Пункты общественного доступа.

Қарқаралы ауданынында «Қарқаралы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құру туралы


04 Маусым 2018 16:46

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» № 103 бұйрығына сәйкес Қарқаралы ауданында «Қарқаралы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.

«Қарқаралы Тазалық» кәсіпорыны құрылған жағдайда аудан бойынша келесі қызмет көрсететін болады.

- Мемлекеттік автокөлік жолдарын күтіп ұстау (аудандық маңызы бар жолдар).

- Коммуналдық қалдықтарды көму, қалдық полигондарын ашу және жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

Осыған байланысты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ашу үшін бірінші кезекте жоғарыды атлаған қызмет түрлерімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы мемлекеттік кәсіпорындарды құру туралы ұсыныс қабылданатындығы туралы мәлімдейміз.

Мемлекеттік-жекешілік әріптестік арқылы кәсіпорынды құруға қызығушылық ниетін білдірушілердің ұсыныстары «Қарқаралы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қабылдайды.

Мекенжайы: Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі, №55 ғимарат, байланыс телефондары: 8(72146)79019, 32900.


Вернуться назад

Дата cоздания: 20 Наурыз 2014 14:14
Дата редактирования: 04 Маусым 2018 16:45
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

0°C ясно, Влажность 48%, Давление 717, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 388.07
EUR/KZT 427.54
RUB/KZT 6.08
Хабарландырулар Мұрағат