ГлавнаяЖағымды тәжірибе Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасының» Қарқаралы ауданында іске асыру барысы туралы

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасының» Қарқаралы ауданында іске асыру барысы туралы

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасының» Қарқаралы ауданында іске асыру барысы туралы

 

Бүгінгі таңда Тәуелсіз мемлекеттер достығы кеңістігінде республикамыз жемқорлыққа қарсы заңнамасы барынша дамыған елдердің бірі. Қазақстанда қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қиянатшылдық жасаумен күресті реттейтін негізгі құқықтық актілер қатарына мыналар жатады: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы (1998ж.), Жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлықтары. 2005 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі бекітілген болатын.
Жемқорлықпен күрес саласындағы іс-шараларға дайындық және іске асыру жұмыстарына осы мәселемен айналысатын дәстүрлі құрылымдық күштерден басқа Президент жанындағы Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссиясы, Мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі,  Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен күрес жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі (қаржы полициясы) сияқты мамандандырылған органдар қатысады.
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрестің кешендік бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік орталық органдар қызметінің бір бөлігін аймақтарға және жеке секторға біртіндеп беру жолы арқылы орталық мемлекеттік органдардың қызметтерін орталықсыздандыру жүзеге асырылуда, монополиялық қызмет аясы қысқартылуда және халыққа қызмет көрсету барысында «бір терезе» принціпі енгізілуде. Мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу байқауларының обьективтілігі мен ашықтығы, олардың мәртебесіне қатысты шектеулердің сақталуы қамтамасыз етілген, іскерлік сапалары мен кәсіпқойлыққа негізделіп, кадрларды жұмысқа қабылдау және оларды  ілгерлету принціптері енгізілуде. 
Жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларды мемлекеттік қызметке қабылдауға тиым салушы нормалар заңнама түрінде бекітілді, саяси мемлекеттік қызметкерлер ротациясының институты енгізілді. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша бастау алған әкімшілік және конституциялық реформаларды аяқтау маңыздылығы арта түсуде.
Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында біртұтас ақпараттық жүйені енгізу үшін жағдайлар жасалды, осы жүйе ұйымдар мен халықтың мемлекет қызметкерлерімен тікелей байланыс жасауының санын қысқартады. Арнайы бағдарламаның аясында жоспар бойынша жүйелі түрде «жасырын экономикаға» қарсы әрекеттер бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Халықаралық салада Қазақстан Жемқорлықпен күрес бойынша әрекеттердің Стамбулдық жоспары деп аталатын бағыт бойынша ынтымақтастыққа баса назар аударып отыр. Осы тұста шетелдік мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және арнайы қызметтерімен, жемқорлыққа қарсы тақырыпта мамандандырылған халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Кешенде көрсетілген шаралар жемқорлыққа қарсы табысты әрекеттер жасауға қажетті жағдайларды туғызады және жемқорлық алаңының өзін айтарлықтай қысқартады. Алайда, олар Қазақстанда жемқорлық құқық бұзушылықтарды туғызушы негізгі себептер мен жағдайларды толық жоюды қамтамасыз ете алмайды. 
Жемқорлық өзін-өзі тудырушы құбылыс. Оның түп тамыры әлеуметтік өмірдің өзімен сабақтас жатыр. Жемқорлықпен күрес - тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар тұтастай қоғамның міндеті. Жемқорлықтың тарауына және туындауына шектеу қоюдың жалпы ұлттық фундаменталды тұрақты негізін қалыптастыру қажет. Осы шектеулер ұзақ мерзімді тарихи болашаққа жоспарлануы тиіс.
Сондықтан еліміздің барлық аймақтарындағы азаматтық қоғамның барлық ізгі күштерін осы бір маңызды қоғамдық мәселені барынша тиімді де нәтижелі шешуге жұмылдыру мәселесі өзекті бола түсуде. Осыған қатысты Қарқаралы ауданының әкімдігі өз жұмысын жасауда.
Сыбайлас жемқорлық сондай-ақ, оның мемлекеттік органдарындағы әр-түрлі көріністеріне қарсы күресте мүдделі мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлесімді жұмылдыру мақсатында Қарқаралы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы  әзірленіп, оны екі кезеңмен орындау үшін іс-шаралар жоспары жасалып аудандық маслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 29/167 шешімімен бекітілген.            Бағдарламаның бірінші кезеңі негізінен аудан аумағындағы әлеуметтік және саяси тұрақтылықты одан әрі нығайту; азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімін арттыру; азаматтарды сыбайлас жемқорлықтан қорғау; қоғам мен биліктің, бизнес пен билік арасындағы диалогты кеңейтуге және тереңдетуге; билік органдары мен лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық фактілері жөніндегі ақпаратқа  міндетті түрде жедел үн қатуына; қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды одан әрі дамытуға және сыбайлас қалтарыс экономиканың ауқымдарын қысқартуға бағытталған.
Осы бағдарламаның бірінші кезеңін орындау мақсатында ауданда кең ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі мәселелермен шұғылданатын аумақтық комиссия құрылып, ол «Қарқаралы» газетінде жарияланды.
Аудандық мемлекеттік мекемелерінде «сенім телефондары» орнатылып, үздіксіз жұмыс жасауда. Аудан әкімдігінің «сенім телефонына» жыл басынан 14 шағым түсіп, барлықтары қаралды. 6 дерек бойынша мәселелер шешімдерін тапты. Мемлекеттік қызметшілердің тараптарынан Ар-намыс кодексінің талаптарын бұзған жөнінде фактілер анықталған жоқ.
Мекеме ғимараттарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметшінің Ар-Намыс Кодексі» мәтіні, мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітаптары ілінген. Мемлекеттік органдардың шешім қабылдау процессі бойынша ақпараттық жариялалық пен ашықтық сақтау мәселесі қамтамасыз етілген. 
Әр деңгейдегі әкімдердің атқарып отырған жұмыстары жөнінде есептер,  ауданның бюджет қаржысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық Мәслихаттың бюджеттік кіріс, шығыс шешімдері «Қарқаралы» газетінде жария етілген.
««Қарқаралы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру барысы туралы» мәселе аудан әкімдігінің отырыстарында, аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық жиындарында  үнемі қаралып, тиісті тапсырмалар беріліп отырады. 
Аудан көлеміндегі барлық деңгейдегі әкімдер мен мекеме басшыларының, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімдерін жетілдіруде барлық мемлекеттік мекемелерде жалпыға бірдей құқықтық білім беру оқулары өз мәнінде жүргізіліп келеді. Сонымен бірге, аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен ауданның қала, поселке, 25 селолық округтарында, мемлекеттік мекемелерде, атап айтсақ, аудандық ішкі істер бөлімінде, аудандық білім беру бөлімінде, аудандық кәсіпкерлік бөлімінде  жиындар өткізіліп, онда мемлекеттік қызметшілерге практикалық-әдістемелік көмек көрсетуде қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру мақсатында әңгімелер, құқықтық түсіндіру сабақтары, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын, ар-намыс кодексінің талаптарын сақтаудың барысы туралы кеңестер, «дөңгелек үстелдер»  өткізілді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы насихаттауда ауданда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын талқылауға, ҚР-да салық кодексі талаптарын түсіндіру мақсатында өткізілген семинар жұмыстарына ауданның мемлекеттік қызметшілері қатысып, дәріс алды.   
Осы бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы біздің ауданда сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық фактілері кездескен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтың алдын алуда аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінде аудан көлемінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізілуде. Мониторингтің қортындысы облыс әкімдігіне беріледі.
Ауданның мемлекеттік органдарының өкілеттілігі туралы мәлімет «Қарқаралы» газетінде жарияланып, облыс  әкімінің веб сайтына енгізілді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығын және бекітілген мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында  аудан әкімінің аппараты, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, аудандық білім беру бөлімінде, аудандық жер қатынастары бөлімінде, аудандық медицина бірлестігінде, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және автомобильдік жолдары бөлімінде және ауданның қала, поселке, 25 селолық округ әкімдерінің аппараттарында  мемлекттік қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының енгізілуі - біріншіден, сыбайлас жемқорлық заң бұзушылыққа тосқауыл жасаудың бір түрі болып табылады әрі халықтың сапалы мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Стандартқа сай қызмет көрсету биылғы жылы да жалғастырылатын болады.
Ауданда мемлекеттік сатып алу конкурстары да заңға сәйкес ұйымдастырылуда. Аудан әкімдігінің отырыстарында мемлекттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру міндеті жүктелген орындаушыдан жеке жауапкершілігін арттыру, сатып алу конкурстарын сапалы өткізуді қамтамасыз ету, тиісті заңның ресімдерін қатан сақтау үнемі талап етіліп отырады. Нәтижесінде  бұл жұмыста заң бұзушылық фактісі болған жоқ. Осы мәселе бойынша айтатын жағдайдын бірі, 2010 жылы сатып алу жұмыстары толық электрондық жүйе арқылы өтетін болады. Сондықтан, биылғы жылдың екінші жартыжылдығында аудандағы мемлекеттік мекемелер барлық сатып алу жұмыстарын электрондық жүйе арқылы өткізуді сұраймыз.
Мемлекеттік коммуналдық меншіктің есепке алу, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың коммуналдық меншікті пайдалануда тиісті заңнаманы қолдану жұмысында аудандық қаржы бөлімінде коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі, бақылау актілері жасалып, ол жөнінде аудан әкімдігіне ақпараттар беріліп отырады.
Ауданда мемлекеттік тұрғын үйлерден үй бөлу мәселесі арнайы құрылған комиссия шешімімен жүзеге асырылып келеді. Аудан және қалалық әкімдікпен бірлесіп тұрғын үй сұраушылардың мәліметтер базасы жасалып, үнемі толықтырылып отырады. 
Жер бөлу мәселесі арнайы құрылған аудандық комиссияның шешімімен заңмен белгіленген тәртіпте іске асырылуда. Жер мәселесі жөнінде қала тұрғындарымен  үнемі кездесулер, түсіндірме жұмыстары өткізіліп тұрады. Аудандық жер қатынастары бөлімінде жер учаскелерін жаппай түгендеу жұмыстары жүргізіліп, жер учаскелерін алған азаматтардың толық тізбелері жасақталды. Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер учаскелерін бөлу жөнінде сауда-саттық жұмыстары ұйымдастырылуда.
Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласуды, сондай-ақ, коммерциялық құрылымдардың мүдделерін мемлекеттік қызметшілердің лоббирлеуін анықтау және жолын кесу жөнінде аудандық кәсіпкерлер бөлімінің, салық комитетінің мамандары кәсіпкерлер қауымымен кездесіп, «Барлық халық болып, парақорлық пен сыбайлас, жемқорлықтың тамырын шабайық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 
Ауданда тауар нарығы жұмысына талдау жүргізіп отыру,  инфляциялық процестерді тұрақтандыру бойынша ауданда кең ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Осы жұмыстарға жауапты  тиісті бөлім мамандары  комиссия құрып, сауда-саттық орындарда, базарларда тексеру рейдтерін жүргізіп, жеке кәсіпкерлермен келісіз сөздер жасасты. Бағаны тұрақтандыруда әр бөлімде мониторинг жасалып, қортынды ақпараттар беріліп тұрады. 
Сыбайлас жемқорлықпен күресу бағдарламасын орындау ауданның қала, поселке, селолық округ әкімдерімен, мекеме, кәсіпорын басшыларымен, «НұрОтан» халықтық-демократиялық партиясының аудандық филиалымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, өздерінізге белгілі 2009 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» N 793 Жарлығы шығарылған. Осы жарлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған және мемлекеттік қызметшіге қосымша міндеттер міндеттеліп отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қағидаларын түсіндіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, тұрғылықты халықты құқықтық оқыту мен тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарында да кеңінен насихатталып, тақырылып дәрістер, мақалалар жариялануда. Мысалы, аудандық «Қарқаралы» газетінде «Заң талаптарын орындау- әрбір Қазақстан азаматының міндеті», «Заңды және жеке тұлғалардың құқытары мен міндеттері», «Кәсіпкерлік қызметте заң талаптарын орындайық», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту басты міндет» тақырыптарында мақалалар жарияланды.
2009 жыл ішінде «НұрОтан» Халықтық Демократиялық партиясының  аудандық филиалымен бірлесіп Қарағанды облысының Жол полициясы басшыларының қатысумен Жол қауіпсіздігі ережесін насихаттау мәселесімен халықпен кездесу ұйымдастырылған. Сонымен қатар, «Жас Отан» аудандық жастар қанаты, аудандық ішкі саясат бөлімі, ішкі істер бөлімі, оқу орындары, мәдениет ошақтары, БАҚ өкілдерімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Құқық бұзушылық және жауапкершілік», «Біз және заң» атты дөңгелек үстелдер, баспасөз мәлімдемесін, тақырыптық кездесулер өткізілді. 
Мен сіздерге аудан бойынша 2006-2010 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының» орындалысы туралы хабарлама жасап шықтым. Екінші кезең 2009-2010 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізуде үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыруға, экономиканың одан әрі өсуіне және инвестициялық ахуалды жақсартуға жағдайлар жасауға бағытталған. Қазіргі уақытта бағдарламаның екінші кезеңін ойдағыдай іс жүзінде асыру мақсатында аудан бойынша барлық мемлекеттік мекемелердің іс-қимылын осыған шоғырландырып отырмыз.

 


Дата размещения: 20 Наурыз 2014 14:38 Дата редактирования: 18 Тамыз 2019 09:34
2018жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы Қарқаралы ауданының әкімі Сөйленген сөздер ҚР Президентінің ресми сайты

Ауа райы

Каркаралинск, Қазақстан

24°C малооблачно, Влажность 37%, Давление 716, ветер 5 м/с

Валюта бағамы

Каркаралинск, Қазақстан

USD/KZT 386.82
EUR/KZT 428.67
RUB/KZT 5.86
Хабарландырулар Мұрағат