Время

Уақыты:

  • ttt
  • ttt

Жаңалықтар

Қарқаралы ауданында көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындығы пысықталды.


12 Ақпан 2020 17:12

Қарқаралы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сай, ағымдағы жылдың ақпан айының 12-ші жұлдызында Қарқаралы аудан әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысына  комиссия мүшелері, мекеме басшылары, қала, кент, ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Олар 2020 жылдың су тасқыны кезеңіне әзірлік туралы және ауданның құлақтандыру жүйелерін жаңарту мен орнату туралы.

Комиссия отырысындағы екі мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ш.Нүрсейтов баяндама жасады.

Қарқарал ауданында су тасқынынан алдын ала сақтану үшін дайындықты қазір бастау туралы шешім қабылданды. Көктемгі су басу қаупі кезінде арнайы бекітілген іс-шараларға сәйкес жұмыстар күнделікті қатаң бақылауға алынып, мерзімінде сапалы атқарылып, төтенше жағдайға жол бермеуге жұмыстар атқарылатын болады.

Аудандық  төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысында аудан әкімі Елдар Дүйсетаев  аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне тиісті мекеме басшыларына жоғарыда аталған мәселелер бойынша және бірқатар міндеттер жүктеп, тиісті тапсырмалар берді.


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-7°C пасмурно, Влажность 80%, Давление 724, ветер 8 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 377.19
EUR/KZT 408.99
RUB/KZT 5.93
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»