ГлавнаяМемлекеттік бағдарламалар. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша Қарқаралы ауданының денсаулық сақтау саласындағы атқарылатын маңызды жұмыстар туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша Қарқаралы ауданының денсаулық сақтау саласындағы атқарылатын маңызды жұмыстар туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттiк бағдарламасы  бойынша  Қарқаралы  ауданының  денсаулық  сақтау  саласындағы  атқарылатын  маңызды  жұмыстар  туралы  ақпарат.

  • Ана  өлімін  болдырмау, ол  үшін бала туу жасындағы әйелдердің денсаулығын зерттеу, халықаралық бағдарламалар, атап айтқанда Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының «Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету» бағдарламасын  іске асыру ;
  • Нәресте  шетінеушілігін  болдырмау( 1  жасқа  дейінгі), ол  үшін  амбулаториялық жағдайда балалардың арнайы тағамы мен дәріге қол жетімділігін  қамтамасыз  ету, «Балалар жасындағы ауруларды бірігіп зерделеу» бағдарламаларын іске асыру жұмыстарын  жалғастыру;
  • Бала  өлімін  болдырмау, ол  үшін   0 - 18 жас аралығындағы балалар денсаулығын алдын ала зерттеу, ОАА балалар бөлімін қажетті медициналық құралдармен жарақтандыру;
  • Жалпы  өлім-жітім  санын  азайтуға ықпал  жасайтын  мақсаттарды - медициналық мекемелерді материалдық – техникалық базамен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейіне әсер ететін әлеуметтік маңызды аурулар: жарақат және улану, қан айналым жүйесінің аурулары, жаңа және созылмалы сырқаттардың алдын алу жұмыстарын  іске  асыру,
  • Қанайналым  жүйесі  ауруларынан  өлімді  азайту, ол  үшін    аурудың  алдын  алу  мектептерінің  жұмысын  жолға  қою  және  скринингтік  тексерулерден  тұрғындарды  толық,  сапалы  өткізу, «Артериалдық гипертензия» мектебінің жұмысын жалғастыру;
  • Онкологиялық  аурулардан   өлім  деңгейін  төмендету, ол  үшін   ақпарат  құралдарында  онкологиялық  аурулар  белгілерімен  таныстырып, салауатты  өмір  салтын  насихаттау, онкологиялық  аурулардың  алдын  алу  үшін  скринингтік  тексеруден  тұрғындарды  толық,  сапалы  өткізу;
  • Туберкулезбен ауыру  көрсеткішін  жоғарылатпау, өлімін  болдырмау, ол  үшін    ауруды  ерте  анықтау , асқынған түрін оқшаулау оң динамиканы байқатады  жәнеде  флюорографиялық  тексерісті  толық,  сапалы  жүргізу;
  • 15-49  жас  аралығындағы  топта  АИТВ- инфекциясының  таралуын  0,2-0,6  шамасынан  асырмау, ол  үшін  салауатты  өмір  салтын  насихаттау;
  •  Туберкулез, қант, онкологиялық және басқа ауруларға қарсы емдік препараттармен қамту, ол  үшін  диспансерлік  есепте  тұратын  ауруларды  100  пайыз  есепке  алып  денсаулық  сақтау  министрінің  №786  бұйрығына  сәйкес  тегін  дәрі-дәрмекпен  толық  қамтамасыз  ету;
  • Әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау, ол  үшін  «Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасы  бойынша  аурудың  алдын  алу  мақсатында  халықты  медициналық  тексеруден  өткізу  шараларын сапалы  жүргізу ;
  • «Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасы  бойынша  Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жұйесінің  (БҰДСЖ)  2-ші кезеңін  іске  асыру  2014  жылдан  бастап  жүргізіледі;
  • Сонымен қатар 2011 жылы «Медициналық қызметкерлерге ақы төлеу ережелерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің                20.05.2011 жылғы № 310 бұйрығына сәйкес соңғы нәтижеге байланысты медициналық қызметкерлерге сараланған еңбекақы төлеу үшін жағдайлар жасалды және бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымдарына жан басына шаққандағы нормативтің қосымша компонентіне төлем төлеу шараларына мониторинг жүргізу басталды;
  • Жан басына шаққандағы кешенді норматив – амбулаториялық көмектегі барлық қажеттіліктерді есепке ала отырып, әрбір тұрғынға қаржыландыруды тең бөлу әдісі қызмет  істей бастады.

Дата размещения: 19 Мамыр 2014 10:57 Дата редактирования: 24 Қазан 2019 03:58
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

5°C пасмурно, Влажность 33%, Давление 717, ветер 6 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 388.96
EUR/KZT 432.21
RUB/KZT 6.09
Хабарландырулар Мұрағат