ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевың Қазақстан халқына Жолдауларын жүзеге асыру женінде

Президент жолдауына пікір


11 Қазан 2018 09:29

    Бүгінгі Елбасы Жолдауын Қарқаралы қаласындағы №44 мектеп ұжымы зор ықыласпен тыңдады. Биылғы Жолдаудың негізгі басымдықтарының бірі – халықты әлеуметтік жағынан қорғау екенін атап өтті. Бұл тұрғыда бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 2019 жылдан бастап көтеру, әсіресе ең төменгі жалақы көлемін 1,5 есеге арттыру көпшілік көңілінен  шықты. Халық өміріне тікелей қатысты тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын қайта құру кректігін баса айтты. Ел экономикасының жетекші секторының бірі шағын және орта бизнесті қолдауды жалғастыруды, көлеңкелі экономика жұмысына тоқтау жасау күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе болып қала береді. Мемлекет сырттан келетін тауар түрлеріне шектеу қойып, отандық өндіріушілерге қолдау көрсету бизнестің дамуына зор ықпал ететінін атап өтті. Туризм  саласын дамытуда біздің табиғатымыздың мүмкіндіктерін пайдалану, қажетті инфрақұрылымдарды жасау қажет. Ауылшаруашылығы секторын дамытуда жаңа технологияларды пайдалану арқылы өнім көлемі мен сапасын арттыруға жұмыс жасайтын фермерлер мен кәсіпкерлерге Үкімет тарапынан қолдау керектігі айтылды. Білім саласына қатысты алдағы уақытты атқарылатын жұмыстарға тоқтала келіп, мектепке дейінгі білім беруге өзгерістер жасау, тәрбиешілердің жалақысын қайта қарау, мектеп мұғалімдерінің, оқушылардың жүктемелерін азайту, апатты жағдайдағы, үш ауысымды мектеп мәселесін шешу сияқты өткір проблемеларды атап өтті. «Мұғалім мәртебесі» туралы Заң қабылдау қажеттігі  барша ұстаздар қауымы тарапынан қызу қолдау тапты. Еліміздегі салынып жатқан жолдардың сапасына бақылау жасап, жергілікті жерлердегі жол байланысын реттеу қажеттігі атап айтылды. Сонымен қатар бұл Жолдауда халық денсаулығы да назардан тыс қалған жоқ. Сырттан келетін азық-түлік, дәрі-дәрмектің сапасына бақылау жасау, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің маңыздылығын баса айтты. Халықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуде соңғы қабылданған «7-20-25» бағдарламасының өңірлерде жүргізілуін тапсырды. Жолдауда еліміздің  сот жүйесіне, құқық қорғау, мемелекеттік қызмет саласына реформалар жасау қажеттігі айтылып тиісті тапсырмалар берілді. 2019 жыл – «Жастар жылы» болып белгіленді. Келесі жылы елеміз бойынша «Ауыл – ел бесігі», «Өз жеріңді танып біл» атты тың жобалар іске асырылатыны атап өтілді. Бұл шаралардың барлығы жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуге айтарлықтай үлесі болатыны және бұл істі жүзеге асыруда аянбай еңбек етуге шақырды.

5.10.2018


Вернуться назад

Дата cоздания: 20 Наурыз 2014 14:31
Дата редактирования: 11 Қазан 2018 09:29
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

0°C ясно, Влажность 48%, Давление 717, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 388.07
EUR/KZT 427.54
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат