ГлавнаяҚоғамдық Кеңес Қарқаралы аудандық қоғамдық кеңесінің 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Қарқаралы аудандық қоғамдық кеңесінің 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заң күшіне еніп, Қарқаралы ауданында қоғамдық кеңес құрылды.
Қоғамдық кеңесті ұйымдастырудың бірінші отырысында кеңестің басқару органдары сайланып бекіді. Қарқаралы ауданы қоғамдық кеңесі құрамы 19 мүшеден тұрады. Кеңес отырысында Қоғамдық кеңестің президиумы сайланды, олар: кеңес төрағасы, төраға орынбасары және хатшы. Қоғамдық кеңестің комиссиялары және комиссия мүшелері сайланды. 5 комиссия құрылды:
1. Шағын және орта бизнесті дамыту, өзістерін ашатын жеке тұлғаларға көмек көрсету.
2. Бюджет және әлеуметтік сала жұмысынбақылау.
3. Ауыл шаруашылық жұмысын бақылау, жер кодексінің заң талаптарының орындалысы, жаңа шаруа қожалықтарын ашуға ықпал жасау комиссиясы.
4. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, құрылыс жұмыстарын бақылау комиссиясы.
5. Азаматтардың құқығын қорғау, дін және жастармен жұмыс істеу комиссиясы.
Қарқаралы ауданының мәслихат сессиясында қоғамдық кеңестің ережесі бекітілді.
2016 жылдың басынан бері Қоғамдық Кеңестің 8 отырысы өткен болатын. Отырыста ҰБТ-ға аудан мектептерінің дайындығы туралы, көктемгі дала жұмыстарының дайындық барысы туралы, аудандық жергілікті полиция қызметі туралы, жер кодексі заң талаптарының орындалысы туралы есептері, автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары туралы, бюджеттің орындалысы туралы және т.б. мәселелер тыңдалып, талқыланған болатын.
Сонымен қатар, 2016 жылдың ішіндеаудан бойынша 34 қоғамдық тыңдаулар өткізілген болатын. Қоғамдық тыңдауларда жер реформалары, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары, «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, елді-мекендердегі жергілікті қауымдастықты Қоғамдық кеңеспен таныстыру мәселелері қаралды.
Жыл ішінде 11 рет аудандық мемлекеттік мекеме басшыларының және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің есептері тыңдалды. Қоғамдық кеңес халық пен атқарушы билік арасын дәнекерлеуші мекеме болғандықтан, қоғамдық тыңдауларда көтерілетін мәселелерді тиісті органдарға жеткізіп, ауыл тұрғындарының мұң мұқтажының орындалуын қатаң бақылауында ұстайды. Кеңес отырысының жұмысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, аудандық сот төрағасы, аудан прокуроры, ҰҚК – нің Қарқаралы ауданы бойынша бөлім басшысы, әділет басқармасының басшысы, басқа да лауазымды адамдар, аудан тұрғындары, БАҚ қызметкерлері қатысып отырады. Қоғамдық кеңес отырысында тыңдалған әрбір ақпарат жергілікті баспасөз бетінде үнемі жарияланып отырады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің көтеретін мәселелеріне, қойылатын сұрақтарына тиісті мекемелерден жауаптары алынып, орындалысы қатаң бақылауда болады.

 


Дата размещения: 17 Наурыз 2017 09:05 Дата редактирования: 19 Маусым 2019 17:48
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

21°C облачно, Влажность 37%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 383.69
EUR/KZT 429.08
RUB/KZT 5.97
Хабарландырулар Мұрағат