ГлавнаяЖағымды тәжірибе Мемлекеттік қызмет абыройы басты назарда

Мемлекеттік қызмет абыройы басты назарда

Мемлекеттік қызмет абыройы басты назарда.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасына және Елбасының үстіміздегі жылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» жолдауына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің  Ар-намыс кодексін сақтауға қойылатын талаптар күшейтілді. Осы бағытта 2009 жыл ішінде Қарқаралы ауданында біршама жұмыстар атқарылып жатыр.
Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы заңдарды іске асыру бағытында, 2006  жылдың  9  қазанындағы «Аудан  бойынша  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  2006-2010  жылдарға  арналған  бағдарламасы»  әзірленген.
Бағдарлама бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды анықтау мен оларды жоюдың  тиімділігін одан әрі арттыруға, мемлекеттік тәртіпті, кадрлардың жұмыс істеуін жақсартуды, халықты жалпы оқыту және сыбайлас жемқорлықпен күресудің жариялылығына бағытталған іс шараларды көздейді.
Бағдарлама бойынша, сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресу,  мемлекеттік бағдарламаның  бағыттарын  іске  асыру  жөніндегі  іс  шаралар  бойынша  қала,  поселке  және  селолық  округтердің  әкімдерімен, мекеме  басшыларымен  жұмыс  жүргізіліп  жатыр.
Құқық түсіндіру жұмысы, құқық мәдениетін қалыптастыру, тұрғын халықты құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі арналған  аумақтық бағдарламаға сәйкес мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін ақпараттық нисихаттау жүзеге асырылуда.
Аудандық құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда «сенім телефоны» орнатылған, олардың нөмірлері «Қарқаралы» газетінің бетінде жарияланады. 
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметшінің АР-Намыс Кодексінің» мәтінін мекемелердің ғимараттарына келушілер үшін фойеге ілу және мәтінді жаңартуды, мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабынының болуын және оған келушілердің қол жеткізуіне барлық жағдай жасалған.
Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде тәртіп пен реттілік нығайту жөніндегі шаралар туралы» 2005 жылғы 14 сәуірдегі №1550 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер Ар-намыс кодексін зерделеу ұйымдастырылған. 
Аудандық салық басқармасының мемлекеттік қызметшілердің табысы туралы декларациясының дұрыстығын қамтамасыз етудің шаралары жасалуда. Ай және тоқсан сайын белгіленген мерзімдерде, салық заңдылығына сәйкес ауданның ірі кәсіпорындарының қызметіне мониторинг жүргізіледі. Жеке тұлғаның кәсіппен шұғылданғаны анықталған заң бұзушылардың бәрі салық төлеуші ретінде есепке алынып, әкімшілік жаза тартылып, айыппұл өндіріледі.
2009 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін аудан бойынша тәртіптік жазаға сегіз мемлекеттік қызметші  тартылса, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін бір мемлекеттік қызметші  тәртіптік жазаға тартылды.  Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 38,5 пайызға төмендеп отыр, бұл мемлекеттік қызметшілер арасында заң бұзушылықтын алдын алу жұмыстарының дер кезінде жүргізулінің нәтижесі болып деп табылады. Жалпы алғанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын орындау аудан әкімінің және мекеме басшыларының үнемі басты назарында. 
Келесі кезекте кадрлық жұмыстарға келсек, Қарқаралы ауданында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардағы кадрларға қатысты мәселелер Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарына, Елбасының Жарлықтарына және жоғары органдардан түскен құқықтық актілері мен нұсқаулық, ережелерге сәйкес жүзеге асырылып отырады. Аудан әкімі аппаратының кіші және кеңейтілген аппаратық жиындарында Мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарын қатаң түрде орындалуы туралы үнемі ескертіліп, жиындарда жекелеген бөлім басшыларының кадрлық жұмыстарға қатысты атқарылған есебі тыңдалып отырады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия құрамдары жасақталған. Әрбір жылдың басында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілдері комиссия отырыстарында белгіленіп, хаттамасы толтырылып отырады.  
Бүгінгі күнге Қарқаралы ауданындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдарда штат саны бойынша барлығы 191 бірлік бар, оның ішінде «Е» - санаты (аудан әкімі аппараты) 20 бірлік, «Е-R» - санаты (дербес бөлімдер) 63 бірлік, «Е-G» - санаты (қала, кент, селолық округ әкімі аппараттары) 108 бірлік. Осы санаттар бойынша бүгінгі күнге вакансиялық орын барлығы (дербес бөлімдер-6) 6 бірлік. 
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес бос ваканттық орындар конкурстар жариялау немесе біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда Сіздердің басқармаларыңыздың келісімімен ауыстыру арқылы толықтырылып отырады. 
Атап айтсақ, «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу Қағидасына» сәйкес 2009 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін барлығы 8 рет конкурс жарияланып, заңға сәйкес конкурстық процедуралар барысында 18 бос ваканттық орындар толықтырылды. Барлық конкурстар аудандық «Қарқаралы» газетінде жарияланып отырады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес әрбір мемлекеттік қызметші 3 жыл сайын аттестациядан өтуі тиіс. Аудан бойынша кезекті аттестациядан өтетін мемлекеттік қызметшілердің жылына екі рет аттестациядан өту жөнінде кестесі жасалып,  аудан әкімінің өкімімен бекітіліп, сол кесте арқылы аттестациялау жұмыстары атқарылып отырады. Аттестациядан өтетін мемлекеттік қызметшілерге тиісті мерзімде аттестациядан өтетіндігі туралы ескерту парағы беріліп, тікелей басшысының қолымен қызметтік мінездеме толытырылып, таныстырылып отырады. 
Осыған орай 2009 жылы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда барлығы 38  мемлекеттік қызметші кезекті аттестациядан өтуге жоспарланған. Бүгінгі күнге 35  мемлекеттік қызметші кезекті аттестациядан өтіп, атқарып отырған қызметтеріне сай. Қалғандары жыл аяғына дейін өтеді. Барлық мекемелерде аттестациялық комиссия құрамдары жасақталған.  Кезекті аттестациядан өтетін қызметкерлерге тестілеу алдында методикалық көмек ретінде облыстық аймақтық орталықтың келісімімен ақылы түрде 3 күндік оқыту курстары өткізіліп отырады.
«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына және Қарқаралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру кестесіне сәйкес, 2009 жылы 10 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан, 23 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курстарынан өтуге жоспарланған болатын. Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығының» қызметкерлері Қарқаралы ауданында 2009 жылдың 10-14 тамыз аралығында біліктілігін арттыру курстарын өткізді. Бұның қазіргі қаржылық дағдарыс кезеңінде көптеген іс-сапар шығындарын үнемдеуге өз септігін тигізгенін айта кету керек. Курс барысында 23 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырып, арнайы сертификаттар алды. Сонымен қатар, бүгінгі күнге аталмыш орталықта 6 адам қайта даярлау курстарынан өтіп, қалған 4 адам жыл аяғына дейін өтеді. Оныменқоса, облыс әкімі аппаратының сұранысына сәйкес 2009 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін барлығы 3 мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында оқу курстарына қатысып, біліктіліктерін көтеріп қайтты.
Қарқаралыдағы оқыту курстарына тоқталсақ, алғашқы күні аймақтық орталықтың директоры Татьяна Николаевна Шатохинаның өзі арнайы келіп, оқытушылар мен аймақтық орталықтың қызметімен таныстырып, курс жұмыстарын бастап берді.
Өңірлік орталықтың қызметкерлері осы аралықта өте жоғарғы деңгейде дәріс беріп, курс тындаушыларының тарапынан өте жақсы деген бағаға ие болды. Курс тыңдаушылары өз біліктіліктерін көтеріп, көптеген курс тақырыптары бойынша жан-жақты мәлімет пен тәжірибе жинақтады. 
Аудан орталығында тыңғылықты дәріс жүргізген оқытушылар - аймақтық орталық директорының орынбасары Исина Гүлмира Серікқызы, аға оқытушылары Мустафин Серік Хамзаұлы, Құрманбеков Жабай Абдығұлұлы курстарды жоғарғы деңгейде өткізді. Аудан басшылары «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығының» директоры Т.Н.Шатохинаға және дәріс жүргізген барлық оқытушыларға алғыс айтты.
Осындай оқыту курстарын жергілікті жерде өткізу екі жаққа да тиімді екендігін көрсетті. Және де орталықтың келісімімен осындай курстарды аудан орталығында жыл сайын өткізу дәстүрге айналмақ.      


Дата размещения: 20 Наурыз 2014 14:37 Дата редактирования: 22 Тамыз 2019 03:05
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

17°C малооблачно, Влажность 57%, Давление 712, ветер 7 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.05
EUR/KZT 428.25
RUB/KZT 5.84
Хабарландырулар Мұрағат