ГлавнаяМемлекеттік бағдарламалар. «Экспорт – 2020» Бағдарламасына естелік

«Экспорт – 2020» Бағдарламасына естелік

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Экспорт – 2020» бағдарламасын іске асыру, отандық өңделген өнімді, қызметтерді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты шығындарды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қолдау отандық өнімді, қызметтерді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты шығындардың 50% өтеу жолымен көрсетіледі.

«Экспорт – 2020» Бағдарламасының операторы «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі»  АҚ болып табылады.

I.                  ЭКСПОРТЕРЛЕРДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ немесе экспортерлер шығындарын өтеу

Экспортерлерді қаржылық қолдау сыртқы нарықтарға отандық өнімді шығару кезіндегі экспортерлердің шығындарын 50 % өтеу жолымен көрсетіледі.

 

ӨТЕУГЕ ТИЕСІЛІ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ:

1.     Тауарлық белгілерді тіркеу және өнімді сертификаттау

2.     Өтелетін шығындардың баптары – шетелге экспорт мақсатында тауарлық белгілерді тіркеу және өнімді сертификаттау рәсімдеріне байланысты шығындар;

3.     Шетелде өкілдікті ұстау (офис, қойма, сауда нүктесі, шоу-бөлмелер)

Шығындардың өтелетін баптары қызметтің алғашқы үш жылы бойында өкілдікті ашу және ұстау (коммуналдық қызметтерді төлеуді қосқанда);

4.     Шетел көрмелерге қатысу

Шығындардың өтелетін баптары тіркеу салымын төлеу, көрме алаңдарын жалдау, көрме стендтерін жасау (немесе жалдау), тарату материалдары (каталогтар, буклеттер, парақтар);

5.     Отандық өнімді жарнамалау

Шығындардың өтелетін баптары шетел БАҚ PR компания және жарнамаға шығындар (баспа, радио, теледидар, қоғамдық баннерлер), салалық мамандандырылған каталогтарда.

6.     Кәсіпорын қызметкерлерін оқыту

Шығындардың өтелетін баптары шетелде кәсіпорын қызметкерлерін оқытуды өтеуге шығындар, шетел консультанттарын,эксперттерді, технологтарды, инженерлерді қазақстандық өндіріске тарту.

7.     Франшизаны тарту

Шығындардың өтелетін түрлері – франшизаны тарту және сатып алу.

8.     Веб-сайтты құру және іске қосу

Шығындардың өтелетін түрлері шетел тілдерінде сайттарды құруға және іске қосуға шығындар.

9.     Шетел нарықтарын маркетингтік зерттеу

Шығындардың өтелетін түрлері қазақстандық өнімнің экспортын ұйымдастыру мақсатында шетел тауар нарықтары бойынша маркетингтік зерттеуді әзірлеуге шығындар.

Қазіргі уақытта «KAZNEX INVEST» АҚ «Экспорт-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2012 жылдың 28 маусымынан 2014 жылдың 28 маусымы аралығындағы кезеңде өнімді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты 2014 жыл шығындардың 50% өтеу түрінде қаржылық көмекті алуға экономиканың шикізаттық емес секторының өнімін экспорттаушылардан өтінімдерді жинау бойынша жұмысты жүргізуде.

Өтінім қабылдау мерзімі – 19 қыркүйекке дейін. Бюджеттік қаражаттың шектеулігіне байланысты, бірінші тапсырылған өтінімдерге басымдық беріледі.

Бұл бағдарламаға қатысу үшін толық ақпаратты алу мақсатында «KAZNEX INVEST» АҚ хабарласыңыздар тел: +7 (7172) 91 90 40 (вн. 1007, 1010, 1043, 1044), www.kaznexinvest.kz.


Дата размещения: 31 Шілде 2014 15:51 Дата редактирования: 24 Тамыз 2019 04:42
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

23°C облачно, Влажность 33%, Давление 719, ветер 2 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.34
EUR/KZT 427.25
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат