ГлавнаяМемлекеттік бағдарламалар. Қарқаралы ауданы бойынша «Балапан» бағдарламасының орындалысы туралы ақпарат

Қарқаралы ауданы бойынша «Балапан» бағдарламасының орындалысы туралы ақпарат

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыруға арналған «Балапан» бағдарламасына сәйкес 2013-2014 оқу жылында аудандағы 4 балабақшаға 623 бала, 36 мектеп жанындағы шағын орталықтарға 1150 бала тартылып, мектепке дейінгі мекемелерде барлығы 1773 бала болды. Аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдармен қамту-99,6%-ды құрайды. 2013 жылы Қарағайлы кентіндегі «Балдырған» балабақшасына 40 млн теңге қаржы жұмсалып, 120 орынға кеңейтілді.Бақты, Қоянды селолық округтеріне қарасты №21,35 орта мектеп жанындағы шағын орталықтарда толық күндік режимде жұмыс жасайтын 2 топ ашылды.
Мектеп жанындағы шағын орталықтарда /№3,4,6,8,10,12,15,18, 19,21,30,35/ толық күндік 12 топ жұмыс жасайды, толық күндік топта 375 бала бар, яғни бұл 33,3%-ды құрайды. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9%-ға артты.2014 жылы 40 балалық 2 топ /№14,33 орта мектеп / ашу жоспарлануда.
Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлық деңгейде.Балабақшалар ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Мектепке дейінгі ұйымдар қажетті жиһаздармен қамтамасыз етіліп отыр, мезгілімен жаңартылып отырылады.
Қарқаралы қаласына 160 орындық балабақша салу жоспарда бар. 2014 жылы техникалық-экономикалық негіздемесінің жобалық сметасын жасауға жергілікті бюджеттен 15 млн қаржы қажет.2015 жылғы жоспарға енгізіп, 2016 жылы құрылысын аяқтау жоспарлануда .

 


Дата размещения: 19 Мамыр 2014 10:51 Дата редактирования: 24 Тамыз 2019 04:54
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

23°C облачно, Влажность 33%, Давление 719, ветер 2 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.34
EUR/KZT 427.25
RUB/KZT 5.88
Хабарландырулар Мұрағат