ГлавнаяҚоғамдық Кеңес ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Х.Мақсұтов ауылдық округтердегі халықпен өтетін есепті кездесуінің алдында қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді. Жалпы ауданда атқарылған іргелі істерге тоқтала келіп, алдағы ауқымды жоспарларды да тілге тиек етті. Атап айтқанда, ауылшаруашылық саласы бойынша жеткен жетістіктеріміз оның ішінде егістік көлемін ұлғайту қажет екендігін баса айтты. Сондай-ақ шаруа қожалықтарының саны күн сайын артып келе жатқанмен төрт-түлікке арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалысы көңіл көншітпейтіндігі тағы бар. Бүгінгі күннің талабы болып отырған ауылдық кооперативтер құру мәселесі де кеңінен сөз болды. Аудан тұрғындарының жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне зор ықпал етіп отырған «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының орындалысы ойдағыдай екендігін айтып өтті. Ауданның негізгі қозғаушы күші болып есептелетін өнеркәсіп саласының жұмысы да үнемі бақылауда екендігін айта келе алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстарда тек белсенділік танытсақ, жоғарыдан берілетін көрсеткіштердің дұрыс орындалуына қол жеткізетіндігін айтып өтті, аудан басшысы. Жиын барысында қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Омаров көптің көкейінде жүрген түйіткілді сұрақтарды қойды. Аудан басшысы қойылған сұрақтардың барлығы алдағы күндері де заң аясында шешілетіндігін, қойылған сұрақтардан туындаған мәселелердің үнемі назарда болатындығын айтты. Сонымен бірге, қоғамдық кеңестің де өткен жылы атқарылған жұмысы да жария етілді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрылған кеңес жыл бойына өткізілген жиналыстардан туындаған сұрақтар үнемі назарда болғандығын да айтып өтті. Қоғамдық кеңестің, шағын және орта бизнесті дамыту, өз істерін ашатын жеке тұлғаларға көмек көрсету, бюджет және әлеуметтік сала жұмысын бақылау, ауылшаруашылық жұмысын бақылау, жер кодексінің заң талаптарының орындалысы, жаңа шаруа қожалықтарын ашуға ықпал жасау комиссиясы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары , жолаушылар көлігі құрылыс жұмыстарын бақылау комиссиясы, азаматтардың құқығын қорғау, дін және жастармен жұмыс істеу комиссиясы құрылып, бірқатар жұмыстарды жүзеге асырды. Жыл ішінде сегіз отырыс, отыз төрт қоғамдық тыңдау өтіп, он бір рет аудандық, мемлекеттік мекеме басшыларының есептері тыңдалғандығын жеткізген қоғамдық кеңес төрағасы, ауыл халқының тыныс тіршілігімен танысу мақсатында ауылдарды аралап, ауыл халқының қойған түрлі сұрақтарына жауап беру мақсатында кейіннен бөлім басшыларының ауыл тұрғындарымен кездесу өткізгендігін де жеткізді.
 


Дата размещения: 17 Наурыз 2017 09:07 Дата редактирования: 19 Маусым 2019 23:53
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

21°C облачно, Влажность 37%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 383.69
EUR/KZT 429.08
RUB/KZT 5.97
Хабарландырулар Мұрағат