нүркенов, аудан әкімінің орынбасары Б.Тоқмурзин, қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен бірқатар мекеме басшылары қатысты. Отырысты кеңес төрағасы Ә.Омаров ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. Бұл күні төрт бірдей мекеме, бөлімнің атқарып отырған қызметі қаралды. Атап айтқанда, аудандық салық басқармасының басшысы Ғ.Бейсенбаев, аудандық зейнетақы тағайындау орталығы басшысының міндетін атқарушы А.Искакова, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы С.Төлеубек, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Тойғанбаева өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер бойынша хабарлама жасады. Хабарламалар қызу талқыланып, жиынға қатысушылар өз пікір ұсыныстарын жолдап отырды. Салық мәселесі бойынша Ә.Омаров, кеңес мүшелері Р.Смағұлов, С.Шамшиев, зейнетақы тағайындауда құжат жинау жұмыстары жайлы кеңес мүшесі С.Жекеев, С.Нүркенов, кәсіпкерлік бағытында тауарлардың қымбаттау мәселесі бойынша С.Жекеев, кеңес мүшесі Н.Игликовалар өз ойларын білдіріп, қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударды. Жер мәселесі де назардан тыс қалмады. Бүгінде республика бойынша иелігіндегі егістік жерін пайдаланбай отырған шаруа құрылымдарынан ол жерлерді игеру немесе мемлекетке қайтару талап етіліп отырғаны белгілі. Қарқаралы ауданында да егістік жерін пайдаланбай жатқандар бар. Осыған байланысты өз округтарында ондай құрылымдары бар ауыл әкімдеріне бұл мәселені тез арада шешу тапсырылды (округтардағы егістік жерлерін пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарының тізімі газеттің өткен санында берілді). Осы мәселе бойынша Б.Тоқмурзин де егістік жерлерін бірқатар жылдар бойы игере алмай отырған шаруа қожалықтарға жекелей тоқталып, енді мұны бір жақты шешу міндеті тұрғанын, бұған мемлекеттік тұрғыда мән беріліп жатқанын нақты айтты. Соған байланысты ауыл әкімдеріне тиісті түсіндірме жұмыстарын жасау керектігін жүктеді. Тапсырмалардың нақты орындалу уақытын атады. Жасалған хабарламалардың барлығы оң қабылданып, жиын қорытындыланды.
 


Дата размещения: 17 Наурыз 2017 09:08 Дата редактирования: 20 Шілде 2019 09:38
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

30°C ясно, Влажность 23%, Давление 711, ветер 6 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.87
EUR/KZT 432.52
RUB/KZT 6.11
Хабарландырулар Мұрағат