ГлавнаяМемлекеттік бағдарламалар. «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» Бағдарламасының Қарқаралы ауданында іске асырылу жөнінде ақпарат

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» Бағдарламасының Қарқаралы ауданында іске асырылу жөнінде ақпарат

«Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасы елімізде 2011 жылдың шілде айынан бастап іске асырыла бастады. Сол кезде Қарқаралы ауданында да аталған Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Жұмыспен қамту орталығы құрылып, 6 адам жұмысқа қабылданды.
2011 жылдың шілде айынан бастап жыл аяғына дейін Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіби оқытуға жалпы 19 адам жіберілді, оның ішінде 10 адам біліктілігін арттыруға, 4 адам кәсіби даярлау және 5 адам кәісіби қайта даярлау оқуларына жіберіліп, оқуды аяқтаған соң барлығы жұмыспен қамтылды. Екінші бағыт бойынша өз ісін ашуға 36 адам қолдарына 58 млн.тг. несие алды.
2012 жылы кәсіби оқытуға 15 адам жолданды, әлеуметтік жұмыс орындарымен 13 адам қамтылса, жастар тәжірибесіне 17 жас түлек қатысты. 44 адам кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолдарына 68 млн.тг. несие алды. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден Қарқаралы қаласына 28 отбасы көшіріліп, оларға пәтерлер бөлініп берілді, көшуге қарастырылған субсидиялар төленіп, отбасы басшыларының барлығы жұмыспен қамтылып шықты. Ауылды елді мекендерді абаттандыруға, инфрақұрылымдармен, әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізу үшін 2012 жылы жаңадан қосылған төртінші бағыт бойынша 15 нысан жөндеуден өтіп, Бағдарлама арқылы 28 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылды.
2013 жылы Бағдарламаның атауы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» болып, бағыттары мен кейбір талаптары өзгертілді. «Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыт бойынша 23 нысан жөндеуден өтіп, бағдарлама арқылы 136 адам жұмыспен қамтылды. Екінші бағыт бойынша 90 адам өз ісімен айналысу үшін 176,2 млн.тг. тиімді пайыздық мөлшерлемемен несие алды. 10 адам 3,5-айлық қайта даярлау оқуына жолдама алды, әлеуметтік жұмыс орындарында 10 адам жұмыспен қамтылса, жастар тәжірибесіне жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген 18 түлекке жолдама берілді.
2014 жылға «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыт бойынша 4 нысанды жөндеуден өткізу жоспарлануда, бағдарлама арқылы 24 адам жұмыспен қамтылатын болады. «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағытты іске асыруға жоспар бойынша 27 адамға 35,1 млн.тг. қаралып отыр. «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыт шеңберінде мамыр айында 5 адам қайта даярлау оқуларына жіберілсе, қыркүйек айында 10-айлық кәсіби даярлауға 5 адам жолдама алады. Жыл басынан басталған әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам қатысып отыр, шілде айынан жастар тәжірибесіне 5 жас түлек қатысатын болады.

 


Дата размещения: 19 Мамыр 2014 10:53 Дата редактирования: 12 Қараша 2019 15:36
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

2°C ясно, Влажность 29%, Давление 724, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 388.70
EUR/KZT 428.70
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат