ГлавнаяМемлекеттік бағдарламалар. «Мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасының Қарқаралы ауданында іске асырылу барысы.

«Мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасының Қарқаралы ауданында іске асырылу барысы.

Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады. Бөлімде тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында 2013 жылы біраз жұмыстар атқарылған.
2013 жылдың 13, 14 наурыз күндері ұлты қазақ жастардың арасында орыс тілінен «Тіл – барлық білімнің кілті» тақырыбында байқау болды. Байқаудың мақсаты – орыс тілін қазақ жастары арасында насихаттау, жастардың тілдерді үйренудегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. GRAND PRIX – мен №44 о.м. 10 сынып оқушысы Ақторғай Арухан марапатталды, 5 сәуірде өткен облыстық байқаудан 2 орынды иеленді, ал орыс жастары арасында қазақ тілінен «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты байқауда Балқантау селолық округінің №33 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Вороновская Кристина аудандық және облыстық байқаулардан жүлделі 1 орынды иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды. 10 сәуірде болған Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы аудандық байқауында №1 қазақ орта мектебінің оқушысы Абылғазы Әйгерім 1 орынды алып, 12 сәуірде облыстық байқаудан алғыс хатпен оралды. Осы байқауға Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің студенті Қожабаева Таңшолпан да қатысып, аудандық байқаудан 3 орын, облыстық байқаудан алғыс хат алды. 10 сәуірде өзге ұлт өкілдері арасында аудандық Абай, Шәкәрім оқулары өтті. Онда №44 орта мектебінің оқушысы Девевье Ирина аудандық байқаудан жүлделі 1 орын алып, облыстық байқауға жолдама алды. Облыстық Абай, Шәкәрім оқулары 17 сәуірде өткізілді. Облыстық байқауда Девевье И. жүлделі 3 орынға ие болды.
1 наурыз күні Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты» жолдауын насихаттау мақсатында «Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге №1, 44 орта мектептердің, лицейлердің пән мұғалімдері, білім бөлімінің тіл мамандары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, мұражай, ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты. Дөңгелек үстелде «Елбасымыздың үштұғырлы тіл саясаты – қазақ тілін бүкіл әлемге танытудың бір жолы», «Ел бірлігінің кепілі – мемлекеттік тілде» деген пікірлер айтылды. Үштілділік мәселесі жайында әр түрлі салада қызмет ететін және әр түрлі буындағы адамдардан «Үштұғырлы тіл саясаты» жайында сауалнама алынған болатын. Сауалнама қорытындысы бойынша: жалпы жұршылық үштілділік саясатын қолдайды, бірақ қазақ тіліміз шет қалып қоймай, одан әрі дамыса екен дегенге тоғысты. Алдағы уақытта ана тілін дамытуға арналған әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, өзге халықтардың
мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында 2013 жылдың 11 қыркүйек күні Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласында үш тілді меңгерген мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері мен жоғары, арнайы, жалпы білім беру ұйымдарының мамандары арасында «Тілдарын – 2013» атты облыстық олимпиадасы өтті. Аталмыш олимпиадаға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жолдамасымен Қарқаралы ауданынан Қарқаралы көпсалалы колледжінің әдіскері Кәрімбек (Жүкіпбаева) Айгүл Ерікқызы қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталып, Samsung galaxy Tab 3 планшетін жеңіп алып, республикалық олимпиадаға қатысып алғыс хатпен оралды.
20 қыркүйек тілдер күніне орай жер-жерлерде жоспарға сәйкес шаралар ұйымдастырылды. 19 күні тілдер мерекесінде орталық кітапханада «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты әдеби-сазды кеш өткізіліп, «Тілім – тіршілігімнің айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешке мектеп мұғалімдері, тіл мамандары, мектеп оқушылары, колледж және лицей студенттері, мұражай қызметкерлері мен құрметті қонақтар шақырылды.
2013 жылдың 11 қараша – 11 желтоқсан аралығында «Көрнекті ақпарат және жарнамаға – сауаттылық!» атты айлық ұйымдастырылып, тексеріс – рейдтер жүргізілді. Аудандағы жалпы халықтың ұлттық құрамынының басым бөлігін қазақтар құрайтындықтан жарнамалар, хабарландырулар қазақ тілінде орнатылып, ҚР Тіл туралы заңының 21 бабына сәйкес мемлекеттік тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде он жағында немесе төменгi жағына орналасқан. Рейд барысында ешқандай заңбұзушылықтар анықталған жоқ.
Алдағы уақытта да мемлекеттік тілімізді насихаттау мен дамытуға арналған әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

 


Дата размещения: 19 Мамыр 2014 10:56 Дата редактирования: 16 Маусым 2019 23:28
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

13°C облачно, Влажность 52%, Давление 711, ветер 3 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 384.05
EUR/KZT 432.79
RUB/KZT 5.96
Хабарландырулар Мұрағат