Жаңалықтар

Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Дулатбеков келді.


13 Қаңтар 2020 11:37

Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Дулатбеков келді. Алдымен бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарда болып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.                                                Қарқаралы қаласындағы Ә.Ермеков атындағы №2 орта мектебінде ұстаздар қауымымен кездесіп, білім саласындағы жаңалықтар жөнінде айтып берді. Жиын барысында қойылған оқытушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Осы мектептің оқушылармен кездесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген «Патриоттық сағатқа» қатысты. Шара соңында Нұрлан Орынбасарұлы мектеп кітапханасына жүз кітап тапсырып, кітапхана қорын жаңа рухани басылымдармен толықтырды.

 

Қарқаралы аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 


Вернуться назад

Эльдар Серікұлы Дүйсетаев Қарқаралы ауданының әкімі Выступления Официальный сайт Президента РК

Ауа райы

Каркаралинск, Казахстан

-4°C пасмурно, Влажность 85%, Давление 710, ветер 15 м/с

Курсы валют

Каркаралинск, Казахстан

USD/KZT 377.29
EUR/KZT 418.41
RUB/KZT 6.09
Анонсы Архив
© 2013 -2018 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
Разработка и поддержка сайта:Интернет компания «Creatida»