Жаңалықтар

Өнер тұнған жастардың лебімен легі


29 Тамыз 2012 13:36

Ұлттық мәдениеттіміздің мақтанышы Қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театры гастрольдік сапармен келіп, “Қыз мұңы” атты драмалық спектаклін көрермен көпшілікке ұсынды. Зал толы көрермен қала тұрғындары ғана емес Қарқаралы ауданының алыс жақындағы елді мекендерінен де өнерді бағалап, оны сүйе білетін қауым жиналды. Исраил Сапарбайдың “Мәжнүн” драмасы бойынша Есмұхан Обаев пен Т.Аралбай қойған “Қыз мұңы” спектаклі 1986 жылы намысшыл қазақ жастарының желтоқсан желінің ызғарынан мұздаған жүректерінің тоңы әлі жіби қойған жоқ. Тәуелсіздігімізді алып, қоғамдық жүйе өзгерсе де жан жарасы жазылмаған Ғазиздің өткенімен бүгіні көз алдыда көрініс береді. Қызық қуған думаншыл топтың ішінен ерекшеленген қызды ұнатқан Ғазиз кешегі ”бұйрықты орындаушылармен” бетпе-бет келеді. Сырлы да мұңды әуендермен бірге Ғазиз бен Сағыныштың адамшылық болмыстары мен сезімдері көрерменге шеберлікпен көркем жеткізіледі. Сағынышты сомдаған Гүлнұр Шыңғысова мен Ғазиз роліндегі белгілі тележүргізуші театр актері таланты көпшілікке жақсы таныс, ҚР Жастар Одағы сыйлығының иегері Азамат Сатыбалды, генералды ойнаған Бақтияр Қожа да Қарқаралы жұртына етене таныс. Спектакль кейіпкерлерін шынайы орындап таланттылықтарын көрсеткен Ләззат Қалдыбекова, Талғат Сағынтаев, Алмас Шаяхметов, Еркебұлан Дайыров, Қуаныш Мамытқалиев, Наз Жекенова, Нұрлан Әбілев, Жасұлан Бейсенбеков сияқты шеттерінен дарынды, талантты әнші, биші актерлар тамаша ойын көрсетті. Спектакль соңынан сахнаға көтерілген аудан әкімі Х.Мақсұтов өнер көрсеткен театр ұжымына алғысын білдіріп ықылас гүлін ұсынды. Өнердің құдіретін бағалайтын көрермендердің, жай көрермен ғана емес, аталмыш театрдың жалпы қазақ ұлтының өнерімен мәдениетінің дамуына өздерінің өмірлік еңбек үлестерін қосқан Жүсіпбек, Қаллеки, бүгінде 97 жасқа келіп отырған Хабиба апамыздың, одан әрі Қасым, Нүркен, Тоқтардай, Мартбек, Мәди, Тәттімбет сынды қарқаралылық ғана емес бүткіл қазақтың тұлғасына айналған ұлылардың ұрпақтары отырғанын аудан әкімі шебер тілмен жеткізді. Сөз соңында “Шайтанкөлдің” көрінісі бейнеленген фото картинаны және жүрек-жарды лебіз жазылған алғыс хатты құрметпен театр директорының орынбасары Талғат Есеналиевпен, театрдың көркемдік жетекшісінің әдеби кеңесшісі Әлия Бөпежановаларға табыстады. Олар да өз тарапынан тілегімен алғысын білдірді. Спектакль басталғанға дейін біз сұхбаттасқан Әлия Бөпежанова, Талғат Қамқабайұлы, Бақтияр Қожа, Азамат Сатыбалды сынды өнер адамдары Қарқаралы жайлы тамаша ойларын ортаға салды. “Қарқаралының сыртынан қанық болып, естіп-біліп жүрсек те, өңірге келудің сәті міне, бүгін түсті. Өте қуаныштымыз. Хабиба апамыз біз Қарағандыға келгеннен бері телефон шалуда менің Қарқаралыма бардыңдарма ел-жұртпен қауыштыңдарма дегендей. Апамыз тегін мақтамайды екен, бүгін аудан әкімі Х.Мұқатайұлы бастаған ел азаматтары қалаға жетпей қарсы алып, құрмет көрсетті. Біз әртістер гастрольдік сапармен жиі жол үстінде жүреміз. Әр жерде әртүрлі дегендей. Бүгінгі қонақжайлық ниет пен пейіл өз ерекшелігімен есте қалатын болды. “Елін көріп, азаматын таны” демекші, осындай сәні мен мәні келіскен қасиетті тарихи өлкеден әлемге елге танымал адамдардың шығуы ол бұлжымас табиғат заңдылығы сияқты...деп тебіренеді. Бұдан соңғы әңгіме өнер, театр, әртістер жайлы өрбіді. “Киелі жердің сахнасының мысы басып толқып тұрмыз. Бұндай жердің халқы өнерді сүйе де біледі, оны талғай да таңдай да біледі. Сондықтан спектакль басталғанға дейін дайындықты тағы бір ширатып алайық”-деп сахнаға беттеген Бақтияр Қожа мен Азамат Сатыпалдыға сәттілік тілеп, ризашылық білдірдік. Өмірдің жақсы-жаманың тіршіліктің күрмеуі қиын түйткілдерін көрерменге қайыра көрсетіп, тура жолдың “бағдаршамындай” дұрыс жолды меңзейтін, “сегіз қырлы бір сырлы” театр әртістеріне қызыға қарадық. Рухани баюдың құпиялы көмбесіндей театр сияқты әрбір мәдени іс-шараны “шырақ алып, іздеп баратындай” деңгейге көтерілуіміздің қажеттілігін туындатып мойындатқан қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына оң сапар тіледік. Бану Даутанқызы. 


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-6°C пасмурно, Влажность 87%, Давление 719, ветер 2 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 383.95
EUR/KZT 429.26
RUB/KZT 6.16
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»